Газеттің алғашқы нөміріне Аманкелді Қаңтарбайұлы «Ағайынға арнау сөз» атты сүйіншілеген мақаласы мен газеттің екі құрылтайшысының, облыстық, аудандық газеттердің құттықтаулары, жерлес жазушы, белгілі қаламгер Қалмұқан Исабаевтың «Өткір бол, «Отарқа» атты құттықтау-батасы жарияланды. Иә, айтары жоқ, уақыт өте келе «Отарқаның» мән-мазмұны жақсара түсті. Бір атап өтерлігі, «Отарқа» облыстағы қазақ басылымдарының арасында алғашқылардың бірі болып, 1996 жылдан бастап компьютермен теріліп, беттеліп, офсеттік басылыммен шыға бастады. Мемлекеттік тілдің қанат жаюы, ата дәстүр, ата кәсіп, ұлттық руханият сынды тақырыптар бірінші кезекте қамтылды. Халқымыздың тарихына, тарихи тұлғаларға газетте көп орын беріліп, ұлттық мәселелердің жүзеге асуына айтарлықтай ықпал жасады. Мәселен, қала мен ауылдардағы кейбір орыс тіліндегі ауылдардың қазақша аталу қажеттігі туралы мәселе көтерілді.
Екібастұз қаласындағы Ермак көшесін Бұқар жырау атымен атауға, Қалинин көшесіне Естай Беркімбайұлы, К.Маркс көшесіне М.Әуезов, Киров көшесіне С.Торайғыров есімін беру туралы мәселе көтеріп, өз дегеніне жетті. Сондай-ақ, Екібастұз ауданындағы Степной ауылын Ә.Марғұлан деп атау туралы мәселе көтеріп, 2-3 жылдай газет бетінде жұртшылықтың хаттарын жариялап, ақыры сол атауларды елді-мекендерге бергізді. «Отарқада» тарихи тұлғалардың мерейтойларына байланысты арнайы беттер, арнайы нөмірлер ұйымдастыруды әдетке айналдырды. Мәселен, Абай мен Жамбылдың 150 жылдығына, Ә.Марғұланның 90 жылдығына, айқарма беттер, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 140 жылдығына, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаев, И.Байзақовтың 100 жылдығына арнайы нөмірлер арналды.
Соңғы аталған тұлғаларға арналған нөмірлер А-4 форматында түптеліп, 16-24 беттік болып, журнал есебінде шығарылды. Газеттің мұндай нөмірлері Екібастұз өңіріндегі оқырмандарға ғана емес, сонымен қатар көрпшілес аудандардағы тұрғындарға да әсер етті. Баянауыл, Ақтоғай аудандарына таратылды. Қаныш Сәтбаевқа арналған газет нөмірін ұлы ғалымның қыздары мен жиендері, туыстары жоғары бағалады. Әрине, қазіргідей интернет әлі кең жайылмаған, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары тапшы уақытта мұндай дүниелердің көзі қарақты оқырман үшін маңызы өте зор болғандығын айту керек. Міне, осындай игі істердің басы-қасында Аманкелді Қаңтарбайұлы болды. Барлығы да сол кісінің айтуымен, ұйымдастыруымен жүзеге асты.
«Отарқа» - ел Тәуелсіздігінің жаршысы болды, сол жылдарда. Әр нөмірдің бірінші беті Тәуелсіздік шежіресімен ашылды.
Сонымен қатар, газетте аудан мен қаланың экономикасы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсібіне қоса, «Имандылық», «Шежіре», «Әдебиет әлемінде», «Адам.Қоғам.Заң», аналар мен арулар үшін «Арай», «Алтын сандық», «Руханият», жастарға арналған «Жалын», «Спорт деген бір сиқыр...», балаларға арналған «Балдәурен» сынды айқарма беттер үнемі шығып тұрды. Бұл беттерде халықтық тәрбие мен педагогика, салт-дәстүр кеңінен насихатталды.
Сая Молдайып
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі