Өлең, жыр, ақындар

Хиросима және Нагасаки

1. Үлкен ядролық бұлт.

Әуеге көтеріле бастаған ядролық саңырауқұлақ.

Әуеге көтеріле бастаған ядролық саңрауқұлақ

Ядролық саңырауқұлақ – қуатты дүмпуден кейін пайда болатын, ядролық жарылыстың өнімі. Ол атомдық жарылыстың бір сипаттық көрінісі болып табылады.

Хиросима метеорологиялық обсерваториясы бірден жарылыстан кейін дымқыл қара бұлт жерден үлкейе түсіп және мың метрге жуықтайтын биіктікке қаланы жаба көтерілді деп, хабарлады. Шағылысқан радиация кеткен кезде, сұр түтін секілді осы бұлттар жарылыстан кейін бірден 5 минут ішінде, 8000 метр биіктікке дейін көтерілген.

«Энолы ГЭЙ» экипажының бір мүшесі (тікел. ауд. – шындығына келгенде, оқиға Роберт Льюис жайлы) ұшу журналына: «9:00 А.М. Бұлт зерттелінді. Биіктігі 12 мың метр және одан да жоғары». Алыстан бұлт саңырауқұлақ секілді көрінеді, жерден өсіп шыққандай, ақ түсті қалпағы бар және айналма шеттері қоңыр келген сарылау бұлт. Бұл түстердің барлығы араласып, қараға да аққа да, тіпті қызыл немесе сары деуге келмейтін түс құралды» - деп, жазады.

Нагасаки қаласында, Кояуги аралының әуе қорғаныс күштері шебінде, қаланың оңтүстігіне қарай 8 шақырымдық жерде, бірден көз қарықтырар жарылыстан кейін үлкен отты шар қаланың үстін жапқандығын бақылаған. Қара түтін көтерілген жарылыс ортасының айналасынан, жарылыс толқынының шеңбері таралып жатты. Жалынды бұл шеңберлер жерге бірден жете қоймады. Шағылысқан жарықтар бәсеңдегенде, қалада қара түнек орнады. Отты шеңбердің ортасынан біртіндеп көтерілген түтін 3-4 секундттың ішінде 8 мың метр биіктікке жетті.

Осыдан кейін, түтін 8 мың метр биіктікке жеткенде ол ақырындап көтеріле бастады және 12 мың метрге 30 секунттың арасында жетіп үлгерді. Артынша түтіннің бірсыпыра бөлігі аздап түссізденіп, бұлт арасына сіңіп кетті.

2. Күл болып өртенген Хиросима.

Хиросимада шыққан тауарлар ауыр өнеркәсіптік Хиросима префектурасының құрылысында қойылып және көрмеге шығарыла бомбалық жарылысқа дейін тұрған. Эпицентр осы ғимараттың үстінде орналасқандықтан толқын соққысы құрылыстың төбесінен төне құлайды. Жарылыстан кейін тек күмбездің базасы және ұстағыш қабырғалары төтеп берген. Кейінірек бұл ғимарат атом бомбасының символдық бейнесіне және бүкіл әлемдегі адамдарға ескерту ретінде, өз көрінісімен: «Хиросима енді болмасын!» деп, үндеді. Жылдар жылжып ақты және мемлекет қираған жаңбыр мен желдің әсерінен күрт нашарлады. Әлеуметтік қозғалыстарда ескерткіштің сақталуы насихатталынды және Хиросима қаласын ауызға алмағанның өзінде, бүкіл Жапония бойынша қаржы жинала бастады. Нығайған жұмыс 1967 жылғы тамыз айында аяқталды.

Фотосуреттегі ғимаратпен бірге орналасқан көпір – Мотясу көпірі. Қазірде ол Бейбітшілік саябағының құрамдас бөлігі.

3.  Жер бетіндегі тозақ құрбандары.

1945 жылғы 6 тамыз. Бұл Хиросимадағы қайғылы оқиға бейнеленген 6 суреттің бірі. Аса құнды бұл суреттер бомбалаудан кейін 3 сағат өткенде түсірілген.

Қаланың орталығын жалындаған өрт шарпиды. Хиросимадағы ең ұзын көпірлердің бірінің екі ұшы, қайтыс болған және жарақаттанған денелермен қапталды. Олардың көпшілігі Хиросиманың Дайичи орта мектеп оқушылары мен ақылы бөлімдегі әйелдер мектебі болатын және жарылыс орын алған сәтте олар ештеңеден қорғанбай қоқыс үйінділерден тазартуға қатысты.

Жаңалықтар фототілшісі Матсушиге мырза 1945 жылдың 6 тамыздағы "Hiroshima Tokuho" өз сезімін негізге ала былай деп жазды: «...Миюки көпірінің батыс бөлігінде орналасқан Сенда аудандық полиция бөлімшесінің алдында алғашқы жәрдем көрсетуге тырысқан полицейлер жаралар мен күйіктерді  таңғанымен жарақаттанушылардың саны есепсіз арта түсті. Мен бұларды суретке түсіру керек деген шешімге келіп әуелден камерамды дайындай бастадым және обьективтен қарағанымдағы сол суреттер жан түршігерлік қорқынышты еді. Жүздеген қайғылы оқиғаға тап болғандар арасында қатты күйік шалғандығы сондай олардың ер әлде әйел екендігін ажыратып айтуға келмейді, «Ыстық! Ыстық!» деп айғайлап жатқан балалар және оранған күйде қайтыс болған немесе алған жарақатынан көз жұмар халдегі анасының құшағында ораулы жылаған жарақатты сәбилер болды. Мен бар күшімді жинап батылырақ бола түстім және тіпті  кейбііреулер мені қатігез немесе тасбауыр санаса да бұл менің жұмысым, менің міндетім екендігіне іштей өзімді үгіттедім. Ақыр соңында суретке тарту тетігін басқанымда көз алдыма суреттер қайта келе бастады, олар ендігіде менің көз жасымнан су шайған және бұлыңғыр болды».

Хиросимадағы атом бомбасынан кейін 7-8 күнге дейін газет беттерінде болған оқиға жөнінде еш репортаж болмады. Тек 1980 жылдың 6 тамызында жарылыстан кейін «Hiroshima Tokuho» журналында жарылыс ошағында болған үш фотокорреспонденттің оқиға орынында көрген сұмдықтары мен алған әсерлері негізінде мақала жарияланды.

4. Жарылыс толқынынан жер бетіне суырылып қалған 300 жылдық камфора ағашы.

Кокутайджи қорығының маңайында үлкен камфора ағашы өскен. Оның жасы 300 жылдан асады және оны ескерткіш ретінде құрметтейтін. Шаршап өткен жолаушыларға оның тәжі мен жапырақтары қапырық күндері көлеңке берсе, ал оның тамырлары 300 метрге жуық өскіндеп, әр бағытқа таралған. Алайда, шаршы метрге 19 тонна күшпен құлаған жойқын соққы толқыны оны жерден суырып тастады. Дәл сондай жарылыс толқынынан жүздеген мазарлар қирап, зират арасына шашылған.

Суреттің оң жақ бұрышындағы ақ ғимарат – Жапония банкінің филиалы. Ол темір-бетон және тас қалау арқылы салынғандықтан төтеп берген, бірақ тек қабырғалары қалған. Ішінің бәрін өрт жалмаған.

5. Жарылыс толқынынан жиырылған ғимарат.

Бұл осы күнге дейін өте қызба болып жатқан Хиросиманың «Hondora» лақабымен аталған негізгі іскерлік көшесінде орналасқан сағат дүкені  болды. Барлық өткіншілер өз уақытын қарап тексеру үшін дүкеннің жоғарғы бөлігі сағат мұнарасы ретінде әзірленген. Жарылыс қиратпайынша осылай тұрды.

Суретте көрсетілгендей бұл – бірінші қабат пен екінші қабаты. Осы қос қабатты құрылыс өз құрылымымен сіріңке қорабын еске салады, бірінші қабатында бағандар көтергіші болмағандықтан жарылыс жауып қалған. Осылайша, екінші қабат бірінші қабат болды және бүкіл құрылыс соққы толқынының өтуіне қарай қисайған.

Хиросимада негізінен жарылыс ошағына жақын орналасқан темір бетоннан құйылған ғимараттар өте көп болды. Зерттеулерге сәйкес, осы берік құрылымдар жарылыс ошағынан кем дегенде тек 500 метр қашықтықта орналасқан жағдайда ғана жойылуға тиіс еді. Жер сілкініске төзімді ғимараттар жойылмайды, бірақ ішінен өрт шалады. Алайда, сағат дүкенінде орын алғандай 500 метр радиус артта орналасқан  көптеген үйлер де қайткенмен қираған.

6. Жарылыс ошағы маңайындағы қиранды.

Жарылыс ошағына жақын тоғысқан Мацуяма өткелінің айналасында бар тілегі жарылыстан қашу болған адамдар соңғы қозғалыс-әрекетімен тірідей жанып кетті. Өртенетіннің барлығы отқа оранды. Төбелердің жабыны оттан сызат алып, барлық жерде бытырап шашылып жатты, ал әуе-рейттік баспаналар бұғатталған және ішінара өртеніп немесе қиыршық тас астында үйіліп қалған. Көріністің барлығы сөзсіз қайғылы жағдайдан хабар берді.

Mацуяма көпіріндегі жағдай Нагасаки жазбаларында төмендегідей сипатталды: «Үлкен отты шар тікелей Mацуяма ауданының аспанда пайда болды. Көз қарықтырар жарқылмен қатар толқын соққысы және жылулық сәулесі келіп бірден айналасының бәрін жайпап, жойып жіберді. Жалын үйінділер астында көмекке шақырып, ыңылдап немесе жылағандардың барлығын тірідей өртеп жіберді. Өрт барлығын жалмап жоқ қылғанда, түрлі-түсті әлемнің сыртқы бейнесінің алдына өңсіз үлкен кеңістік келді, соған қарамастан бұл жер бетіндегі ақыр заман екендігі жөнінде қорытындыға келуге болатын еді. Күл, қоқыс, жанып кеткен ағаштардың қадалары – барлығы жантүршігерлік осы суретте көрініс тапты. Қала қатып қалғандай. Көпірдің үстінде, жарылыс ошағының дәл қасында болған барлық азаматтар, жарылыстан қорғайтын баспаналардағы балаларды қоспағанда қас қағымда барлығы қаза тапты».

7. Жарылыстан қираған Ураками соборы.

Ядролық жарылыстан кейін құлаған собор өзімен бірге тағдыр айдап дұға жасауға келгендердің барлығын жер астына көмді. Ұзынқұлақта собор қатты қирап, қараңғы түскенше жан түршігерлік гүріл мен гуіл шығара жойылғандығы айтылады. Сондай-ақ, кейбір дерек көздерінде жарылыс кезінде соборда шамамен 1400 сенушілер болған және олардың 850 қаза тапқандар.

Собордың көп бөлігінде безендірілген әулиелер мүсіндері қиыршық тас топыраққа айналған.

Бақытты Леди және Ионна Богослова: Суретте жылу сәулелері бар екі мүсін тұрған сыртқы қабырғаның түгелдей өртелетін оңтүстік бөлігін көрсетеді.

1885 жылы Жапонияның ауылдарында әлі христиандық келмеген, тіпті ЭҚА кезеңдерінде (1603-1867 жж.) христиандыққа тыйым салған шақтарда сенімдерін сақтап қалған тұстан бастау алған Ураками соборының құрылысына 30 жыл өтті. Құрылыс тас және кірпіштерді қолдана отырып, рим үлгісінде тұрғызылған. Собор тұрғынының ауданы 1162 шаршы метр, мұнара биіктігі – 26 м. Собор 1959 жылы қайта қалпына келтірілді.

8. Толқын соққысы қиратқан фабрика.

Жұмсақ материалдардан жасалғандықтан, зауыттың болат құрылымдары сынып немесе қисайып кеткен. Жеткілікті беріктігі бар бетон құрылымы жай бұзылды. Бұл соққы толқынының қаншалықты күшті болғанының дәлелі болса керек. Шамамен, бұл зауыт қабырғасы бір шаршы метрге 10 тонна қысымдық көрсететін, секундына 200 метр соққы берген жел күшіне төтеген. Жарылысқа дейін зауытта машиналар мен үлкен көлемдегі крандардың саны көп болды. Кәсіпорындағы жұмысшылардың көпшілігі жарылыстан қаза тапты. 9 тамызда жазылған дерекке сәйкес зауытқа 1721 адам келген. Олардың 1019 адам қаза тапқан және де 149 елеулі жарақат алған. Қайтыс болғандардың пайызы 68% құрайды.

Ғайыптан өз өмірін сақтап қалған қызметкерлердің бірі жарылыс болған кезде жолдастарымен тұрғанын айтқан. Әріптесі бірер секунттың ішінде толқын соққысынан құлаған үлкен кранға қарс айырылып тіл тартпай кеткен. Бұл адам шошырлық көрініс пен жан түршігерлік суретте оның басы талқандалып және ақтарылып кеткен асқазанынан ішектері шығып жатты. Суреттер ең көп зардап шеккен орында түсірілген.

9.  Жарылыстан қираған Широямдық бастауыш мектебі.

Широямдық бастауыш мектебі – бұл жарылыс ошағына жақын маңайда орналасқан бастауыш мектеп. Темір бетоннан салынған Нагасаки, тау төбесіне орналасқан және айналасы көрікті орманмен қоршалған тамаша мектеп еді. Широяма орталығы тыныш та, жақсы аудан болатын, алайда бұл тамаша орынды жарылыс бір демде қиыршық тас пен қоқысқа айналдырды.

1945 жылғы сәуір айларының жазбаларына сәйкес мектепте 32 сынып, 1500 оқушы мен 37 мұғалім және өзге де қызметкерлер болған. Бомбалаған күні оқушылар үйлерінде жатқан. Мектепте тек 32 адам (мұғалімдердің бірінің бір баласын қоса есепке алғанда), Гакуто Хококутайдан (Gakuto Hokokutai) 44 студент және Мицубиси Хейки Сейсакушодан (Mitsubishi Heiki Seisakusho) 75 қызметкер болған. Барлығы 151 адам.

Осы 151 адамның 52-і жылу сәулелері мен жойқын жарылыс толқынынан алғашқы бірнеше секунд ішінде қаза тапты, және оның 79-ы кейінірек алған жарақатынан көз жұмды. Барлығы 131 құрбан болса, бұл тек ғимараттың ішіндегілердің жалпы санының 89% ғана. Үйінде болған 1500 оқушының шамамен 1400 қайтыс болды.

10. Толқын сәулесінен теріге түскен киім құрылымының ізі.

Қатты ыстық толқын сәулесінен күйік алған әйелдің арқасы.

Толқын сәулесінен теріде өртенген киімдер құрылымы Қатты ыстық толқын сәулесінен күйік алған әйел арқасы

Бұл екі әйелдің жарылыс ошағынан қанша қашықтықта болғаны белгісіз. Сол жақ фотосурет Хиросиманың оңтүстік бөлігінде орналасқан әскери ауруханада түсірілген, ал оң жақ сурет Бокс әскери карантин жүргізілген Ниношима аралында түскен.

Сол жақтағы сурет шамадан тыс жылу сәулелерінен салдарынан теріге басылған киім үлгілерінің қараңғы бөлігін көрсетеді. Киім өртенісімен теріде күйіктің ізі қалады, сондай-ақ бұл теріге күйіп қалдырғандықтан, қайталама күйік деп аталады.

Оң жақтағы фотосуреттегң күйікке қарағанда әйел жарылыс ошағынан кемінде 2 шақырым қашықтықтағы орында болған. Әр түрлі күйік сипаты деп көруге болатын күйік шалған тері бөлігі таңылған. Осылайша, иығын күйдірген толқын сәулелерінің бұрыштары әр түрлі. Сол жақ иығын күйік көп шалған және түсі де қошқылдау, ал беліне жақын оң жақ иығының күйігі аса қатты емес және олардың түсі ашық болып келген.

Ниношима аралына көшірілген оң жақ суреттегі әйел оңтүстікке қарай 4 км қашықтықта орналасқан Юджин портында түсірілген, оның жағалауының ұзындығы 14 км қашықтықты құрайды. Бұл аралда бірнеше нысандар болған, солардың қатарына әскери карантинде кірді. Бұл нысандар алғашқы медициналық көмек көрсетумен айналысты және олар осы аралға қайықпен әкелінген ядролық жарылыстың шамамен 10000-ға жуық құрбандары қамтылған. Дәл осы жерде 2000-нан астам адам ақтық демін шығарған.

11. Жарылыс ошағынан 1,6 шақырым қашықтықта болған адам денесіндегі келоидті тыртық.

Бұл суреттің нақты қай күні түсірілгені белгісіз. Алайда, құжаттарға сәйкес бұл 1945 жылдың қазан айы, ал емделуші 17-де. Артында иыққа асар бау сөмке болғандықтан, күйік арқасын жартылай шалған, бірақ арқасының өзге бөлігі секілді өтте күшті емес. Сондай-ақ, келоидті тыртық екі қолына да пайда болған.

Тыртықтың түсу себебі соңына дейін анықталмаған, дегенмен сәуле мен радиацияны ұштастыра отырып мүмкін құпиясын табуға болар. 200 оқиғаны қамтитын бақылау жазбаларға сәйкес, біз шамамен тыртықтың тері бетіне қалай пайда болғанын көруге болады:

1945 жыл, желтоқсан – жаңадан көріне бастау, қызару, терінің тырысуы.

1946 жыл, мамыр – көріне бастағандар анық байқалады, қатты қызарған, терінің шамадан тыс тырысуы.

1946 жыл, шілде – қызарғандар күлгін түске енді, тері жиырылуы жалғасуда, бірақ әжімделіп барады.

1946 жыл, қазан – жеңіл тыртықтар тегістелуде, қызыл реңк басымдық танытқан, терінің тартылуы азаюда.

1947 жыл, қаңтар – күшті келоидтық әжімдер мен қатпарлар көбеюде, күлгін-көк қыртыстар да бар.

12. Тас баспалдақтарда қатты жылу сәулесі қалдырған адам көлеңкесі. Тұтқадан қалған көлеңке.

Көріп тұрғандарыңыздай, жоғарыдағы суреттегі баспалдақтар жарылыс ошағынан 250 метр қашықтықта орналасқан Сумитомо банктің (Sumitomo Bank) негізгі кіре берісі. Бәлкім, бұл кісі банктің ашылуын күтіп, жарылыс ошағына бетін қарата баспалдақта отырған. Жылулығы 1000 немесе тіптен, 2000 градус температурадағы жарқылдаған жарықтан адам көлеңкесін қалдыра тірідей өртеніп кеткен.

Жарылыстан кейін 10 жыл өткенде барып көлеңкелер мүлдем жоғалып кеткен, алайда жаңбыр жауғанда біртіндеп байқала бастайды. Банкті қайта жөндеуден өткізген кезде барып, баспалдақтар Хиросима бейбітшілік мемориалдық мұражайына тапсырылды.

Төмендегі сурет жарылыс ошағынан 800 метрге жуық қашықтықтан жылу сәулесі қалдырған көлеңке көрсетілген.

Қорғалмаған тасжол жанып кеткен және мұнда темір жол мен бағандардың көлеңкелері қалған. Ядролық жарылысқа тән жылу сәулелену ерекшелігі сол, оның дүмпуден кейін 3 секунд аралығында шамадан тыс жылулықты өте қысқа мерзімде бөліп шығарады. Ауа бірден қызады, себебі оның жылу өткізгіштігі арта түскендіктен жылуын тіптен жоғалтпайды. Жарылыс ошағынан 1 км радиуста төбенің жабын шатыры балқып, көбіктенген жағдайлары болған.

13. Барлық денесі радиациялық күйікке ұшыраған бала.

Бұл баланың денесінің 1/3 бөлігінен көп жерін радиациялық күйік шалған. Оның кеуде тұсы мен ішінің сол жақ бөлігі қатты күйген. Алайда ол аман қалып, 3 жыл және 7 айдан кейін ауруханадан шыққан. Қазірде ол екі баланың әкесі. Ғажайып түрде аман қалған ол, сол күнгі оқиғаларды есіне алғанда: «Сол күні мен Сумиеши (Sumiyoushi) ауданының (бұл жарылыс ошағынан 2 шақырым жерде) көшесінде велосипед теуіп бара жатқанмын. Мен 16 жаста едім және осымен екінші жыл жеделхат тасушы болып жұмыс істеп жүрген кезім болатын. Қатты жарқылдан соқыр болдым және менің оң жақ бүйірімнен соққан толқын күші өзімді үш метр қашықтыққа лақтырып тастады, ал велосипедім қисайып, майысқан. 300 метр қашықтықта орналасқан жарылыстан қорғайтын баспанаға жеткенше мен ауырсынуды сезбедім, тіпті денемнің жарақат алмауы біртүрлі жағдай еді. Сол жерге жеткенімде арқам мен барлық денеме толқын болып таралған қатты ауырсынуды сездім. Үш күн өткенге шейін ауырған жерімді айтумен болдым, тек төртінші күні алғашқы медициналық көмек көрсету станциясына жіберілдім.

Алғашында мені кейбір дәрілерді алмастыратын күл, май және дәрі-дәрмек қоспасымен емдеді. Шыдатпай ауырғандықтан қаншама рет айғайлап, мені өлтірсін деп жалынған сәттерім белгісіз.

Осыдан кейін бірнеше одаларды бастан кешкен мен ажал ауызынан қалып, жұмысқа қайта оралдым және қалған өмірімді ядролық қаруға қарсы соғысқа арнаймын деген шешімге келдім».

14. Өртенген бала мүрдесі.

Ивакана (Iwakana) ауданында жұмылдырылған оқушылар қатарындағы бұл бала, кеудесінде айқасқан жалын бардай күйдегі қолымен тірідей өртеніп кеткен.

700 метр қашықтықта орналасқан жарылыстан ол ешбір жолмен қорғанбаған. Сол күндері, 7-ші және 8-ші сынып оқушылары әскери жабдықтау жұмыс мақсатында қорғаныс компаниялар үшін жұмылдырылды. Балалардың іс жүзінде оқуға ешқандай мүмкіндігі болған жоқ. Ураками (Urakami) ауданындағы бірнеше зауыттар болған, солардың қатарында Mитцубиси (Mitsubishi) оқ-дәрі зауытына да біршама оқушылар жұмылдырылды. Жұмылдырылғандар арасында қаза тапқандар саны белгісіз.

Оқушы қайтыс Ураками ауданында зардап шеккендер мен қираулар жөнінде жазбалар бар. Онда былай делінген: «Жарылыстан кейін біршама ғимараттар қирады. Ағаштардың бұталары мен өзге де сынықтары жерде шашылып жатты және кейбір жерлерде олар тау болып үйіліп қалған. Көшеде тірі жан қалмады. Үлкен үйіндінің астында қалған адамдар, көмекке шақырып жалынып жатты. Кереметпен аман қалған пенделер айдалаға безіп кетті. Қала көз түрткісіз қараңғылыққа батты. Айнала жақсы көріне бастаған кезде, қираған үйлер лаулауда еді. Қала ыңыл, түтін, от пен көмекке шақырған теңіздей айғай-шуға айналды».

15. Толқын соққысынан адамдарымен қоса кеткен трамвай.

Нагасаки қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан Ураками (Urakami) аймағы тыныш та, жайлы тұрғын аудан болды. Бірақ, уақыт өте келе бұл жерде Қытай-жапон соғысы басталып кеткенде бірінен соң бірі оқ-дәрі өндіру бойынша зауыт салу басталып кетті.

Бұл суретте трамвай толқын соққысынан аялдамадан қирағаны көрсетілген. Трамвайдан жолаушылардың мүрделерін жел тас қабырғаға ұшырған. Көпшілігі арнайы қарауыл жасағының екінші полк әскерлері болды және олардың қорғаныс ұстанымы болып табылатын муниципалды ақылы мектепке бара жатты.

Трамвай 230 метр қашықтықта болған жарылыстан қирағаны сондай, оның бұрын қандай мөлшерде және көлемде болғандығын еске салатын ештеңесі қалмаған. Трамвайдың жоғары және артқы бөлігіне түскен алпауыт толқын соққысы қысымымен жайпап кеткен. Жолаушылар мен сарбаздар бір демде ең жоғары температура мен толқын соққысынан қаза табады.

Артынша жолдың бұл бөлігі, Ұлттық тасжолынан Бейбітшілік саябағына дейін трамвай жолы болды және Ұлттық темір жолдан Ұлттық тасжолға дейін онымен қатар келді. Соғыстан кейін бұл аялдамалар еш пайдаланылмады. Суретте көрсетілген орын қазірде көліктұрағы болып табылады және оған қарай апаратын жол жарылыс құрбаны болған қос мемориалға апарады.

16. Тері астының қанталауы. Сәулеленуден түзілген катаракта.

Жоғарыдағы суретте 21 жастағы сарбаз көрсетілген. Жарылыс кезінде ол жарылыс ошағынан бір километр қашықтықта орналасқан ағаш үйде болған. Оның үйде болғанына орай ауыр күйік шалмаған. Оған алғашқы көмек көрсетілді. Қалай болғанда да оның медициналық тарихы мынадай:

18 тамыз – шаш жоғалту қазірдің өзінде байқалады.

19 тамыз – суреттегідей тістері қанталап, тері астының қанталауынан қызылдар пайда бола бастаған.

30 тамыз – әскери аурухананың Юджин филиалында жатқызу (Ujina Branch of the Army Hospital).

31 тамыз – қызбасы көтерілді

1 қыркүйек – тонзиллит пайда болды және емделуші тамағының ауырсынуына байланысты тамақтан қағылды.Тісінің қанталауы тоқтар емес, ал тері асты қан кетуі ұлғаюда және тек бетіне ғана емес денесінің жоғары бөлігіне жайылды.

2 қыркүйек – есі кіресілі-шығасылы халде, сандырақтай бастады.

3 қыркүйек –  9:30-да ажал ауызы жақындады...

Бұл фотосурет қайтыс болар алдында 2 сағат бұрын АҚШ әскері хирург бұйрығымен шығарғанға дейін түсірілген. Бұл жауынгердің ауру белгілері өте қатты ядролық сәулеленудің қалыпты түріне тән.

Төмен жақтағы сурет ядролық жарылыстан қаза тапқандар арасындағы оқушының көзінен радиациялық катаракта алғандығын көрсетеді. Көз қарашығының орталығы  айтарлықтай бұлыңғырырақ. Тек сол кезде ғана катарактаның тек сәулелену әсерінен жануарларда пайда болатындығын білген. Бірақ адамдарда катарактаның болуы тек Хиросима мен Нагасакиде болған жарылыстан кейін дамыды.

1957 жылдан бастап, 4 жыл аралығында Хиросимадағы медициналық жазбаларға сәйкес катарактамен ауырған 128 жағдай тіркелген. Оның 38,3%  «ядролық бастама» немесе соған деген күдік бар. Статистикалық деректерде науқастардың 70% жарылыс ошағыныңан бір километр жерде, ал қалған 30% радиустан екі километр қашықтықта болған.

Кейбір «ядролық катаракта» жарылыстан бірнеше ай өткеннен кейін пайда бола бастаған, ал кейбірі тіптен бірнеше жыл өткенде барып көрінген. Тек 1970 жылы, жарылыстан кейін 25 жыл өткенде барып емделушіге осы жағдайына қарай оған «сәулеге ұшырау» диагностикасы қойылды. Науқас 1971 жылдың тамызында Денсаулық сақтау және Жапония үкіметінің халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өзінің ядролық атом бомбасының құрбаны ретінде тіркеу жөнінде өтініш жазды. Алайда, «оның өтініші бойынша емдеу негізсіз» болғандықтан оның өтініші қаралмады. Науқас 1971 жылдың тамыз айында екінші рет, қараша айында үшінші рет өтінішін қайта жазды. Екінші өтінішін «уақытында болмағандықтан» (уақыты өткен) жазбағанын алға тартып қабылдамаған. Үшінші мәрте оған «өтініштегі ұсыныс қаралу кезеңінде» деген желеумен қабылдаудан бас тартқан. Сол кезде науқастың 1973 жылы, Денсаулық сақтау және қорғау министрлігіне сотқа шағымданудан басқа амалы қалмады. Үш жыл сотқа қатынасқан науқастың өтініші 1976 жылы шілде айында оң шешімін тапты.

17. Күшті радиациялық әсерден шашсыз қалған қыз.

Бұл 11-жасар қыз жарылыс ошағынан екі шақырым қашықтықта орналасқан ағаш үйдің екінші қабатында болған. Ол бөлмеде болғандықтан ешқандай күйік жараларын алмаған, бірақ 2 апта өткеннен кейін шаштары түсе бастаған. Оның тамаққа деген тәбеті жоғалып, тістері қанап, қызуы көтерілген. Осы сурет түсірілген уақыт оның сәл дұрысталған шағы.

Шаштың түсуі – бұл өте қатты радиациялық сәулеленуге ұшырағанның белгісі. Ол тек сәулеленудің бесінші-оныншы апталарында басталады. Бірақ шаштың қатты түсуі үшінші-төртінші апталардан-ақ басталып кетеді. Үлкен көлемдегі сәулелену қабылдағаннан кейін бірнеше күннен соң қатты қызуы көтерілуде температура 40 градусқа дейін жеткен. Көптеген адамдар бұл жағдайдан қаза тапқан.

Тіпті радиустан бір шақырым қашықтықтың өзінде күйік немесе ауыр жарақат алмағандардың шаштары түсіп, қызуы көтеріліп, қан кеткен. Олардың көпшілігі 7 күн арасында көз жұмған.

18. Хиросима аяқталған жоқ.

Бұл тозақтан қашып құтыла алған кейбір қалалықтар, Хиросима маңына көшірілді және қоғамдық ғимараттарда орналасқан алғашқы медициналық көмек көрсету станцияларынан пана тапты. Бірақ бұл олардың көңіліне уақытша медет ұялатты. Босқындардың бірінен соң бірі көз жұмды. Крематорийлерде қайтыс болған адамдарды игере алмады және адамдар жаппай жерленетін жерге көмілді.

Жарылыстан кейінгі 7 жыл өткенде, яғни 1952 жылғы шілдеде жарылыс ошағынан 8-9 шақырым жерде орналасқан Сака (Saka) маңайының 5 жерінен 252 адам мүрдесі табылған болатын. Бірінші қазбада 156 мүрдені тауыпқан болса, өзге де жерлеу орындарында 36 мүрденің қалдықтары табылған. Бұған қоса сол жылдары мектеп құрылысының тасын қалау кезінде 43 құрбанның денесі табылды. Сондай-ақ, Юджин (Kanawajima Island of Ujina) аймағындағы Канаваджим аралынан тағы да 29 мүрде табылған.

1971 жылдың күзінде, жарылыстан кейін 20 жыл өткенде, мыңдаған адам қаза тапқан Ниношима аралында орналасқан Ниношима жоғары мектебінің (Ninoshima Junior High School on Ninoshima Island) маңайынан кездейсоқ адам мүрдесінің қалдықтары ұшырасты. Ядролық жарылыстан қаза тапқан құрбандар болғандықтан, бірден қазба жұмыстарын бастау туралы шешім қабылданды. Бір ай көлемінде 617 адамның мүрдесі табылған.

Арада қаншама жыл өтсе де табылған ядролық жарылыс құрбандарының мүрделері әлі күнге күн санап өсуде. Хиросима мен Нагасаки қаласының маңайында аудан толы құрбандар жерленген орындар бар.

19. Өмір мен өлім.

Жарылыс ошағы болған Нагасаки ауданында жарылыстан кейінгі күні ешнәрсе қалмаған, барлығы түгі қалмай өртенген. Нагасаки префектурасы туралы есеп «Әуе қорғаныс күштері мен жою, авиациялық туындаған рейдтерде» былай дейді: «Ғимараттар негізінен барлығы дерлік өртеніп кеткен. Аймақтың түгелге жуығы күлге айналып, алапат қырғынға ұшыраған».

Ешнәрсеге қатыссыз үйілген қоқыс пен күн ұзақ көмірі бықсыған маңайда тұрған мына қыз не іздейді? Үстіндегі киіміне қарағанда оқушыға ұқсайды. Қараса көргісіз болып қираған мына жерден ол өзінің үйінің қай маңайда орналасқанын таба алмай тұрған секілді. Оның көзі алысқа қадалған. Тозған, азапталған және шаршаған.

Оның аяғының астында өртенген мәйіт жатыр, алайда ол оған мән де бермейді. Қыздың аяғының астында жатқан адам денесі берік қымталған киімде отқа оранған және қас қағым сәтте өртенген  оның еркек немесе әйел екендігін анықтау мүмкін емес. Мүмкін бұл адамның қайтыс болар алдында ауырсынудан жан айқайы шықса керек.

Ажал ауызынан ғажайыптан сытыла алған бұл қыз қартайғанынша сау қалпында өмір сүрген немесе алған радиоактив әсерінен азап көруде.

Бұл суретте өмір мен өлім сызығының арасы айқан да анық көрінген. Мұндай суреттерді Нагасакидің әр қадам басқан жерінен көруге болады.

20. Ядролық қаруға жол жоқ! Әлемге бейбітшілік орнасын!

Бұл Хиросима мен Нагасакиде 6 мен 9 тамыз аралығында жүргізілген әлемдік мемориалдық рәсімнің суреттері. Хиросимада 1952 жылы 6 тамызда Мемориалдық Кенотаф (шын мәнісінде қол жетімсіз жағдайда салынып жатқан қабірде табытқа ұқсас жерлеу ескерткішіне мәйіт қойылмай қайтыс болған адамның күлін жерлеген) ашылды. Бұл тас табыттың ішінде орналастырылған ескі балшықтан үйі болды. Оған жазылған дақпырт сөздер: «Қайталанбас қателіктер үшін жаның жай тапсын!» толып қалды. Төменде ядролық жарылыстан қайтыс болғандардың тізімі, және Хиросима тұрғындары «kako-chо» немесе «өлі тізімі» деп аталып кеткен тізімде құрбандарын аттары жыл сайын  қосылып тұрды. 1980 жылдың тамызында өлілер саны шамамен 98685 адамды құрады. Бұл аталған 200000 сүргін құрбандаран кем, бірақ Хиросимада ядролық жарылыстан қайтыс болғандардың көпшілігі Нагасакиде орын алған жағдайдағыдай олардың жартысынан астамының жерленген орыны анықталған жоқ.

Бейбітшілік мүсіні бүкіл Жапониядан жиналған қайырымдылық қорымен 1950 жылы аяқталды. Суретте 35 рәсімді көрсетеді. Монументтің идеялық мазмұны ашуда алдына гүл шоқтарын қойып, күнге қарай қанат қаққан көгершін нышандағы бейне болды. Олар қайтыс болған жандардың жанын жай таптырып, жүрекке жұбаныш сыйлайтын мәңгілік бейбiт өмірдің қайраушы нышаны болды.

Ядролық қару – бұл жай ғана жаппай қырып-жою қаруы немесе үлкен бомба емес. Бұл қару барлық тіршілікті жоюшы! Олар тек соғыс пен айырылуды ғана бастан кешпегендігін Хиросима мен Нагасаки тәжірибесі көрсетті. Бұл ұлттың жойылуына, адамдардың қырылуына, қоршаған ортаның қаңырап бос қалуына әкеледі. Бұл Жердегі тіршілікті жоюдың алғашқы қадамы болды.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 1980 жылы қуаттағыштардың әлемдік жалпы саны шамамен 40000-50000 болды, 1 млн бомбаға баламалы болып табылатын Хиросимаға тасталған.

Бұл жарылғыштар саны қысқа мерзімде жер бетіндегі барлық тіршілікті құртуға жеткілікті болар еді деп болжайды. Ол бүкіл адамзаттың тағдырын шешуге жеткілікті болар еді. Бұл өмір мен жаппай жоюдың арасындағы таңдау.

Бізге ол ұнаса да, ұнамаса да біз қорқынышты ядролық әлемде өмір сүрудеміз. Өзімізді және адамзаттың барлығын қорғағымыз келсе біз ядролық қарудан бас тартып, оған тыйым салу қажет. Ал, Жапония мемлекеті бейбітшілік қозғалысының «алдыңғы шебінде» болып табылады.

Ядролық қарудың таралуына қарсы алғашқы қозғалысы 1950 жылы «Стокгольмдік апелляциясымен» қатар пайда болды. Сол жылдың маусым айында қылаң берген корей соғысында ядролық қаруды пайдалану қауіпі туғанда, әлемдік қоғамдастық тарапынан іске «Стокгольм апелляциясында» қаралып және жиналғандардың 500 миллионнан астамы қол қойған. Сутегі бомбасы Бикини Атолл (Bikini Atoll) 1954 жылы 1 наурызда сыналған кезде, жапон балық аулау кемесі «Fukuryu Maru No.5» «Күл қалдырмай қыру» қамтылған, және кеме командасының мүшесі Aйкичи Kубояма мырза (Mr. Aikichi Kuboyama) радиациядан қаза тапты.

Бұл Жапонияның маңайында жүргізілетін ядролық қару сынақтарына қарсы тыйым салуға қол қоюшылар жиналып, туындаған қозғалыстың бастамасы болатын. Жыл бойында 30 миллион қолтаңба жиналды. Өктем күшке ие осы хат 1955 жылы тамыз айында жүргізілген ядролық қаруға қарсы Бірінші дүниежүзілік конференциясының өтер уақытында жіберілді.

Ядролық қарудың таралуына қарсы қозғалыстың басында ҮЕҰ, әлемнің 2/3 өкілдері бас қосты. БҰҰ Жарғысының 71-бабына себеп болған ұйымдастыруда ядролық қару қызу талқыланып, 1977 жылы Токиода Хиросима мен Нагасаки құрбандарына арналған ядролық қару құрбандарына арналған мемориалдық ескеткішінің Халықаралық форумына 30-жыл толуында қаралды, 1978 ақпан Қарусыздану жөніндегі халықаралық конференциясында ядролық қаруды жаппай айыптады.

Өзге де бір маңызды оқиғаның бірі – бұл 1978 жылғы 23 мамырдан 1 шілде аралығында өткізілген Қарусыздану жөніндегі БҰҰ-ның арнайы сессиясы болды.  Бұл сессия 1976 жылдың күзінде  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған әлемнің үшінші елдердің бірлескен ұсынысының нәтижесі болды. Кейбір маңызды қаулылар ядролық қаруды қоса алғанда, толық қарусыздану кілті жасалды. Қарусыздану 35 комитеті ядролық және ядролық емес мемлекеттерге аралас түрде өтті. Сондай-ақ, 24 қазандағы аптада әр мемлекет қарудан бас тартуға «айқын қарусыздандыру» тиіс болды және аптада көлемі «Халықаралық қарусыздану апталығы» болып жарияланды.

Сол жылдың күзінде 33 БҰҰ Бас Ассамблеясында арнайы талаптар әзірленді:

- Ядролық қаруды қолдану БҰҰ Жарғысына қайшы болып табылады.

- Ядролық қарусыз елдерді қорғау саласы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталуы тиіс.

- Ядролық қарудың өздігінен ядролық қаруы жоқ елдерде орналасуы мүмкін емес.

- Ядролық сынақтарға тыйым салу.

- Ядролық жарылыстан қалған сынақ өнімдерін зерттеу қажет.

Бұл талаптар тәжірибеде сақталған жоқ. Сондықтан, қоғамдық пікірді жандандыру бүкіл әлемге қажет. Осылайша 1982 жылы БҰҰ екінші декларацияға қол жеткізді және жалғасын тапқан үлкен қолданысқа ие болды.

Адам қолымен жасалған кесапат қару, өз даналығымен қайта жойылу қажет еді. Баршамыз сенімімізді нығайтып және өзіміз нені істеу қажет, қайсыны жасамау керектігін анықтауымыз қажет. Баршасын әлемнің өркендеуі мен бейбіт тұрмыс кешу үшін ядролық қаруға тиым салып, күш қосқан жөн.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз