Өлең, жыр, ақындар

Қазақ елінің ел болу ұяты - біздің мойнымызда

Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ елі. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде,  кеңшілігі керемет, дарқан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам аз Отаным жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Тәуелсіздіктің жарқын жиырма екінші таңын атырып, еңсені ел атандық. Кемеңгер көшбасшы – Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде алдымыздан шыққан сын сағаттардан сүрінбей өтіп, әлеммен санасатын дәрежеге жеттік. Тәуелсіз Қазақстан көп ұлтты, кең байтақ жері бар, жерінің асты – үсті толған байлыққа ие. Осынай алып та алуан түрлі ұлт, дін өкілдерінің басын бір шаңырақтың астында біріктіріп, оларды келешекке нық сеніммен бастай білу әрбір басшының тағдырына жазыла бермесі анық.

Экономикалық әл – ауқаты тұрақты, өзге елдермен иық тіресе алатын дәрежеге жетіп келе жатқан еліміздің жеңісі мен жемісі – әлем назарында.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдаулары жемісті жетістіктерге қол жеткізудің алғышарттары еді десем қателеспеймін.

«XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін», - деп атап көрсеткен Елбасымыз «Қазақстан - 2050» стратегиясын Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын халыққа ұсынады.

2030 жылғы жоспарланған қыруар шаруаларды аз ғана уақыттың ішінде еңсеруіміз – біздің еліміздің даму қарқыны мен қажыр – қайратының зор екендігін көрсетеді.

Елбасының 2050 жылға дейін ауқымды жоспарларды белгілеп, ол үшін басты бағыттарды айқындап беруі – қазақстандықтардың бақытты болашағының кепілі.

Жолдауда елдің әлеуметтік саласын, білім беру мен денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінгендігін көреміз. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласын арттыруға қыруар серпілісті жоспарлар ұсынылды. Көптен бері айтылып келе жатқан 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшу мәселесі Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылмақ.

Бүгінгі таңда қазақ тілінің қолдану аясын дамыту жөніндегі кешенді шаруаларды жүзеге асырып, тіл – Қазақстан халқын біріктіруші құрал болу керектігін нақтылап және қазақ тілін дамытуды алдымен өзімізден бастауымыз керектігі жүктелуде. Жолдау әрбір тұлғалы жауапкершілікке шақырып, үлкен нәтижелі бастамаларға бағыттайды. Елбасы болашағына сенімді азаматтың мақсаты анық елде ғана толыққанды мемлекет құрылатынына сенім білдірді.

Арайлап таңым асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім , күй тартты елім.

Қол жетті міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің! – дегендей

Жолдау – осы жолда бағыт беруші құжат секілді. Осынау кезең – кезеңгі бөлінген стратегияның болашақ іске асырушысы екендігімді мақтаныш етемін. 2050 жылдарға қарай біздің халқымыз әлемдегі ең мықты елдердің бірі  - көк байрақты қуатты қазақ елінде өмір сүретін болады. Ұлттар бірлігін қамтамасыз ете отырып Елбасы өз халқына, ұлтына зор сенім жүктеледі. Ол: «Мемлекетіміздің діңгегі – Қазақ халқы. Ел де, жерде қазақтікі. Ел болудың ұяты біздің жұрттың мойнында», дейді.

Елбасының ел дамуыныңм көкжиегін айқындап берген бағдаршам іспеттес стратегиясына өзім қолдау білдіре отырып, оның жүзеге асуына барлық күш – жігерімді сарп етуге дайынмын. Өйткені біздер жас ұрпақ үшін елдегі тұрақтылық, татулық, беріктігі аса қымбат. Халқы тату – тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. «Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады» - демекші Қазақстан біздің Отанымыз.  Мыңғыртып мал өсіріп, миллиардтап дән өсірген, қойнауы құт, қабаты кенді бай өлке. Менің бақ қонған құт мекенімде, татулық пен бейбітшілік мәңгі орнап бай қуатты болатынына сенімдімін!

Жаса!  Мәңгі Қазақ елі!

Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Сапарбаева Айжан Маханбетжанқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз