Тақырыбы: «Жыл басы – Наурыз»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан, бесік, сандық толы құрақ көрпе т. б.
Мейрам өтетін зал салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар.
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Ата - әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді).
Ата: Оу, халайық, қалайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.
Әже: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
Әже (Амина) Наурыз көжені сапырып тұрып тақпағын айтып береді.
Наурыз қыз: Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Жүргізуші: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Тақпақтар:
Қ.Жансая Наурыз келді алақай,
Кел, билейік балақай.
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
Мадина Наурыз тойы – елдің тойы,
Көктем тойы – төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы,
Жақсы көрем Наурыз тойын.
Бекарыс Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Т.Мөлдір Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ гүлденді.
Бақшадағы апайлар,
Тойға әзірленіп үлгерді.
Ән: «Әжеме» әні.
Музыка ойналып, залға қонаққа Әже немересі мен келінін ертіп келеді.
Әже шашу шашады.
Әже: Ал, құрметті қонақтар, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Осы Наурыз тойын тойламақ боп, немерем мен келінімді ертіп келдім. Бүгін ұлыстың ұлы күнінде немерем жасқа толып тұсауын кесемін. Менің немеремнің тұсау кесер рәсіміне қатысыңыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі