Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздікке тарту...

Тәуелсіздіктің ширек ғасыры республика көлемінде аталып өтіліп жатыр. Жер-жерде болып жатқан іс-шаралар өте көп. Осындай іс-шаралар Аманкелді ауданына қарасты Амантоғай ауылында да өз жалғасын тапты.

«25 жұлдызды күн» деп аталатын бағдарлама бойынша барлық мектеп ұжымы шығармашылық жұмыстар жүргізуде. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты елдің тарихын, мәдениетін насихаттап, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру болып отыр. Сонымен қатар тағы бір мақсат тәуелсіздік жолындағы күрескерлердің ерлігін дәріптеу, олардың бойындағы асыл қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіру. Аталмыш іс-шараға ұстаздар мен оқушылар, сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндер де белсене атсалысты. 25 күннің әр күнінде өзекті деген тақырыптар қозғалып, оқушылар мен ұстаздарға таныстырылып отырды. Қазақстан Республикасының 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін атқарылған істері мен атаулы оқиғалары осы бағдарламаның әр шығарылымында жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар елбасының атқарған ерен еңбектері де назардан тыс қалған жоқ.

Ауылдық мәдениет үйі әр баланың бойынан табылатын дарынды шыңдау мақсатында көркемсурет байқауын ұйымдастырды. Сонымен қатар ақындар мен көркемсөз оқу шеберлері де өз өнерлерін ортаға салды. Ауыл қарттары да егемендігіміздің ширек ғасырына арналған концерттік бағдарламасын халық назарына ұсынды. 

Ауылдың ақ халатты абзал жандарынан құрылған ұжым да мерекеге орай ауылдық ауруханада «ашық есік» күндерін ұйымдастырды. Осы шаралардың барлығын да Амантоғай ауылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайды. Егемендігіміз баянды болғай! Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыры құтты болсын!

Мұрат Наржан Дәулетұлы
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі 11-сынып оқушысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз