Өлең, жыр, ақындар

Күніне 2 жұмыртқа тұтынғанда денеңізде болатын 9 өзгеріс

Тауық жұмыртқасының пайдалы қасиеттері күмән тудыратын. Бұған осы бойда өнімнің өздік құрамының бірегейлігі дәлелденді.

Bilim-Аll.kz жұмыртқаның адам ағзасына пайдалы жақтары жөніндегі соңғы зерттеу қорытындыларын жинақтады. 2-3 жұмыртқа – бұл оңтайлы күнделікті мөлшерлеме екендігі анықталды.

 

Сіздің миыңыз холиннің қорғауында

© depositphotos

Ми жасушаларының дұрыс қарым-қатынасын қамтамасыз ететін фосфолипидтер холиннен тұрады. Клиникалық дәлелденгендей, дәл осы дәрумен мидың маңызды құрылыс материалы болып табылады. Күніне 2 тауық жұмыртқасын тұтынғанда, ағза қоректік заттардың жеткілікті мөлшерін алады. Холиннің жетіспеушілігі есте сақтау қабілетінің төмендеуіне алып келеді.

 

Лютеин арқасында көз көруі сақталады

© depositphotos

Жаңа зерттеулер көрсеткендей, тауық жұмыртқасы лютеиннің көп мөлшерін қамтиды. Бұл зат көздің айқын, әрі өткір көруіне жауапты. Оның тапшылығынан көз жасушаларында құртушы өзгерістер жинақталады және көздің көруі қайтымсыз түрде нашарлайды.

 

D дәрумені кальцидің сіңуіне көмектеседі

© depositphotos

Егер адамға: бір қасық балық майынан ішу немесе асылған жұмыртқа жеудің қайсысын таңдау ұсынылса, басым көпшілігі екіншісін таңдауды жөн санайды. Әсіресе, егер екі жағдайда да D дәруменінің құрамы бірдей екенін білсе. Бұдан да бөлек, ғалымдар тауыққа арнайы қоспалармен жем беру арқылы олардың жұмыртқасындағы дәрумен көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туатындығы жайлы шешім шығарды. D дәрумені кальцидің жақсы сіңуіне және адамның сүйегі мен тістерін қатайтуға көмектеседі.

 

B дәруменінің кешені тері, шаш және бауырды қорғайды

Биотин, витамин В12, сондай-ақ қоректік сіңімді протеин шашты және теріні нығайтуға көмектеседі. Тауық жұмыртқасында қамтылған фосфолипидтер, бауырдағы уытты заттарды жоюға ықпал етеді.

 

Жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін азайтады

© depositphotos

Алдыңғы пікірлерге қарамастан, жаңа ғылыми-зерттеулерде жұмыртқадағы холестерин фосфатидтермен теңесетіндігі дәлелденген, сондықтан да адам үшін зиянды емес. Ол ағзадағы холестериннің өздігінен өндірілуін баяулатады. Cондай-ақ, жұмыртқада жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін азайтып, триглицерид мөлшерін төмендететін омега-3 қышқылы бар.

 

Сіз біртіндеп арықтайыз

Американдық ғалымдар төменгі калориялы диетамен, таңертеңгі асқа жұмыртқаны бірге қолдану азуды екі есе жылдамдататындығы жөнінде қорытындыға келді. Мұндай таңғы ас бір күнде тұтынатын тағам көлемін азайтуға мүмкіндік беріп, ұзақ мерзімге тоқтықты сақтайды.

 

Онкологиялық аурулар қаупі төмендейді

Миға осынша қажетті холин, сондай-ақ, қатерлі ісік ықтималдығын да азайтады. Зерттеу қорытындысы бойынша, жеткіншек шақтарында күнделікті тағамға жұмыртқа тұтынғанған әйелдер арасында, 18%-ға сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупі төмендеген.

 

Балалы болуды жоспарлаған кезде пайдалы

B дәрумендер тобы, сондай-ақ жыныстық гормондарды қалыптастыруға қатысады. В9 дәрумені – «Фолий қышқылы» аталатын өзге де атауға ие. Оның көмегімен, қызыл қан жасушалары түзіліп, ұрықтың жүйке түтікшесі қалыптасады, баланың кешеуілдеген ақыл-ой психикалық даму қаупін азайтады. 1 тауық жұмыртқасында дәруменнің 7,0 мкг мөлшері бар.

 

Қартаю үдерісі баяулайды

Бұл жөнінде Нидерланд ғалымдарының зерттеулері дәлел болады. 35-тен 40 жас аралығындағы 87% әйелдерде пигмент дақтар жоғалып, тері тартылған, ал еркектердегі көз айналасындағы ұсақ секпілдер айтарлықтай тегістелген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (22)

Мөлдір

Қызық мақала екен

шахноза

оте қызықты əрі керек мағлұмат

Раушан

Осындай пайдалы кенестер кобирек жарияланса екен

Молдир

Керемет екен

Марат

Тамақтану мəдениетін де жазсаңыздар екен

Асия

керемет пайдалы кеңестер үшін рахмет

Айдана

Керемет, осындай пайдалы мағлұматтар көп болса екен

Myrza

таңғы ас үшін әрқашан 2 жұмыртқаны жеу керек

Райса

мен жумыртқа жемеуші едім енді жеитін болам коп пайдасы бар екен

Бижамал

Мен жумыртқаның пайдасы туралы көп мәлімет алдым,рахмет!

Рауза

Жұмыртқаны пісіріп жеу керек пе, әлде қуырып па?

Назира

Бұл ғылыми дәлелденген бе? Аланың берген нығметтерінің бәрі пайдалы. Әрине, нормада жесең жақсы, ал артық жеген әрқашанда у. Екі жұмыртқаны бірден жеу керек пе, әлде азан мен кеш пе? Рахмет! Мәліметтеріңізге көп-көп рахмет!

Назира

Рахмет мәліметтеріңізге!

Ұлтуар

Өте керемет

Ұлтуар

Керемет

Ержан

Рауза жумыртканы шикидеи иш, сонда пайдасы коп.

Kazy

Өте керемет мен жұмыртқа жемеушы едім бір жылы қызылордада далада газ құбырында шикі іштім бірақ ауырдым. Артынан жазылып кеттім жақсы болып кеттім

Салтанат Талиева Женисовна

Адам ағзасына өте пайдалы екен. Ендеше осындай пайдалы кеңес бергеніңізге рахмет.

Ку

Кушты екен рахмет

Карла

Жұмыртқаны асып жеген пайдалырақ деп тұр. Қазіргі таңда қандайда бір асты шикідей ішуге болмайтынын мамандар айтуда. Əсіресе қазіргі жаман індетке байланысты.

Айдарбеков Диас

Өте пайдалы

Nur

Көп рахмет, пайдалы мәлімет екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз