Өлең, жыр, ақындар

Соңғы қоңырауға дейін байып үлгерген 7 оқушы

Мектеп қабырғасында жүріп іскерлік танытып, алғашқы миллионға қол жеткізген жасөспірімдер жайында.

Басқалар байқамағанды көре білу жетістікке жетудің негізгі кілті.

Роберт Кийосаки

 

Кристиан Оуэнс

Қашан: 16 жасында‑ақ алғашқы миллиондарына қол жеткізген.

Қалай: Branchr атты консультативитік интернет‑жобасын құрды.

Марк Цукербергтің даңқы мектеп командасының спортшыларынан бастап, басқа да оқушыларға өз алдына жаңа айқын мақсат қоюына ықпал етті: миды іске қосып, үлкен табысқа кенелу. Британдық оқушы Кристиан Оуэнс бастауыш сыныпта оқитын кезінде‑ақ компьютер алдына жайғасып үлгерді: ол 7 жасында веб‑парақшаларды жасаумен белсенді айналысты. Кристиан 14 жасында эппл қосымшасының сатылым топтамасы принциптерінің бастамасын жеңілдікпен ала отырып, өзінің алғашқы бизнес жобасын таныстырды, сөйтіп одан түскен табыстан оны әзірлеушілермен қатар 700 000 фунт алып отырды. Ол 16 жасында қосымшалардың сатылым принциптерін одан әрі жақсарта түсіп, VoteBundle аталатын өзінің тағы бір жобасын әзірледі. Ал, кейінірек Branchr атты «батырманы басқаныңыз үшін төлеу» сызбанұсқасы бойынша жұмыс жасайтын, жарнамалық сайтын жасап шығарды, осылайша ол екі жылда өзінің алғашқы миллион долларларына қол жеткізді.

Өз сөзі:

«Менің мақсатым – әлемдік интернет индустриясы мен мобильдік жарнамада көшбасшы болу. Мен 10 жылдан кейін қайда жұмыс жасайтынымды білмеймін, бірақ Branchr-дің капиталы 100 миллион фунт стерлингке жеткенге шейін, оны әзірге тастап қоймайтынымды нақты айта аламын».

 

Андрей Терновский

Қашан: алғаш 17 жасындa 10 000 $-ға қол жеткізген.

Қалай: Chatroulette атты құпия қарым‑қатынас және танысуға арналған сайт жасады.

Андрей 9-сыныпта оқитын кезінде оқуға деген қызығушылығының болмауынан әрі сабаққа үлгерімі нашар болуының салдарынан оның оқудан шығарылу қаупі төніп тұрды. Ол күндіз‑түні өз уақытын компьютер алдында өткізгісі келді. Нәтижесінде, екі тәулік ішінде ол чат‑рулетка сайтының «шикі» нұсқасын жасап шығарды, онда виртуалды сұхбаттасушы серігіңізді кездейсоқ жағдайда таңдауыңызға болады. Сайттың атауына «орыс рулеткасында» ойнауға мәжбүрлеген, Вьетнамдағы әскери тұтқындар жөніндегі «Бұғы аңшылығы» әскери драмасы оны шабыттандыра түсті. Аталмыш сайтты шығарғаннан кейін онда күнделікті кірушілер саны бірден артып, шамамен 500-ге жетсе, ал бір айдан соң шамамен 50 мыңнан асып түсті. Бастапқы кезде сайт қолданушыларын арттыру үшін интернет‑жарнамалар мен онлайн‑таныстық сілтемелерін қолданды. Кейінірек бұл қызмет түрі «You have 0 friends» сериясымен «Южный парк»‑те жарық көрді.

Өз сөзі:

«Мен нашар бизнесменмін, мен монетизациялаудан гөрі, бұдан да танымал қызмет түрін жасап шығарғым келеді».

 

Фрейзер Доэрти

Қашан: 16 жасындa Waitrose супермаркеті желісімен тосап жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойып, көп ұзамай фирма кірісі 1 000 000 $-дан асып түсті.

Қалай: Тосап өндірісінде оған қант қоспай, тек жеміс‑жидектермен дайындаудың технологиясын жасап шығарды.

Бұл оқиға біздің аяғымыздың астында жатқан мүмкіндіктерді қаншалықты шебер пайдалана отырып, оны іске асыра білу жөнінде өрбімек. 14 жасар эдинбурждық әжесінің рецепті бойынша джем жасауға қызықты. Жергілікті тұрғындар сынаманы бір‑екі реттік татып көруінен соң,  «қолдан жасалған» тосапқа тоқтаусыз өтініш білдірушілердің саны арта түсіп, Фрейзер жеке тапсырыстар ала бастады. Оның бұл бастамасы Super Jam деген атауға ие болды, ал бұл бизнестің жас қожайыны мектепте білім алу немесе өз ісін ақырына дейін жалғастырудың арасында соңғы таңдауын жасады. Оған мектеп куәлігін алу талаптарынан бас тарту кедергі жасай қойған жоқ, көп ұзамай екі жылдың төңірегінде Waitrose супермаркеті желісімен және басқа да бірнеше желілермен келісімшартқа отыру мүмкіндігіне ие болды. Фрейзер Super Jam-ді ұлғайтумен қатар қайырымдылық жобаларына, атап айтқанда The Super Jam Tea Parties‑ке қолдау көрсетіп отырды. Аталмыш шараның еріктілері жалғыз басты қарттарға шәй беру кешін ұйымдастырумен айналысады.

Өз сөзі:

«Мені алғаш корпоративтік жиналысқа шақырған кезде, өзімнен шамамен бір жарым есе үлкен болған әкемнің костюмін киіп барғанмын».

 

Ник Д'Алозио

Қашан: 16 жасында 30 000 000 $ табыс тапты.

Қалай: iPhone қолданушыларына арналған оның жарнамалық контентін өңдейтін қосымшасын жасап шығарды да, кейін оны Yahoo компаниясына сатып жіберді.

Ник мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде‑ақ Yahoo компаниясымен мәмілеге келіп үлгерді, алайда компания көп ұзамай сатып алынған жобаны жапты. Ник беделді жекеменшік мектептердің бірінде оқыған және бұл ретте сабағын да ұмыт қалдырмай бағдарламалау мен бейне ойындарды әзірлеуге де жеткілікті уақытын арнай білген. Никтің аталмыш соңғы шұғылданған істері, оның стандартты агентпен берілген ақпаратты өз бетімен өңдейтін және сол ақпаратты тұтынушыға шағын әрі деректердің мазмұнды мәліметі ретінде ұсынатын бірегей іздеу қосымшаларын жасау туралы ойға итермеледі. Никтің жасы 15‑ке толған шағында оның Trimit атты алғашқы қосымшаларының бірі App Store-ға енгізілді. Кейінірек Никтің жобасы Гонконгтік венчурлік инвесторлардың назарын аударды, ал келісімшарт бағасы – 300 мың долларды құрады.

Өз сөзі:

«Жасанды интеллект көмегімен ақпаратты іріктеудің ауқымды қызметі жарыққа шығады. Адамдар парадигмасын өзгертіп, барлық жұмысты роботтар атқаратын болады».

 

Райан Росс

Қашан: 3 жасында өзінің жеке ісін ашып, тоғыз жасында өзінің алғаш миллионына қол жеткізген.

Қалай: өзінің жеке кішігірім тауық фермасынан жұмыртқа сатып, кейін жылжымайтын мүлік саласында инвестициялаумен айналысқан.

Райан Росс алғашқы кәсібін ауласының артында ата‑анасы бағып отырған құс жұмыртқасын сатумен бастады, Райан 12 жұмыртқаны 3 доллардан сатты. Бұл жерде баланың жеке өз талпынысы ма, әлде ата‑анасының ықпалы ма, оны тұжырымдау қиынырақ. Жоғарыдағы деректерді ескере отырып, тауық жұмыртқасы сауда‑саттығымен айналысу – жоғары табысты кішігірім бизнестің бірі екендігінің дәлелін көрсетеді. Кішкентай оқушы‑миллионердің өміріндегі келесі кезеңдердің бірі 20 долларға көгалдарды қырқумен айналысу болды: Райан оның тек 5 долларын алды, ал барлық жұмысты оның аға‑серіктестері қалған 15 долларға атқарды. Райан көгалдарды 20 доллар ақыға қырқудан, әрі қарай 200 долларға (оның 100 долары өз пайдасына, ал 100 доллары – жалдамалы жұмыскерлерге) көгалдарды суару қызметін көрсетуге ауысты. Райан жиналған қаражатын жылжымайтын мүлікке инвестициялады. Ғимараттарды, кейінірек хоккей кортын, баскетбол алаңы және хоккей құрамасын сатып алу жөніндегі барлық келісімсөздерді Райанның ата‑анасы жүргізді.

Өз сөзі:

«Анам маған табыстың: 80%‑ын бизнесімді дамытуға, 10%‑ын қайырымдылық қорына, ал қалған 10%‑ын өзіме жұмсауыма үйретті. Мен бұл қағиданы «80-10-10» деп атаймын».

 

Кэмерон Джонсон

Қашан: 12 жасында еBay‑да ойыншықтар сатумен алғашқы 50 000 $ табыс тапқан.

Қалай: 9 жасында фотошоппен ашық хаттар мен шақыру қағаздарын жасап, 12 жасында көтерме бағамен сатып алынған ойыншықтарды қайтадан сатумен айналысты, 13 жасында My EZ Mail электронды хаттар тарату қызметін шығарса, 15 жасында енгізілген жарнамаларды сатумен айналысатын Surfingprizes.com атты жобасын шығарды.

9 жасар Кэмеронның фотошоп көмегімен құттықтау хаттарын шығаруда аса жолы болды. Ол тіпті өзінің ашық хаттар мен құттықтау хаттарын шығаратын Cheers and Tears атты шағын компаниясын да ойластырып қойды. Кэмерон 12 жасында көтерме бағамен ойыншықтарды сатып алып, кейін оларды eBay‑да сатумен айналысқан және осыдан 1 жылға жетпей 50 мың доллар табыс тапқан. Кэмеронның келесі қадамы құпия хаттарды шығару бойынша интернет‑сервисін іске қосты. Кэмерон 15 жасында достары мен қатарластарының қатысуымен желілерде классикалық «пирамида» құруды белсене қолға алды. Кэмерон мектеп бітірерден біраз уақыт бұрын алғашқы миллиондарын иеленіп, осыдан кейін ол қоғамдық қайраткер атанды. Опра Уинфридің шоуы, түрлі тілдерге аударылған бірнеше кітаптар, жобаны миллиондарға сату, БАҚ‑на сұхбат беру, ақша мен атақтан бөлек Вирджиния штаты тұрғындарының көрнекті жастары арасындағы ондықтан көрінуге, американдық көрнекті жастардың рейтингіне ілінуге септігін тигізді.

Өз сөзі:

«Мен 15 жасымда ай сайын үш жүз, төрт жүз мың доллардың чегі жазылған соманы алып тұрдым».

 

Павел Курбацкий

Қашан: грант ұтып алу арқылы шамамен 500 мың рубль (2 900 000 тг) табысқа ие болды.

Қалай: Intel Award, Siemens Science Award гранттары, президенттік шәкіртақы тағайындалды. Павел 14 жасынан бастап жас өнертапқыштарға арналған бүкілресейлік байқаулардың жеңімпазы атанды, ал 18 жасында ол бірнеше халықаралық сыйлықтарға ие болды. Ол «Болашақтың ғалымы» атағын иеленіп, сонымен қатар АҚШ‑тағы колледждердің біріне оқуға аттануға ұсыныс алды.

Павел бірден миллиондарға қол жеткізе қоймағанмен, ол үлкен табысқа гранттарды ұтып алу арқылы кенелді. Армавир мектептерінің бірінде оқушы болған 18 жасар Павелдің өнертабысы бірнеше батыстық ірі компаниялардың сауда‑саттық құралына айналды. Жан‑жақты GPS-навигаторлы қолға ұстағыш таяқ иесіне жолда кездесетін әртүрлі деңгейдегі кедергілер жөнінде хабарлап отырады. Ол жарқылдағыш шамшырақпен жабдықталған, сондай‑ақ айналаңыздағы температура көрсеткішін анықтап, егер Цельсий бойынша 5 градустан төмендеп кетсе оны ескертіп отырады.

Павел өнертабысының гуманитарлық бағыты өте қарапайым түсіндіріледі: ол армавирлік жасөспірімдер мен еріктілер бірлестігінің мүшесі болып, уақытының басым бөлігін көзі нашар көретін және нашар еститін балалармен өткізумен болды. Паша 14 жасында Бауман атындағы МГТУ‑ті көрмесінде өзінің сол уақыттағы жаңа өнертабысының бірі – электронды термометрді ұсынумен жеңімпаз атанды. Шын мәнінде, бұл құрылғы зағип және нашар көретін жандарға арналған көпфункционалды таяқшалардың прототипі болып табылды. Павел қазіргі таңда Бауман атындағы МГТУ‑нің биомедициналық техника факультетінде білімін ұштауда және де әрі қарай өз ісімен айналысуды жалғастыра бермек.

Өз сөзі:

«Мен ешқашан қол қусырып отырмаймын. Мен өз алдыма міндет қойып, ештеңеге қарамастан оның шешімін таба алатынымды білемін».


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Арман Ағай

Мен мектепте сабақ беремін, балаларға керек дүние екен

Мейрамгүл

Арман Ағай, тек балаларға емес әрбәр ата анаға керек!!!! Өскелең ұрпақты ойлаған әрбір адамға қажет!

Дәурен

Қазақтың да байларын көбейту керек! Осылай жастайынан. Әлемге ықпал ететін мықты тұлғаларды тәрбиелеп шығару керек. Атақты, ықпалды, білімді адамдарды көбейту керек. Сонда нағыз егемендік болады. Еврейлер супер байлары өте көп, әлем билеп отыр. Бізде көбейтуіміз керек.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз