Өлең, жыр, ақындар

Арпа жармасы

Арпа жармасы деп арнайы тәсілмен өңделген, тегістеу процесінен бірнеше рет өткен арпа дәнін айтады. Қатқыл қабығынан тазарған арпа – бұл  ортасында қара сызығы бар орташа өлшемдегі ашық сұр түсті дән. Піскенннен кейін жағымды дәмге және аздап жаңғақтың хош иісіне ұқсайды. Қайнатып пісіргеннен кейін де арпа өз консистенциясын жоғалтпай, езіліп кетпейді. 100 грамм өнімде 320 ккал энергия бар.

Арпа жармасының құрамында жасұнық, аминқышқылдары, көбіне коллаген түзуге қажетті лизин, В, А, Д, Е, Н және РР дәрумендер тобы, сонымен қатар адамның ағзасына қажетті калий, кальций, цинк, селен, мыс, марганец, темір, йод, хром, фтор, молибден, кобалт, никель, фосфор сияқты минералды заттардан тұрады.

Арпа жармасының ерекшелігі оның аллергиялық реакцияларды бейтараптандыру немесе оларды мүлде жоғалту қабілетіне ие. Сонымен бірге, тері ауруын емдеуге болатын арпаның антибактериалды қасиеті бар.

Арпа ботқасы іш қатумен жақсы күреседі, ішектің жиырылуын жақсартады, шлак пен токсинді заттарды шығарады.

Арпаның пайдалы қасиеттерінен бөлек жағымсыз да тұстары бар. Ол асқазан-ішек жолдары ауыратын адамдарға қарсы көрсетілген, себебі ішекте жел жиналуын арттырады және құрамында глютеннің мөлшері көп болғандықтан құрсақтағы нәрестенің дамуына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан жүкті әйелдерге қолдануға кеңес берілмейді.

Арпа жармасын алатын кезде дәндердің түсіне қарау керек. Ақ пен сарыға дейінгі түстерді таңдауға болады, бірақ ешбір жағдайда қара түстісін алмаңыз. Жарманың құрамына назар салыңыз, қандай да бір қоспа болмауы тиіс. Арпа жармасын құрғақ, жақсы желдетілетін бөлмеде, ал бәрінен де картон қорапта немесе металл контейнерде 6-10 айдай сақтауға болады. Егер арпа жармасының  көгерген немесе ашыған иісі болса, оны мүлдем пайдалануға болмайды.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз