Садықбек аға, өзіңді сағынад көзі көргендер,
Көрмесе де сөзіңнен маржан тергендер.
Сатираның сарбазы соңыңыздан ергендер,
Бүгінгі сұр мергендер.
Удай еді тіліңіз,
Әйтсе де бір мініңіз-
Парақорларға жақпаушы ең.
Жатып- ішер жалқауды,
Ашық ауыз аңқауды,
Ұры менен қарыны,
Жерді сызған қарыны
Жемқорларды қақтаушы ең.
Шыңғыртып сатира отына,
Салушы ең ардың сотына.
Олар да қарап қалмайтын,
Жағаңызды қармайтын,
Сақалыңызды талдайтын,
Жаныңызды алмайтын,
Кезеніп мылтық атпайтын.
«Бір сабап бер»,- деп бұзықты
Жоқ еді дәстүр жалдайтын.
Есесіне есті алып,
Найза тілін түйрейтін,
Соттан сотқа сүйрейтін.
Бір сиқырың бар еді,
Отқа салса күймейтін,
Суға салса батпайтын.
Сені майып етем дегендер
Ақыр соңында күйрейтін.
Сатираның сардары,
Сықақ сөздің тарланы.
Сәкеңдердің сірә да
Болды ма екен арманы?!..
Сүлеймен Баязитов
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі