Бүгінгі күні ең үлкен індетке айналған, әсіресе жастарға төніп тұрған қауіптің басында спиртті ішімдік және есірткі тұр. Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Дегенмен, зияндарының біршамасы төмендегідей:
Психикалық ауруы бар 1000 адамға жасалған зертеуде, 665-інің ата-аналары маскүнем болғаны анықталған.
● Жол апаттарының көбі, мас жүргізушілердің кесірінен болады.
● Спиртті ішімдіктермен есірткілер, ми және орталық жүйке жүйесінің қас дұшпаны.
● Спиртті ішімдік қатерлі ісікке шалдығу себептерінің басында тұрады.
● Спиртті ішімдік ішетіндердің бауырлары қатты шаршайды. Соңында цирроз ауруына шалдығуы мүмкін.
● Арақ жүректің үлкеюі мен қан айналымының жүйелігін бұзады.
● Бүйрек қабынулары, жасушалардың зақымдануы және қуықалды бездің (простат) үлкейуі арақтың зияндарынан болып табылады.
● Асқазанның ішкі қабықшасын тітіркендіріп, гастрит пен асқазан жарасына (язва) себеп болады.
● Спиртті ішімдік тұтынғандардың ми жасушаларының көбі өледі. Кейін, параличке және өлімге себеп болады.
● Маскүнем адамның жақындары арасында қадірі қалмайды, абыройын түсіретін, масқара жағдайларға тап болады.
● Маскүнем адам бар отбасыда стресс, депрессия жағдайлары жиі кездеседі.
● Отбасы ішіндегі ұрыс-керістер, қол жұмсау, ажырасулардың басым бөлігі арақтың кесірінен болуда.
● Бет және теріде тері аурулары пайда болады. Маскүнемдердің балалары көбінесе ақымақ, ұстамалы ауру, маскүнем... болады.
● Психикалық ауруы бар 1000 адамға жасалған зертеуде, 665-інің ата-аналары маскүнем болғаны анықталған. Мүгедектердің 80%-ның себебі де, маскүнем болған ата-ана.
Сондықтан барынша ішетін топтардан аулақ жүру керек. Ешкім бірден алқаш болып кетпейді, бір ұрттап көрейіннен басталады. Ішкілікке үзілді кесілді жоламау керек.
Оқуға кеңес береміз:
Арақтың ағзаға беретін әсерлері
Темекі тартудың салдары: несімен қауіпті, қандай зияны бар?
Темекінің миға беретін зияндары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ернұр
Адамдар, арақ - шылымнан ұзақ болайық! Түк пайдасы жоқ. Денсаулыққа да психикаға да өте зиянды. Жас кезде байқалмауы мүмкін. Уақыт өте келе ескіріп келе жатқан ағзамыз күресуін күн сайын бəсеңдетеді оған қоса ішкілік жəне шылымнан болған зиянды салдарды да қосыңыз, ағзаның құлдырауы үдей түседі. Тіпті сау ағзаның қандай болатынын да білмей кетуміз мүмкін. Ішіп шегіп жүргендегі денеміздің күйін қалыпты деп қабылдауымыз мүмкін. Бірақ шегу мен ішуді тоқтағанда ғана көп нәрсені жоғалтқанымызды түсінеміз. Сондықтан бұл пайдасыз, зиянды нәрсеге шынымен де жоламайық.
Айша
Арақтың зияндары өте көп, Түк пайдасы жоқ.