Бізге өткен тарихты білу, болашаққа бастайтын бір жол. Адамзат өмірінде тәрбиесіз алған білім ешқашан пайда әкелмейтіні белгілі. Қазіргі уақытта білім көзін іздеу үшін жастарымыз шет елдерге ағылып жатыр. Қанша жас өз ұлтына пайдасын тигізу үшін алға ұмтылуда! Алайда өзіміздің «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ» алыстап бара жатқаны өкінішті. Біз жастар өз еліміздің патриоты ретінде тарихи орындарымызды білуіміз қажет. Ұлттық құндылық дегеніміз ұлттың бір ортада, бір мүддеде жұмыс жасауы.
Ұлттық тәрбиесінің мақсаты — жастарды ауызбіршілікке шақыру, қазақ тілі мен тарихын, ұлттық рух пен патриотизмді ұлықтау.
Ұлттық тәрбиенің міндеті — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Соның ішінде Оңтүстік шахарының тарихи, аңызболған орындарына тоқталуды жөн көрдім.
Өткен тарихты білу — болашаққа бастар жол.
Тасқа қашап, тарихым таңбаланған,
Сыр шертейін Оңтүстік сар(ы)даламнан
Қойнауыңда сақтаулы түрлі тарих
Айналайын тау мен тас, саф ауаңнан
Өткеніміз біздерге мұра болар,
Үлгі алайық ежелгі сахабаңнан.
Білсін жастар, өлеңіммен өрнектейін,
Қаламыма арқау болған мақаламнан
Халықпыз дана сөзді саралайтын,
Зиярат қып, киелі жер аралайтын.
Діл,дін, дəстүр жəне де тілімізді
Тəрбиенің басы деп бағалайтын.
Түркістанды "ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ" деп
Қожа Ахмет Йассауиды даралайтын
Кесенесі қалаға көрік беріп,
Əулиеге бас иіп, жағалайтын
Тəрбие мен біліміне сап құрып,
Тəрбиесіз білім алу жат қылық,
Йассауидың мөрі болған мұра бар
Хикметі "ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ ТҮРІК"
Сопылықпен сайрап жатқан ізі бар,
Ақсақ Темір құрметтеген хақ біліп,
Түркістанға аяқ басып келсеңіз
Іс сапарда болсын сізге сəттілік
Яссауиға ұстаз болған аты аңыз
Отырарда кесенесін атаңыз
Аманатын арқалаған қанша жыл
Бізге үлгі АРЫСТАН БАБ атамыз
Арыстанбаб тектілердің ұрпағы екен
Болмайды мына бізге ешбір бөтен
Аңыздардан зерделеп қарап отсам
Кешегі Мұхаммедтің (с.а.у) сұңқары екен
Сахаба ғой өмірлік жақұт төккен
Құдығында қанша жанды бақытты еткен
Пайғамбарды қорғаушы Укаша ата
Қанша ғасыр аңызы бізге жеткен
Қылыш кесіп,оқ өтпес қасиеті
Игі іспен өрілген өмір неткен
Балбырайды сәжде етсе ғибадатта
Дұшпаны басын алып,шауып кеткен
Басына аяқ бітіп, үңгірге ұмтылады
Оны іздеп өлтірген сұм тұрады
Сол тығылған жерінен су тасқындап,
Арамдардың жоспары құртылады.
Қанша жан бата етіп барған кезде
Дәл қазір де шипалы су шығады.
Ниеті арам,ойлары таяз болса,
Су шықпай ісі әрі қарай ушығады.
Қазығұрттың басында кеме қалған
Әулиесі болмаса неге қалған?
Нұх пайғамбар тұрақтаған сол орында
Демеңіз бұл аңыздың бәрі жалған
Іздері сол маңайда табылған соң
Шындыққа ұласады әрбір жайдан
Жан-жануарды аман сақтап сол кемеде
Өткізген жолай жүріп, қанша майдан
Үңгірінде ғибадаты үзілмеген
Ұшырмасын жас буын осыны ойдан
Теріскейде әсемделген көш келеді
Тасқа айналған келіншек әсем еді
Бір байдың болған екен жалғыз қызы
Жасауын ерекшелеп кестеледі
Қырық түйе алтынға толы болып,
Қыз бірақ итаяқты ескереді.
Ағаш емес алтыннан жасалсын деп,
Бойжеткен өзінше бөскен еді.
Әкесінің қарғысына ұшыраған,
Сол мезетте тас болып өзгереді.
Қарт Қаратау баурайы аңызға толы екен,
Тағысын тағы айтып шолып өтем.
Ертелі-кеш сәби сұрап отыратын,
Ата-анаға мес қарын берген екен.
Қырық күнді күтуге қиынсынып,
Ішін жарып, ақыры көрген екен.
Ішінен бала шығып, жеткізбестен,
Ата-анасы зар жылап қалған екен.
«Жылаған ата» атанып сол бір орын,
Дертке шипа болатын су толған екен.
Ақ ниетпен бала сұрап келген жандар,
«Жылаған ата» аңызына сенген екен.
Жырыммен үдетейін жәйлап, қатты,
Көк аспанда туымыз байрақ тапты.
Үш жүздің басын қосқан хан Абылай
Жиналатын орынын сайлап,бақты.
Заң жинағын тексеріп сол ортада
Ордабасы тауында ойлап тапты.
Қариясын сыйлайтын құдайындай
Даналардың жолымен бойлап бақты
Қазағым «Ханның тағын» ұмытпайды,
Біздей жас,баршасына ұлықтайды.
Хантағы деген кезде көп адамдар
Не өзі деген оймен дым ұқпайды.
Ертеде хан болыпты сол маңайда
Түс көріп, тас қамалын құлыптайды.
Өлімің қара құрттан болады деп,
Балгерлер өз сөзімен уыттайды.
Сол тауды басында отырамын деп
Қорқынышпен ешкімді жуытпайды
Бір күндері қара құрт шағып алып
Бүкіл ел аңыз қыпты біліп жайды
Сол жартас «Хантағы» деп аталады
Аңызды бұл ақын қыз сұрыптайды
Өткен тарих біздерге мұрагерсің
Дарындарды байқайтын қырағы елсің
Өзге ұлттар сүйсінген жерімізге
Бабамызды қастерлеп, сынай келсін
Әр тарихтың жаңаша сырлары бар
Әрқайсысы мен үшін құлагерсің
Көк байрағым желбіреп аспанымда
Тәуелсіздік үні де тұра берсін
Білеміз сулы отын жанбайтынын,
Білеміз құста қанат талмайтынын
Өр рухты жалындаған жастарымыз
Ата баба дәстүрін жалғайтұғын
Оқыған баршаңызға үлгі болар
Өлеңім оқша борап самғайтұғын
Біз тас қамал болсақ егер әркезде де
Білейік ешбір жаудың алмайтынын
Қадірі кетпесін деп қолда бардың
Қазақтың аңыздарын пайдаландым
Тəрбиеге көнбейтін кей жастарға
Ызаланып, қапа болып долданамын
Бізге мұра болатын өсиетті
Қалаймын қазағымның қорғағанын
Елім тыныш, жұртымыз аман болса
Дəл осылай болмақшы салған əнім
Терең тарих-ұлтымның құндылығы
Құндылықты көрсек қой қолдағанын
Бір нəтиже шығады деп ойлап тұрмын
Жүректерге жетсе екен жолдағаным.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі