Мұғалім шығармашылығы
Ұстаз қашанда өнеге тұтарлық тұлға. Сол үшін де оның әр өткен сабағы оқушы үшін есте қалып қана қоймай, өнеге берер тұстары да терең,мағыналы болу қажет.Шәкірт мектептен қайтқанда да сіз берген білімді қандай жағдайда одан әрі дамыта алады? Әрине,есте сақтағанда ғана.Бірақ, баланың есте сақтау қабілетін одан әрі дамыта, зерттеушілікке бағыттауға әрекет етемін десеңіз, қарапайым мысалдарды лексикалық-грамматикалық тақырыптарда өтуге болады.
1-мысал: Құрмалас сөйлем сабағында қарапайым ғана күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген құрақ көрпешені қолдануға болады.
Құрақтардағы әр түсті бөлшекті бір жай сөйлем деп қарастыра түсіндіріп «құрмалас сөйлем де сол бөлшек бөлшектен тұратын құрақ дүниесіндей құрастырылып, сол құрмаласқан дүниеден тұтас дүниеден бір ұғымды зат көрсете берген секілді, жай сөйлемдер де, бір бірімен ұғым жалғастыра, құрмаласқан жүйеде тұтас ұғым беретін құрмалас сөйлем құрайды» десек, бала сол түсіндірген дүниені көңіліне тез қабылдай алады.
Құрақ көрпені көрнекілік ете көрсетіп, таза ақ плакатқа маркермен мысал ете сызып түсіндіре, әр сызба ішіне жай сөйлемдер жазып, оның тұтастылығын қамти, құрмалас сөйлемге жүйелей мысалды тақтаға жаздыртамын.
2-мысал:
Енді осы құрмалас сөйлемдерді сабақтас, салалас жағынан қарапайым мысалда түсіндіріп көрейін.
Салалас құрмалас сөйлем барысында баяндауыштары тең дәрежеде тиянақты болатындығын ескеріп, отбасы қарым-қатынасында тең дәрежеде іс-әрекет етуші тұлғаларды мысал етеміз.
Сұрақ: - Балалар, үйде кім тең дәрежеде шаруаға басшылық ете жұмыс жүргізеді?-деген сәтте барлық оқушы бірдей «Ата-ана» деп жауап береді.
Міне осы жауапқа орай салалас құрмалас сөйлемді де сол ата-ана тәрізді тең дәрежеде тиянақты баяндауышта жасалатындығын мысалмен келтіре сызба үлгіде түсіндіріп өтемін. Келтірілген мысалдың алғашқы жай сөйлемін «әке» деп қарастырсақ, соңғы жай сөйлемді «ана» деп алуға болады деген ұғым оқушыға салалас сөйлемнің қызметін есте сақтап қалуына көп септігін тигізе алады.
3-мысал:
Сабақтас құрмалас сөйлем барысында:
- Алдыңғы қызмет етуші соңғысының іс-әрекетіне бағына әрекет ететін кім? – деген сұрақ бере, оның үлкенге қарай бағына қимыл әрекет ететін бала екендігін жауап етіп аламыз. Бұл мысалдан бала этникалық тәрбие де ала алады.
4-мысал:
Аралас құрмалас сөйлемде:
Оқушыларға осы ата-анамен қатар кей кездері бала да өз көкейіндегі іс-әрекетін білдіре, алға түсіп, жас та болса бас бола алатындығын білдіре, өз рөлін әке-шешемен қатар ұстай, алға қойған мақсатты іске араласа қатысқанда болатын жұмыс тәрізді деп түсіндірсеңіз бала алдыңғы екі мысалдан соң еш қиындықсыз қабылдай алады. Яғни, аралас құрмалас сөйлем әке, бала, ана араласа көтерген жүк тәрізді екендігін өздері тұжырымдайды.
Бұл үш тәсіл барысында бала алдыңғы жай сөйлем қашан да соңғы жай сөйлемге тәуелді екендігін бала мен ана немесе бала мен әке көзқарасында түсінік бере оқушы танымын тағы да бір қарапайым ғана «үлкен мен кіші арасындағы» дәстүрлі тұрғыдағы сыйластық мағынасына ие ете түсіндіріп, сабақты дамыта өтеміз. Яғни, кешегі ата жолының үлкен мен кіші қарым-қатынастық жолын қарапайым мысал етіп келтіріп, оқушының сабаққа деген біліктілігін ғана емес, өзіндік тәрбиелік мәнін де аша талдап, өздерінің қандай әрекетке барар алдында «өзім білемдікке» бармай, артында іс-әрекетін бақылаушы үлкендермен (немесе өзі қатарлас туыс,достармен де) ақыл сұрай, іс ету керектігін де қандайда бір көңіл перделеріне оқытып өтеміз.Мұнда бала өзгелерден көмек алуға, көмек беруге бейімделіп, өзі ғана «өзім» деген биікке жете алмайтынын сезіну қажет. Өзін құрметтеуге үйренген оқушы мұнда өзгелерді құрметтеуге сондай-ақ,өзін өзгелерге құрметтетуге үйренеді
5-мысал.
Оқушыға фонетика тарауы бойынша сабақ түсіндіру барысында дауысты, дауыссыз дыбыстардың жасалу жолына ұл балалар мен қыз балалардың ұлттық болмысына қарай түсіндіріп өтуге болады.
Дауысты дыбыстар еш кедергісіз өзін тұлғалы ұстайтын, батыл да ержүрек болмысты ер балалар кейпіне ұқсатсақ, дауыссыз дыбыстарды қандай жағдайда да белгілі бір кедергілерге ұшырай қысыла, ұяла қимылдайтын қыз балалардың болмысына ұқсатамыз. Бұдан қыздар өздерінің қашанда сыпайы да инабатты келбеттерін есте сақтау керектігін ұғынса, ер балалар өздерінің қандай жағдайда да еңсе көтере өздерінің еш кедергісіз ел қорғаны болатын азаматтық келбеттерін сақтап қалуға өнеге алады. Яғни бала дифференциялық көзқараста иман-инабат келбетін қалыптастыра алады. «Ұят» пен «Сыпайы», «Әдеп» пен «Кісілік,кішілік», «Тәрбие мен тағлым» ұғымын ашу керек.
6 -мысал.
Етістік тақырыбын өтер кезде оқушыларға «Етістік қазақтың жеті ата тегі тәрізді. Көптеген балалары, немерелері, шөберелері бар»-дей, Етістік атасы, Есімше, Көсемше баласы,Етіс немересі, Рай шөбересі Шақ шөпшек дей ал, Тұйық етістікті немере аталас деп атап өтер болсаңыз бала тек осы түсініктерді жақын ғана қабылдап қоймайды, «апалы-сіңлілі» , «ағалы-інілі» сөзінің ұғымына түсіне алмай жүрген қала балалары үшін де қазақ дәстүрінің жалғасы туыстық қатынаста екендігін терең түсінуіне мүмкіндік берер еді.
Мұндағы қорытындыдан түсінгенім, «С» деңгейлі оқушылар оқулық ережелерінен гөрі, өмірден,тұрмыстан алынған мысалдарға көбірек көңіл бөліп, өз ойларын ашық,белсенді қозғалыста білдіре алатындығын аңғардым. «С» деңгейлі оқушыларға қашанда ғылыми терминдер негізінен бұрын, қарапайым мысалдармен ой қозғау беріп, логикалық түсінігін ашып алу қажет. Бұл,әсіресе, бүгінгі жаңартылған білім оқулығындағы тапсырамалар мазмұнына өте тиімді келеді.
«Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын «қазақ тілі» пәнін оқытуда лексика-грамматика жағынан қарапайым мысалдар арқылы жүзеге асыру.
ХХІ ғасыр балалары заманауи техниканы ғана емес заманауи тұрмыстық бұйымдарды ғана көріп келеді. Ал олардың этномәдени танымы қаншалықты екендігіне көп мән бере бермейміз. Осы мақсатта мен 5-сынып оқушыларына сабақ беруде қарапайым тұрмыстық бұйымдарды мысалға ала отырып өтемін. Бұл жаңа терминді әр деңгейлі балалардың есте сақтауына ғана емес, ұлттық танымдарының артуына да және үштілділік қалыптасуына да ықпал етеді.
Көрнекілік ретінде түрлі бұйымдардың суреттерін үлгі етіп көрсетіп, лексикалық жағынан антонимді меңгертуде төмендегідей тәсілде жұмыстар жүргіземін.
1-сурет- жамылғы, 2-сурет- төсеніш
ТАПСЫРМА: Ұлттық бұйымдардың атауын жазып, лексикалық жағынан сызба бойынша талдау жаса.
№ |
Бұйым атауы |
Көнерген Сөз (қазақ тілінде) |
Синоним (кірме сөзде) |
Антоним (ұлттық бұйымда) |
1.
2. |
жамылғы
төсеніш |
мақта көрпе
құрақ көрпеше |
Одеало,синтефон
Матрас |
Көрпеше, матрас, тулақ,текемет,алаша,сырмақ Мақта көрпе, жүн көрпе,түйе жүн көрпе |
Бұл тапсырмада оқушылар жеке өз біліктілігін көрсету үшін білім сайысына түседі. Әр оқушы жеке таблица сызып, өз біліктілігімен толтырып, одан әрі тапсырмаға өздік деңгейлерімен жұмыс жүргізеді.
Өздік жұмыс барысында оқушылар:
Мұнда балалар өздерінің қабілетіне қарай жұмыс жүргізе отырып, өз көңіл-күйінде лексикалық ұғымдарын қалыптастыра, сөздік қорларын дамытып, мәтіндік жүйеде ұлттық дүние болмысын суреттей, этностық танымын таныта алады.
Осы шаралардың қай-қайсысын орындаймын десе де оқушы мұғалім бағдарламасына қарай өзін-өзі басқарып отырады.
Негізгі тақырыптық бағдарлама тек тақта алдында ілініп, оқушыға бағыт, жұмыс нұсқауында жол сілтеп тұрады.
Оқушылар лексика тарауының кез келген тақырып бойынша өз біліктілігін дамыта қалыптастырғанда ғана, мұғалім қосымша тапсырма күшін күшейте алады.Ондай жағдайда сөздік қорын қарапайым күнделікті тұрмыс деңгейінде дамыта, бала танымын арттыра түсеміз.
- Суретте берілген бұйымдар атауын бүгінгі күнде тағы қандай атаулармен атап жүрміз?- деген сұрақ бере, соны оқушыларды топқа бөле, ұжымды түрде білімдерін одан ары біріктіре жұмыс жүргізуге жетелей, ынтымақтастық пен татулыққа бағыттау және ұлттық танымдарын ортаға сала,ізденуге бағыттау қажет.
Осыған орай сөзден сөз туғызу тапсырмасын орындауға орталай ой тастап, ақылдаса, өздерінің дүниетанымдарын көрсете қимыл-әрекет жасайды.
1 2 3
Көрпе көрпеше шекпен
І І І
Жамылғы төсеніш сырт киім,т.б.
І І І
Одеало кілем, палас куртка,плаш,пальто,т.б
Ендігі кезекте осы жазылған жазуларын оқушыларға қанша тілде жазылғандығын тапсырма етіп береміз.
Қазақ тілі:
Орыс тілі:
Ағылшын тілі:
НӘТИЖЕСІНДЕ: Оқушылар осы өздері жазған жазуларды айтылуына қарай әр тілге бөліп жазып, күнделікті ескере бермейтін дүниетанымдарын толықтырды. Лексика жағынан қазақ тілінде қолданылғанымен, олардың төл атауы мен кірме атауын ажырата біледі. Яғни, қарапайым тапсырма арқылы оқушы өз біліктілігін тағы да бір деңгейге көтере алды. Мұнда «С» деңгейлі балалардың белсенділігінің арта түскенін аңғара аласыз. Олар үшін түсініксіз өзге тілдер, күнделікті өздері қолданып жүрген тұрмыстық бұйымдар арқылы жақындай түседі. Ендігі кезекте бала өз төңірегіндегі әр дүниеге зер сала, оның болмысын зерттей қарайтын болады. Осы арқылы өз ұлтының мақтаныш ете алар беттерін біле алады.Тіпті әдебиет оқулығы бойынша да осы әдісті тірек сөздер немесе сөздік жұмыстарда дамыта қолдануға болады.Синоним жағынан талдағанда өз ұлтымыздың сөздік қоры кең екендігін сезінеді.Сондай-ақ, қолданыстан шығып қалған көнерген сөздер қатарына енген тұрмыстық бұйымдар туралы танымдары жетіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің
«қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» пәнінің мұғалімі-
Озықбай Қалбибі Жүсіпжанқызы
П І К І Р
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің «қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» пәнінің мұғалімі - Озықбай Қалбибінің «Қарапайым мысалдар арқылы оқушының лексика-грамматикалық сауаттылығын арттыру және тілдердің үштұғырлылығы аясында дамыта оқыту»атты тақырыптағы шығармашылығы 2016 жылдың сәуір айында өтілген аудандық семинарда авторлық шығармашылығы ретінде ашық сабақта семинар қонақтарына ұсынылып, оң көзқарастағы пікірлерге ие болды.
Елбасы - Н.Назарбаевтың халыққа жасаған жолдауының бағдарлы бағытындағы «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында, мұғалім қарапайым мысалдар арқылы оқушының лексика-грамматикалық сауаттылығын арттыруды және мектеп бағдарламасында үштілділікті дамыта оқытуды өз іс-тәжірибесінде зерттей отырып, жаңаша оқыту бағдарламасында жоспарлап дайындаған.
Мұғалім шығармашлығының тақырыбы бүгінгі интеллектуалды білім мазмұнында берілген. Тақырып қарапайым мысалдарды күнделікті тұрмыс қозғалысында көтере отырып, тың идеялар жүйесінде үйлестірген.Тағлымды, танымы мол осындай жаңа шығармашылықтар көпшілік назарынан тыс қалмай, күнделікті өмір ағымынан орын ала берсін деп тілек білдіремін.
Пікір білдірген:
Ә/Б жетекшісі - А.Жапабаева
Aikorkem
П І К І Р
М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің «қазақ тілі» мен «қазақ әдебиеті» пәнінің мұғалімі - Озықбай Қалбибінің «Қарапайым мысалдар арқылы оқушының лексика-грамматикалық сауаттылығын арттыру және тілдердің үштұғырлылығы аясында дамыта оқыту»атты тақырыптағы шығармашылығы 2016 жылдың сәуір айында өтілген аудандық семинарда авторлық шығармашылығы ретінде ашық сабақта семинар қонақтарына ұсынылып, оң көзқарастағы пікірлерге ие болды.
Елбасы - Н.Назарбаевтың халыққа жасаған жолдауының бағдарлы бағытындағы «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында, мұғалім қарапайым мысалдар арқылы оқушының лексика-грамматикалық сауаттылығын арттыруды және мектеп бағдарламасында үштілділікті дамыта оқытуды өз іс-тәжірибесінде зерттей отырып, жаңаша оқыту бағдарламасында жоспарлап дайындаған.
Мұғалім шығармашлығының тақырыбы бүгінгі интеллектуалды білім мазмұнында берілген. Тақырып қарапайым мысалдарды күнделікті тұрмыс қозғалысында көтере отырып, тың идеялар жүйесінде үйлестірген.Тағлымды, танымы мол осындай жаңа шығармашылықтар көпшілік назарынан тыс қалмай, күнделікті өмір ағымынан орын ала берсін деп тілек білдіремін.
Пікір білдірген:
Ә/Б жетекшісі - А.Жапабаева
Айнаш
Барлығы сапалы жазылған!