И. Б. жездем хатынан – Ахмет Байтұрсынұлы

Бұл бетте «И. Б. жездем хатынан» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 0
  • 2
  • 18750
Тұрмысың жырақ,
Аман ба, шырақ!
Күйзеліпсің көбірек,
Милләт үшін бегірек.
һәманда сақтан,
Сақтамақ хақтан.
Қоршаған дұшпан төңірек.
Милләтке қызмет,
Жұмлаңе міндет.
Ұйқыны аш дер ек,
Надандықтан қаш дер ек.
Болмайды үндеп,
Дұшпан тұр күндеп,
Бізде бұл бір індет.

Әр сөзің алтын,
Ұғар ма екен халқың.
Сынаған да шығарсың,
Милләттің қалпын.
Тіл алмас деп қорқамын,
Дер едім тартын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Bala

Ахмет Байтурсын аганын олендери унаиды

Осы автордың басқа өлеңдері