Шағын жинақталған мектепке арналған математика пәнінен сабақ жоспары

Басты бет / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Шағын жинақталған мектепке арналған математика пәнінен сабақ жоспары

Шағын жинақталған мектепке арналған математика пәнінен сабақ жоспары — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Шағын жинақты мектеп, Математика, Сабақ жоспары — осы тақырыптарға байланысты.

Сынып комплекті:  3 - 2 сыныптар

Сыныбы: 3 сынып

2 сынып

Пәні:       Математика

Тақырыбы:    Разрядтан екі рет аттау, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері

1-ді санға көбейту. 0-ді санға көбейту

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды жазбаша көбейту мен бөлудің жаңа түрімен таныстыру;

Тәрбиелік: оқушыларды әдептілік, достық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге баулу;

Дамытушылық: өрнектерді баған түрінде есептеу, жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру

 

-оқушыларды көбейту мен бөлудің дербес жағдайларымен таныстыру;

-оқушыларды әдептілік, достық, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге баулу;

-кері есептер құрастыру, ауызша есептеу және жазбаша қосу және азайту дағдыларын жетілдіру

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың техналогиясы: Дамыта оқыту техналогиясының, Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, мадақтау, формативтік бағалау әдістері, иллюстрация әдісі, имитация әдісі, «Ойлану», «Топтау», ІNSERT, «Т кестесі» әдістері.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу

Сабақтың көрнекілігі: білім бағалау фишкалары, бейнелі суреттер, үлестірме-таратпа қағаздары

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

- Сәлеметсіздер ме оқушылар!

ә) Оқушыларды түгелдеу.

- Оқушылар, бүгін сабаққа түгел келдік пе?

(журналға белгі қою).

б)Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу

- Қанеки,  бәріміз оқу-құралдарымызды алайық!

в) Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау

- Бүгінгі сабақта біздің көңіл-күйіміздің қандай екенін білейік?

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі

  • Оқушылардың дәптерлерін жинап алып, екінші дәптерлерін тарату. Алған бағаларын хабарлау.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі

  • Оқушылар сабақты бастамас бұрын ең әуелі біз топқа бөлініп алайық.
  • Оқушыларға стикерлер тарату. Сол бойынша топқа бөлу.
  • Сонымен біз 2 топқа бөліндік. Бірінші топ «Көбейту», екінші топ «Бөлу» тобы.
  • Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.

Әр топ өз тобының атауын қорғап шығуы керек. Ол үшін алдарыңда тұрған плакатты пайдаланыңдар.

ІV. Білімді тексеру кезеңі

  • Демек көбейту мен бөлу деген не екен балалар?
  • Дұрыс бұлар математикалық амалдар.
  • Олардың қандай қасиеттері бар?
  • Олардың компонетттері мен нәтижелерін атап берейіңдерші?

V.Жаңа сабақты баяндау кезеңі

  • Күннің ретін, тақырыпты хабарлау

ІNSERT әдісі

  • Әр топ кестені толтырып, жауаптарын оқып шығады.

Ү – «білемін»

–  - «мен үшін түсініксіз»

+ – «мен үшін жаңа ақпарат»

? – «мені таң қалдырады»

 

 

 

 

 

Мұғалімнің түсіндіруі

1-мысал. Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіру.

165 · 3 = 495

495 : 3 = 165

Баған түрінде жазып көрсету, түсіндіру.

1 оқушыны тақтаға шығарып, қайта есептеу.

2-мысал. Баған түрінде жазып, есепте.

144 · 3 = 432        789 : 3 = 263

261 · 3 = 783        964 : 4 = 241

145 · 2 = 290        356 : 2 = 178

204 · 3 = 612        460 : 2 = 230

Өзіндік жұмыс

3-есеп. Есепті шығар.  

  • Топтың жұмысын келесі топ сэндвич

әдісімен бағалайды. 1 жетістік, 1 кемшілік, 1 жетістік айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің түсіндіруі

4-есеп.

Р – 340 см

а – 150 см

в - ?    70 см қысқа

с - ?

Шешуі: 150 - 70 = 80

150 + 80  =  230

340 – 230 = 110

Жауабы: в – 80 см,

с – 110 см.

 

 

 

Өзіндік жұмыс

6-мысал. Сызба бойынша өрнек құрастыр, ондағы амалдардың орындалу тәртібін белгіле, есепте.

7-мысал. Есепті шығар.

8-мысал. Геометриялық фигураларды қиып, пішін құрастыру

 

Үлестіме-таратпа материалымен жұмыс.

 

Өзіндік жұмыс

1.Үлгі бойынша мысалдар құрастыр:

10 : 5 =         8 : 2 =       

5 · 2 =

2 · 5 =

6 : 3 =           9 : 3 =

 

 

 

  • Топтың жұмысын келесі топ сэндвич

әдісімен бағалайды. 1 жетістік, 1 кемшілік, 1 жетістік айтады.

 

Мұғалімнің түсіндіруі

1-мысал

1 · 3 = 3  

1 · 2 = 2  

1 · 4 = 4  

  • 1-ді санға көбейткенде сол

санның өзі шығады.

2-мысал

0 · 3 = 0  

0 · 2 = 0  

0 · 4 = 0  

  • 0-ді санға көбейткенде нөл

саны шығады.

Өзіндік жұмыс

3-мысал.

а) 1 · 8 = 8  

0 · 10 = 10  

1 · 9 = 9  

0 · 7 = 0

1 · 12 = 12  

0 · 25 = 25  

б) 5 : 5 = 1  

0 : 6 = 0  

4 · 1 = 4  

0 · 8 = 0  

7 · 0 = 0  

10 : 10 = 1  

Мұғалімнің түсіндіруі

4-мысал. Амалдарды орында

5-есеп.

Түсірілді – 80 қап арпа

Жұмсалды – 23 қап арпа

Жіберілді – 32 қап арпа

Қалды - ? қап арпа

Шешуі: 80 – (23+32) = 25

Жауабы: қалды – 25 қап арпа

7-есеп.

а – 5 дм

в – 6 дм

Р - ? дм

Р = 5 + 6 + 5 + 6 = 22 дм

VІ.Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру кезеңі

- Үлестірме-таратпа материалдарымен жұмыс

Оқушылардың жұмысын тексеру.

Қалған топтар өз бағаларын 2 жұлдыз 1 тілек арқылы білдіреді.

VІІ. Бекіту кезеңі

«Т кестесі»

Әр топ кестені толтырып, топ басшысы оқып шығады.

Неі үйрендің?

Нені үйренгің келеді?

 

 

 

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

  • 5 мысал 143 бет
  • Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту
  • 6 мысал 219 бет
  • Үй жұмысын түсіндіру, күнделіктеріне жаздырту

ІХ. Бағалау кезеңі

  • Әр топты 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі арқылы бағалау.

 

Бекетова Айгүл Маратқызы, 

Қызылорда қаласы, 

Бастауыш сынып мұғалімі.  



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Айша

Как можно скачать

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағын жинақталған мектепке арналған математика пәнінен сабақ жоспары деген не?

Бұл бетте Шағын жинақталған мектепке арналған математика пәнінен сабақ жоспары тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Шағын жинақталған мектепке арналған математика пәнінен сабақ жоспары материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Шағын жинақты мектеп тақырыбындағы материалдар Математика тақырыбындағы материалдар Сабақ жоспары тақырыбындағы материалдар beketova_aigul жариялаған басқа материалдар