Өлең, жыр, ақындар

Пайызды тез есептеуге арналған математикалық оңай әдіс

Осы әдісті қолдана отырып, дүкендегі жеңілдік сомасын тез анықтауға болады.

Сандар күрделене түскен сайын пайыздық көрсеткішті есептеу қиынға соғары анық. Ақылмен жіп сабақтап, білімнен кесте тіксеңіз де, кей-кейде біраз кібіртіктеп қалатын кездер болады ғой.

Мәселен, тосыннан қойылған 75 санының 4 пайызын тауып беру сұрағына қалай жауап берген болар едіңіз? Бұл сұрақтың мақсаты сіздің біліміңізді емес, жылдамдығыңызды анықтау. Есептей алғаныңызбен жылдамдық жағын ақсатып алмау үшін, сізге пайыздық көрсеткішті оңай әрі жылдам анықтаудың ең төте жолын көрсетпекпіз. Бұл арқылы бір ғана математикалық әдісті пайдаланып, уақыттан ұтылмай, тез шешім қабылдарыңыз айдан анық.

Fascinating little life hack, for doing percentages:

x% of y = y% of x

So, for example, if you needed to work out 4% of 75 in your head, just flip it and and do 75% of 4, which is easier.

— Like, an Actual Properly Spooky Ghost (@stephens_ben) March 3, 2019

Әуелі y-тің x% = х-тің y% деп аламыз. Басқаша айтқанда, 75-тің 4%  = 4-тің 75%-на тең деген сөз. Байқағандарыңыздай, 75 санының 4% табудан гөрі 4-тің 75%-ын табу әлдеқайда жеңіл. Мұндағы ескеретін жайт, сандар ауысса да соңғы шыққан мән ауыспайды. 75/100*4 = 3

Бұл оңай математикалық әдіспен Бен Стефенс өзінің Твиттер желісінде бөлісті. Десе де, ескеру керек бір жайт бар. Пайыздық санды анықтауға кез-келген сан “қолайлы” бола бермейді. Мысалы,  27 санының 21%-ын немесе 89 санының  19%-ын есептеу үшін бұл әдіс тиімсіз.

bilim-all.kz, Назерке Әсетова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Муратбек Адель

Мен паиызды дым тусымбедым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз