Бұл бетте «Туысыма» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
16.04.2015
1
3
30940
Болармын нағып ырза туысыма?
Туыппын таршылықтың уысында.
Шамам жоқ жан-жағыма қол сөзарлық,
Тар көрдің тығылғандай қуысына.
Айта алмай шын сөзіңді, қорғалайсың,
Туғаның бүйтіп қор боп құрысын да!
Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса,
Мал ғұрлы мағына жоқ тұрысыңда.
Қаллиасқар Ақниет
Күшті
Маржан
Күшті