Өлең, жыр, ақындар

Өрік

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№ 16 колледж
Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті Құрбан Тоғжан Сейдахметқызы
Жетекшісі арнайы пән оқытушы Сагимова Ақшолпан Нұрлыбайқызы

 

Аннотация

Шығармашылық - ізденіс жұмысты жазу барысында студент өрік және оның пайдасы туралы жазған. Жазу барысында жалпы өріктен  тағамдардың жасалу жолын сөз етті.

Студент бұл шығармашылық ізденіс жұмысты жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты. Жасалынған тағамдарды, дайындауы сапалы екені жұмыстарынан байқалып тұр.

Арнайы пән жетекшісі: Сагимова А

Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Өрік пайдалы өсімдік
Өріктен тағамдар
3. Зерттеу бөлімі
Өрік шырынын алу әдісі
Өрікті кептіру әдісі
Өрік дәнінің пайдасы не зияны не.
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер тізім

1. Кіріспе

Өрік (Prunus armeniaca) — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы, жеміс дақылы болып саналады. Ағаштары өте биік, 8 – 15 м аралығында. Жапырақтары жалпақ, жоғары жағы үшкірлеу, тісті болып келеді. Жеміс бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, ал сүйегі жылтыр.Өрік – жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер Өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3 – 4 жылдан кейін өнім бере бастайды, 40 – 50 және одан да көп жыл өмір сүреді. Әр түбінен 15 – 20 (7 жылдық ағаш), 60 – 100 кг (15 – 20 жылдық ағаш) жеміс алынады. Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20 – 70 г. Жемісінің құрамында 4 – 20% қант, алма және лимон, т.б. қышқылдары, 10%-дай каротин, 0,4 – 1,3% пектин заттары, ал тұқымында 29 – 58% май болады. Жемісінің өзін, кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) пайдаланады. Өрік ағашын егісті желден қорғайтын орман алқабында отырғызады және шабдалымен телу үшін өсіріледі. Өріктің мәдени сорттарын көбейту тәсілі – ұластыру. Негізгі отырғызу тәсілі тік бұрышты, қатар аралығы 6 – 8 м, қатар іші 5 – 6 м. Отырғызғаннан кейін жас ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру үшін шырпу (қысқарту, сирету) жұмыстарын жүргізіп, 3 – 4 жылда бір рет органик және минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет.

Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бір түрі – кәдімгі өрік (A. vulgarіs) өсіріледі.
Мұның бұрынғы КСРО-да 4 түрі бар: Сибирь өрігі, моңғол өрігі, қара өрік және кәдімгі өрік. Өріктердің кептірілген жемістері (өрік, құрағы, шапталы) және консервісі тамаққа жұмсалады. Өріктің негізгі сорттары: «Қызылбет», «Амброзия», «Луиза», «Шалах», «Хосровшам», «Хурмаи», «Бұхара», «Товарищ», «Ансу» және т. б.Өрік – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын өсімдік. Жабайы түрі Қазақстанның Жоңғар Алатауында кездеседі, сондықтан өріктің Отаны – Қазақстан деп айтуымызға әбден болады. Шығыс, Орта Азия, Кавказ аймақтарында таралған. Еуропаға абрикос Армениядан келгендіктен, өріктің отаны деп саналған. Латынша «armeniacus» деп аталуы да осы себептен. Ал француздар өріктің атауын өз ыңғайына келтіріп «abricot» атын берсе, соңғы атауы немістердің «Abrikosse» сөзінен алынып, орысша «Абрикос» аталып кеткен. Өріктің 8-ге жуық түрі, 20 жуық сұрыпы бар. Қазіргі кезде өрік барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі. АҚШ-та, Австралияда да өседі. Өрікті экспортқа ең көп көлемде шығаратын Иран мен Түркия. Өрік ағашының биіктігі 5-12 м, кейде тіпті бұтатектес өсімдік. Сұрыпына қарай жапырағы жұмыртқа, жүрек, домалақтау пішінді, жиектері аратісті. Гүлі ақ, қызғылт түсті, жағымды хош иісі болады. Наурыз-сәуір айларында гүлдеп, шілде айында жеміс береді. Жемісі сарғыш-қызыл, жұмсағы тығыз, ортасында сүйегі бар. Дәмді, тәтті. Жылда жеміс береді. Өрік ағашы 100 жылға дейін өмір сүреді, 25-40 жыл жеміс береді. Өрікті тұқымнан және вегативтік тәсілмен қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызғаннан кейін 3-4 жылы жеміс бере бастайды. 5-ші жылы 3-5 кг, 7-ші жылы 15-20 кг, ал 15-20 жылы 60-100 кг-ға дейін жеміс береді. Кавказда, Орта Азияда бір ағаштан 300-400 кг жеміс беретін сұрыптары бар. Өрік – жылусүйгіш өсімдік. Өрік желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Құрғақшылыққа төзімсіз. Қырқу-кесу жұмыстарын күзде жүргізеді. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.

2. Негізгі бөлім

Өріктен компот жасау. Өрікті жақсылап жуып, кесіп, сүйегінен, қабығынан тазалайды. Сонан кейін оны қайнаған ыссы суға салып, жұмсағанша қояды. Жұмсағаннан кейін өрікті сүзіп алып, банкаларға салып үстіне ыссы сиропты құяды. Бұрын әзірлеп қойған қақпақтармен банка аузын бастырып, ішінде ыссы суы бар кастрюльге салып (егер банкалар 0,5 литрлік болса 10-15 минут, литрлікті 15-20 минут қайнатып) 80°-90° температурада пастеризациялайды. Сироп жасау үшін 1 кг тазаланған ерікке 1 кг қант салып 1 стакан су құяды. Өріктің піскен жемісі адамның ауруға деген қарсыласу қабілетін арттырып, көздің көру мүмкіндігін көтереді. Жүрек-қантамырлары ауыратын, терісі бұзылған адамдарға үлкен көмегін тигізеді. Қазіргі заманның ғалымдары – 100 г піскен өріктің тағамдық құндылығы 250 г сиыр бауырынан кем түспейді екен. Оны кептірген кезде құрамындағы глю­коза 6 есе артатындығын дәлелдеген.

Кептірілген өрікті үнемі жеген адам қаны аздықтан, өкпе мен қолқаның сырқатынан айығып, бауыр мен өт жұмысының жақсаратынын нақты сынақтан көрген. Сонымен қабат адам еске сақтау қабілетін сақтап, шашының өсуін жақсартқан. Шөлді қандырып, ағзаларды микроэлементтермен байытқан. Оның құрамындағы дәрумендер шамадан тыс семірген әйелдерді белгілі дәрежеде арықтататыны нақты тәжірибеден көрінді.

1. Ауруға қарсыласу қабілетін арттырып, жүрек-қантамырлары ауруының алдын алу үшін қыстың суық кездерінде күн сайын 8-10 тал кептірілген өрікті үзбей жеп отырсаңыз, қыстан қысылмай шығасыз. Ал, жазда жаңасы шыққан кезде соны жеген жөн.

2. Жұтқыншақ ауырып, қолқа қабынып, жөтел пайда болған кезде өріктің сүйегін шағып дәнін ұнтақтап, бір шай қасықты бір стақан ыстық сүтпен ішіп алсаңыз, күніне үш рет, үш күн қатарынан нәтижесіне көзіңіз жетеді.

3. Жүрек қағып мазаңызды алатын болса жарты ки­лограмм лимонды ұсатып турап, бір стақан балға араластырыңыз. Оған 20 тал өрік дәнін ұнтақтап қосыңыз да 3 күн жылы жерде жабық ыдыста ұстаңыз. Осыдан соң таңертең-кеш ас алдында бір ас қасықтан жеңіз. 20 күн бір емделу мерзімі.

4. Жүрек жұмысының бұзылуынан денеге ісік шыққанда 200 г кептірілген өрікті 1 литр қайнап тұрған суға салып, 6  сағат жылы орап қояды. Осыдан соң өрікті арнайы ыдыста сығып суын бөлек құйып алады да, бір стақанды жұтым-жұтымнан бөліп ас алдында ішеді.

Өріктің жаңа жиналған өнімі асқазанында жара бар адамдар үшін болмайды. Ал, сусамыр ауруы бар адамдар жаңасын, кептірілгенін де жеуге болмайды. Өйткені, оның құрамында глюкозасы көп. Сары өріктің дәнінен дәрі дәрмек және косметикалық өнімдер саласында сүйық май (абрикосовое масло) өндіріледі. Бұл өрік майы, түріл дәрілік және емдік кремдер, мазьдар, суспензиялар жасағанда еріткіш компонент есебінде, шаш және бет терісінің күтіміне аналған шампуньдар мен косметикалық өнімдер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Дәрілік висмуттың қосылыстары өрік және шабдалы майында өте жақсы ериді. Қытай және Тибет медицинасында ерте кезде астма, көкжөтел, жүйке, жүрек ауруларына емдік дәрілер дайындалған және қазіргі уақыттада өз маңыздылығын жойған жоқ. Кейбір елдерде халық емшілері қатерлі ісікті (рак) емдеуге сары өріктің дәнінен жасалынған дәрмектерін пайдаланып жүр. Сары өріктің дәнінде АМИГДАЛИН деген гликозидттің өте көп екендігі анықталды. Бұл гликозид адам ағзасында аскорбин қышқылымен әрекеттесіп аса қауіпті улы зат синил қышқылын түзетін болғандықтан қазіргі медицинада рак ауруларын амигдалинмен емдеуге заңмен  қатаң тиым салынған. Егер сары өріктің дәні вареньеге қосылған болса, (көп дастарханнан көріп жүрмін және өте дәмді) рахаттанып жей беруге болады, себебі вареньенің құрамында қант өте көп болғандықтан синил қышқылы нейтралданып кетеді. Жалпы токсикологияда синил қышқылымен немесе цинанидтермен уланған адамға (егер тірі болса) антидот есебінде қант, глюкоза,метил көгі ,натрий тиосульфатын пайдаланады.

Технологиялық сызба

Өрік тұздығы

Технологиялық нұсқау

Өріктен сусын

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы

Дайын тағамның қысқаша мінездемесі

Азық –түлік атауы

Шикізат массасы 

Сыбаға көлемінің есебі

7

15

25

брутто

нетто

Азық –түлік көлемі г.(нетто)

Абрикос

238

100

1 666

3 570

5 950

Қант

160

160

1 120

2 400

4 000

Шығымы

 

1000

8 043

17 235

28 725

3. Зерттеу бөлім

Өрік шырынын алу әдісі. Толық піскен, зақымдалмаған, соғылмаған және құрт түспеген өрік жемістері таңдап алынады. Жеміс сагағын алып тастап, ағып тұрған су астына қойып жақсылап жуылады. Суы толық ағып болған соң, ішіндегі сүйегін алып тастайды. Сонан кейін кастрюльге 2 кг өрікке бір стакан су құйып 10 минут қайнатады. Піскен өрікті металл тор үстіне салып езеді. Бұл езілген өрік үстіне қант салынып сироп жасалады (1 литр сиропқа 250 грамм қант салынады). Алынған қосындыны 10 минут қайнатады. Ол осы күйінде ыссы су буына ұстап жылытып алынған шыны банкаларға мойнына 1-см жеткізбей құйылады. Банкаларды ішінде ыссылығы 70° суы бар кастрюльге қойып (банканы 0,5 литр болса 15 минут, литрлікті 20 минут қайнатып) стерилизациялайды. Одан кейін банкалардың аузын жылдам жауып, суыту керек.Өрік шырынын стерилизацияламай-ақ жасауға болады. Ол үшін қайнатылған шырынды жылытылған банкаларға құйып, аузын тез жақсылап, жауып, одеялға 10 минут орап қойылады. Одан кейін банкаларды салқындатады.

Өрікті кептіру әдісі. Өрік жемісі екі түрлі етіп кептіріледі:  1. Тұтас (сүйекшесімен) кептіру. 2. Курага егіп (сүйегін алып тастап, екіге бөліп) кептіру немесе қайса түрінде (сүйегін алып тастап, бүтін өрікті) кептіру. Кептірілген өрік бағалы тағам болып есептеледі. Өрік кептірілмес бұрын жуылады, сүйегін алып тастайды. Сұйық етіп еріткен лимон немесе шарап қышқылының ерітіндісіне 10 мин салып қойылады (мұндай қышқылдар ерітіндісін әзірлеу үшін 1 стакан суға, 2 шай қасық кристалл түріндегі қышқыл ерітіледі). Ерітіндіден өрікті алып, електің үстіне бір қабат етіп орналастырып, шаң түспейтін жерге күннің көзіне қойып кептіреді. Кеш түскенде құрғақ бөлмеге кіргізіп қояды. Осы әдісті қолданғанда 4 күнде кеуіп болады. Өрік жақсы кепкеннен кейін 3-4 електегі кураганы бір елекке салып, көлеңкеге қойып әбден құрғатады. Кептірілген жеміста тамаққа қолданар алдында суық суға жақсылап жуады. Ыстық суға жууға болмайды, себебі ыссы суда қош иісі, бірқатар органикалық заттары еріп кетеді. Кепкен өріктен компот әзірлеу үшін 40 грамм кепкен өрікке 20 грамм қант салынады. Кепкен өрікті ұзақ сақтау үшін, оны шыны немесе металл банкаларға салып, аузын жақсылап жауып, температурасы қалыпты бөлмеге қою керек. Өрікті бұлай сақтау оны пайдалануға және қолдануға өте қолайлы.

Өрік дәнінің  пайдасы не зияны не. Сары өріктің дәнінен дәрі дәрмек  және косметикалық өнімдер саласында сүйық май (абрикосовое масло) өндіріледі. Бұл өрік майы, түріл дәрілік және емдік кремдер, мазьдар, суспензиялар жасағанда еріткіш компонент есебінде, шаш және бет терісінің күтіміне аналған шампуньдар мен косметикалық өнімдер дайындауда кеңінен пайдаланылады. Дәрілік висмуттың қосылыстары өрік және шабдалы майында өте жақсы ериді. Қытай және Тибет медицинасында ерте кезде астма, көкжөтел, жүйке, жүрек ауруларына емдік дәрілер дайындалған және қазіргі уақыттада өз маңыздылығын жойған жоқ.Кейбір елдерде халық емшілері қатерлі ісікті (рак) емдеуге сары өріктің дәнінен жасалынған дәрмектерін пайдаланып жүр. Сары өріктің дәнінде АМИГДАЛИН деген гликозидттің өте көп екендігі анықталды. Бұл гликозид адам ағзасында аскорбин қышқылымен әрекеттесіп аса қауіпті улы зат синил қышқылын түзетін болғандықтан қазіргі медицинада рак ауруларын амигдалинмен емдеуге заңмен  қатаң тиым салынған.Егер сары өріктің дәні вареньеге қосылған болса,( көп дастарханнан көріп жүрмін және өте дәмді) рахаттанып жей беруге болады, себебі вареньенің құрамында қант өте көп болғандықтан синил қышқылы нейтралданып кетеді. Жалпы токсикологияда синил қышқылымен немесе цинанидтермен уланған адамға (егер тірі болса) антидот есебінде қант, глюкоза, метил көгі, натрий тиосульфатын пайдаланады.

4. Қортынды

Өрік ағашының өнімі – пайдалы тәтті жемістердің бірі. Өрік қантқа,органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1,Р, РР  дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Кептірілген өріктің құрамында калий мен қант көп болады. Өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар. Кептірілген өрікті несеп айдағанға қолданады. Өріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады.

5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тамақ өнімдерін тану. К.Кузембаев, Г.Кузембаева.
2. Аспаздық. К. Кузембаев.
3. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз