Өлең, жыр, ақындар

2018 жылы ҰБТ-ның қазіргі форматы сақталады

Жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне алып келеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

«Ақ жол» партиясынан талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден басқа баламалы нұсқа енгізу туралы ұсыныс жолданды. Бұл ұсыныс «Ақ жол» және «Нұр Отан» партияларының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен білім және ғылым, балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте бірнеше рет қарастырылды», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Осы орайда ҚР БҒМ бұл ұсыныс педагогикалық және ата-аналар қоғамымен де жан-жақты талқыланғанын, қоғамның көзқарасы бірмәнді еместігін хабарлады.

«Қоғамның көзқарасы бойынша жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты алдағы 2018 жылы ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсуге арналған қазіргі форматы сақталатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айнур

Салеметсіз бе? ҰБТ га тек кана Жогаргы оқу орнына тусетін окушылар гана тапсырады ма? Ал колледжге баратын окушыларга ҰБТ га катысу шарт па? Ерекшелігі туралы айтып берсеніз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар