Өлең, жыр, ақындар

Ағаш өңдеу

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№16 колледж
Орындаған: Ж-56 топ студенті Әбсеит Қайсар Серғазыұлы
Жетекшісі: өндірістік оқыту шебері Пантаев Еркеғали Сыдықұлы

Ағаш өңдеу - ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден өткізіп кәдеге жарату жолдары. Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т.б. тәсілдер жатады. Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы, саз аспаптары-ның, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік, қақпа және т.б.) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады. Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын) айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың жалынына шарпытып алса, ағаш талшықтарының шайырлы жерлері сақталып, шайыры жоқ тұстары күйіп, қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру таңбаларын, адам аттарын, ою-өрнек түрлерін қарып түсірген.Ағаш бөліктерін қатарластыра қари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қаратүстің арасындағы реңдерді шығарған. 

Ағаш өңдеу кәсібі қазақтардың өндірістік қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылған, өйткені ол тіршілікті қамтамасыз ететін мәдениеттің  элементтерін жасайтын.

Ағаш шебері— сүрек материалдарынан әртүрлі бұйымдар (терезе жақтаулары, ірге бастырғылары, жақтау маңдайшалары, бөлмелердің немесе ғимараттардың ішкі жабдықтарының элемент-тері, жиһаздар т.б.) жасайтын ұста.

Ағаш өңдеуші-ағаш  өңдейтін жұмысшы. Ағаш шеберінің құралдары көптүрлілігімен ерекшеленбейтін: шаппа шот, қашаулар мен пышақтар, біздер мен қысқыштар, аралар мен егеулер  жиынтығы. Сүт сауатын шелектер ағаштан жасалған. Қымызға арналған жиынтықтардың түрлері көп және сәнді болған: шара, тостағандар, қымыз құятын шөміштер мен ожаулар, олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болып, көбіне күміспен және сүйекпен әшекейленген. Май шайқайтын ағаш күбілерді қазақтар тек өздері жасап кана қоймай, жәрмеңкелерде даярларын да сатып алған.

Бүтіндей ойылып жасалғандары да, тақтайшалардан құрастырыл-ғандары да кездескен. Әр үйде дәнді дақыл түйетін келі мен келсап болған. Бүтін ағаш кесегінен жонылған, жалпақ түбі дөңгелек келген табақ ет салуға қызмет еткен. Әр түрлі жиһаздарға әсем ою-орнек молынан салынып, сырланған, жозыланған және күміс тілімдермен әшекейленген. Бұл жиһаз үй ішіне сән берумен қатар, тұрмыста керекке жаратылған. Оған жататындар: заттар мен киім-кешек салатын сандық, тамақ сақтайтын кебеже, ыдыс-аяққа арналған асадал, жүк жиятын жүкаяқ, жастық ағаш, адалбақан, төсек және басқалар.

Ағаш шеберханасы - ағаш материалдарынан бұйымдар жасайтын шеберхана.

Ағаштан жасалған көпір - тіректері мен аралықтары ағаштан жасалған көпір.

Ағаштан жасалған құрылыстар - құрылыстар немесе жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда жұмысшылар мен құрылыс материалдарын жайғастыруға қажетті уақытша жасалған қосымша құрылыс.

Ағаш шеберлік жұмыстары - беттерінөңдеп элемнттерін дәл қиылыстырып қосу арқылы сүректерден бұымдар жасау. Ағаш шеберлік жұмыстарға белгілеу, сүректерді механикалық тілімдеп өңдеу, желімдеу, фанерлеу, құрастыру және таза өңдеу жатады.

Ағаш шеберлік-құрылыс бұйымдары - бұған терезелер, есіктер, паркеттер және құрылыста сүректер мен сүрек материалдардан жасалған пішінді тетіктер, еденді жабуға арналған тақтайлар мен сырықтар, терезенің алдын жабатын тақтайлар, ірге бастырғылары, маңдайшалар, тұтқалар және қаптамалар жатады.

Ағаш шеберлік-құрылыс бұйымдар - сүрек материалдардың беттерін ұқыпты түрде өңдеп, элементтерің дәл қиылыстырып қосып жасалған бұйымдар.

Ағаш шеберлік - құрылыс жұмыстарын жасауға арналған жабдықтар- бұл жұмыстарды жүргізуге арнайы білдектер мен тізбектер колданылады.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз