Өлең, жыр, ақындар

Дүниежүзілік поэзия күні

Мақала ән секілді адам жадында сақталсын! Поэзия күні құтты болсын! 

Мақала  жазуда поэзияны қалай тиімді қолдануға болады? Есте сақта да, қолданып көр.👇🏻


👉 Эмоциялық әсер беру
Құр мақала оқырманды жалықтырып жібереді, ал поэзия сезіндіреді. Мақаладағы шағын өлең оқырманға ерекше әсер қалдырады.

👉 Қысқа әрі нұсқа айту өнері
Поэзия артық сөзді алып тастауды үйретеді. Журналист үшін бұл – ең маңызды дағды. 

👉Сөздік қорды байыту
Ұйқас іздеу ойды дамытады. 

👉 Вирустық әлеует
Егер өлең жолдарын көрерменнің көңілінен шықса, танымал фразаға айналуы мүмкін. 

👉 Жеке стиль қалыптастыру
Ақпарат ағынында бір-бірінен айнымайтын мәтіндер көп. Егер өзгелерден ерекше болсаң оқырман жадында сақталуға мүмкіндік туады.

👉Рухани азық
Жүректен шыққан сөз – жүрекке жетеді. Сіздің жазған поэзияңыз өзгелерге рухани азық, қараңғы жолда шамшырақ болуы мүмкін.

Кеңестер ұнады ма? 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз