Өлең, жыр, ақындар

Ағаш өңдеуге арналған токарлық станоктар

Оңтүстік Қазақстан обылысы
Шардара ауданы
№16 колледж
Орындаған: Ж-56 топ студенті Төлебаев Ерсұлтан Қайратұлы
Жетекшісі: өндірістік оқыту шебері Пантаев Еркеғали Сыдықұлы

 

Ірі өлшемді дайындамаларды өңдеу кезінде өңделетін дайындаманы көтеруге, орнатуға және алуға арналған аспап қолданылады. 
Ұзындығы 800 мм астам бөлшектерді өңдеу үші токарлық станоктар алмалы-салмалы люнеттермен қамтамасыз етіледі. Қырланған бөлшектерді шлифтеу үшін станоктар қалыптар қамтамасыз етіледі.Тура құрылғылармен жабдықталған станоктарда орталықта жұмыс істеген кезде (шайба алынған кезде) шпиндель қоршауы қарастырылады. Тұтқаны токарлық станокқа бекіту құрылымы жұмыс кезінде оның өздігінен ығысуын болдырмайды. Жапсырылған бөлшектерді өңдеу кезінде алдыңғы тарақтар мен артқы орталықтар үшін қатты металл тірек пластинкалар қолданылады. Тұтас бөлшектерді ұштау кезінде сыртқы жылдамдығы 15 м/с аспайды, жапсырма бөлшектердің жылдамдығы 10 м/с аспайды. 

Ағаш өңдеуге арналған шлифтеу станоктары

Шлифті қабатты (цилиндрді, дискілерді, бобиналарды, шкивтерді және жанышқышты) көтеретін жұмыс органдары теңгеріледі.Шекті дисбаланс пен теңгеру жағдайлары (статикалық немесе динамикалық) зауыт нұсқауларында көрсетіледі. Станоктардағы шлифті қабықша анти статикалық құраммен сіңіріледі, ал станоктардың статикалық электр зарядтарының жиналу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғылары болады. Үзілген, жақсылап желімденбеген немесе шлифті қабаттарының жиектері тегіс емес станоктарды пайдалануға болмайды.Таспалы станоктарда шливті таспаның жапсырмасының қосылған жері оның сыртқы (жұмыс) жағы оның қозғалысына кері бағытта болатындай етіп орындалады. Цилиндрлік станоктарда шлифті қабатты бекіту құрылымы оның цилиндрге толықтай орналастырылуын, жиналған жерлері мен шығыңқы жиектерінің болмауын және сенімді ұзартылуын қамтамасыз етеді. Цилиндрдегі қосу орындарындағы қаптамалардың жоғарғы жабын шеті цилиндрді айналдыру бағытына қарсы жағына қаратылады.Дискілі станоктарда шлифтеу қабатының ені станоктың диаметріне сәйкес болады. Шлифтеу қабаты дискіге мықтап бекітіледі және жиектерден шығыңқы бүрмелері мен өзге де ақаулары болады. Таспалы станоктардың жұмыс барысында шлифтеу таспасының тұрақты керілуін қамтамасыз ететін құрылғысы болады. Станоктардағы диаметрі 750 мм шлифтеу дискісінің жылдамдығы шеткі орындарда 38 м/с аспайды.Таспалы станоктарда шойын шлифтерін қолдану кезінде шлифтеу таспаларының жылдамдығы 30 м/с аспайды. Кең таспалы станоктарда шлифтеу таспалары толығымен жабылады.Таспасы тар станоктарда шлифтеу таспасының жоғарғы (жұмыс) бөлігі қоршалады. Шкифтер мен таспалардың, цилиндрлердің, дискілердің және щеткалы біліктердің жұмыс істемейтін бөлігінің қоршау құрылғылары тиімді түрде тозаң жоюды қамтамасыз ететін пневмо жүйенің тозаң қабылдағыштарымен біріктіріледі.Ұсақ немесе қисық сызықты бөлшектерді шлифтеу кезінде жұмысшының қолының жарақаттану мүмкіндігін болдырмайтын арнайы бұйымдар қолданылады. Станоктардың сорғы желдеткіші ажыратылған кезде, түтікшелер мен қоршау қақпақтары алынған және ашылған кезде станоктың іске қосылуын болдырмайтын бұғаттағыш құрылғылары болады.

Ағаш өңдеуге арналған бұрғылау және қашау станоктары

Кесетін аспаптарды дайындамаға тереңдету кезінде олардың қоршаулары аспаптың қалған бөлігін жауып тұрады, ал ол дайындамадан шыққан кезде ол толығымен қоршалады. Бұрғы патронмен бірге қоршалады. Бұрғылау станогының кесетін аспабын бекіту құрылымы оның нақты орталықтандырылуын қамтамасыз етеді. Қашау станогының суппортының шектегіш тіректері немесе соңғы ажыратқыштары болады. Шынжырлы қашау станоктарындағы кесу шынжыры сызғыш пен 0 Н күшінде сызғыштан оның орталығы бойымен тартылған шынжыр арасындағы аралық шамамен 3-5 мм болатындай етіп тартылады.

Ағаш өңдеуге арналған тиектеп кесу станоктары

Станоктар өңделетін материалдың ығысуы мен лақтырындысын болдырмайтын қолданыстағы қыспалы құрылғылармен сенімді түрде жарақталады.«Айыр құйрық» түріндегі станоктарда фрезалар жұмыс істемейтін жағынан сақтандыру аспақтарымен қоршалады. Қыспалар тұтас ені бойымен өңделетін бөлшекті жұмыс күйінде бекітеді. Екі жақты тиек кесу рамалы станокта жылжымайтын баға жағынан кесетін араның алдында кесу аспабына қатысты станокқа берілетін дайындамалардың қалпын реттейтін тректер орнатылады. Рамалы екі жақты тиектеп кесу станоктары автоматты іске қосқыштармен жабдықталады және конвейерден өңдеген материалдарды қабылдайтын көлбеу жазықтықтары болады. Тура тиекті жәшікке арналған станоктарда кесетін бастиектің қоршауы қалыңдығы 3 мм болат табақтан дайындалады. Қоршауды шойын мен пластмассадан дайындауға болмайды. Станоктың әрбір табанының бастиегі жеке электр жетегінен айналдырылады. Барлық электр қозғалтқыштары бір жалпы «Тоқтату» түймесінен ажыратылады. Беру тетігінің іске қосу құрылғысы кесу тетіктерінің біреуі болса да істен шыққан кезде дайындаманы беру тоқталатындай етіп, кесу тетіктерін іске қосу құрылғыларымен бұғауланады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз