"Төрт түліктің пайдасы" Біз бүгінгі қазақ тілі пәнінен өткен ашық сабақта көп нәрсені түсіндік. Сабақ басынан бастап қызыққа толы болып өтті. Сабақтың басын біз "Көңіл-күй" тренингімен бастап, бір-бірімізге сәттілік тіледік. Сабаққа үш топ болып қатыстық. Бірінші топ - бір-бірімен қол алысып, екінші топ- өзге тілде ал, үшінші топ ым-ишара түрінде амандастық. Ал, үй тапсырмасын сұрау кезінде мұғаліміміз Рыскүл Анасратдиновна бізге бұл сабақта Құпияға толы зат" келгенін айтты. Егер үйге берілген тапсырма мен экранда көрсетілген сұрақтарға дұрыс жауап берсек, құпия заттың не екенін білетінімзді айтты. Біз құпия затты тезірек білгіміз келіп, берілген сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бердік. Құпияға толы заттымыз да ашылды, жылтырақ қораптың ішінен сүт, ірімшік және құрт өнімдері шықты. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Төрт түліктің пайдасы" екенін білдік. Ия, бұл қораптан шыққан заттар сол төрт түліктен алынатын өнімдер еді. Жаңа сабаққа қатысты біз қораптан шыққан өнімдермен Сүт, ірімшік, құрт тобы болып, үш топқа бөліндік. 10 Оқулықтағы бізге таныс емес жаңа сөздермен танысып алдық. Сол жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрадық. Мысалы:Жылы көрпе, момын қой, қалың киіз, ақ сүт, тәтті ірімшік,т.б. Бұл сөздерді дәптерімізге жазып болған соң сүт тобы 9 сөздерді ал, ірімшіктобы жаңа сабаққа қатысты 10 сөздерді "Жаңа сөздер банкісіне" ал, құрт тобы сабаққа қатысы жоқ сөздерді 8 сөздерді тез теріп салдық. Мысалы:май, айран, ет, қымыз, шұбат, жүн, шұжық, ірімшік,сүт,сүзбе, т.б. Бізге суреттер берілді, сол суреттер бойынша үш топ кемі 20 сөзді тез жазып шығуымыз керек еді.Үш топ тағы да жылдамдық жасап, Сүт тобы 21 сөз, ірімшік тобы 22 сөз, құрт тобы 14 сөз жазып шықтық. Әр тапсырмадан кейін топбасшымыз бізді берілген ұпайлармен бағалау парағына бағалап отырды. Ал, сергіту сәтінде "Қошақаным қайда екен?" әнін бәріміз бірге орындадық. Сабақтың келесі кезеңінде үш топқа үш түрлі тапсырма берілді. Сүт тобына төрт түлікке қатысты өлең шығаруға, Ірімшік тобына төрт түлік өнімдерін жарнамалауға, Құрт тобына бүгінгі сабақ бойынша мақала жазуға тапсырма берілді. Біз топ болып, қызу кірісіп кеттік. Топтық тапсырмалардың бәрі қызық, бірігіп, ұйымдасып жұмыс жасадық. Бұл сабақта біз көптеген жаңа ақпараттар жинадық. Біз тек сиырдың сүтін ішіп үйренгенбіз, бірақ қойдың сүтін де ішіуге болатынын, білмейтін едік. Қойдың сүті сиырдың сүтіне қарағанда 1,5 есе майлы екенін және өте пайдалы екенін ұғындық. Ешкінің сүті де өте пайдалы екен, ертеректе анасыз қалған сәбиді ешкінің сүтімен асыраған дейді. Сонымен ешкінің сүті ана сүтімен пара-пар екен. Жылқының қымызында 28 түрлі дәрумен бар, түрлі ауыруларға емдік қасиеті бар екенін білдік. Осылайша жаңа технологиямен өткізілген сабақ қызыққа толы болды. Үш топ та өздеріне берілген тапсырманы алып шықты. Мен Избасар Ұлмира Құрт тобынан осы мақаланы жазып отырмын. Ал, Сүт тобының мүшесі Әбдәшім Гүлсаяның төрт түлікке қатысты өлеңін оқып көріңіздер. Түйеге "Ойсылқара" атамыз, Баққан екен данамыз. Түйені біз құрметтеп, Шұбатын да аламыз. Қой Момын ғой ол жануар, Аяса екен адамдар. Құрты да балдай тәп-тәтті, Қайда әдемі жануар. Жылқы11 Қамбар ата жылқының, Өті жоқтай шабады. Шауып-шауып алған соң, Бір дем алып қалады. Сиыр Зеңгі баба сиыры, Сүтінен мол береді. Сүтті де мол береді. Қаймағы мен ірімшігі. Ал, Ірімшік тобынан Сапарова Жанел төрт түліктің өнімдерін сүтті, ірімшікті, құртты жарнамалады. Сабақтың соңғы бөлімінде біз тыңдалым дағдысы бойынша мәтінмен жұмыс жасап, мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап бердік. Сабақтың соңында сабақты қалай түсінгенімзді "Екі алма" әдісімен алмаларды алма ағашына ілу арқылы аяқтадық. Жасыл алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым, көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. Тек бір оқушы қызыл алманы ілді, қалғандарымыз жасыл алма ілдірдік. Себебі, біздің көңіл-күйіміз көтеріңкі, тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтық. Үш топтың топбасшысы алған ұпайларымызды санап шығып, топтың бағасын, әр оқушының бағасын есептеп шығарды. Әр тапсырмаға бір ұпайдан берілді, ең жоғары ұпай жинаған топ Сүт тобы болды. Осылай Сүт тобы жеңіске жетті. Жоғары ұпай жинаған оқушыларға мұғаліміміз "5" және "4" деген бағалар қойды. Біздің әр сабағымыз осындай жаңа әдістермен қызықты болып өткізіледі. Избасар Ұлмира 5»Б» сынып оқушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Нурсаид
Өте жақсы ерінбей оқыңыздар