«Зерде» үйірмесінде оқушылар өз ұлтын сүюмен қатар, басқа ұлттарды сүюге үйренеді. Сонымен қоса өз хақының тарихын жақсы білетін болады және ана тілін құрметтецді. Осы үйірмеде басшылық жасайтын мұғалім оқушылардың ізденімпаздығын оятып, оларды жауапкершілікке, талапшыл болуға, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелейді.
«Озат» үйірмесіне қатысатын оқушылар білімнің және оқудың қажеттілігін түсінеді. Түрлі сайыстарға дайындық жүргізу баррысында оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеті дамып, зейіні артады, өз бетінше білім алуды үйреніп, оқу процесінде өзін-өзі және жолдасын бағалай білуге ұмтылады. Оқуға деген қызығушылығы молаяды.
«Ізденіс» үйірмесінде оқушы жан-жақты ашылып , сан түрлі қырынан танлады . Сонымен бірге келешегіне жол салып , қалаған мамандық иесі болуға алғашқы қадамдарын жасайды,мамандықтар туралы мәліметтер алады ,заман талабына сай қарқынды жетіліп келе жатқан тұлғаға айналады, еңбек етуді үйренеді.
«Іскерлік» үйірмесінде оқушылардың патриоттық сезімі молайып , ата-анасымен қарым –қатынасы едәуір жақсарады ,оқушының адамгершілік қасиеті оянып,имандылыққа бой ұрады ,оқушылар өз құқығын қорғай алатын дәрежеге жетеді,ата-аналар балаларын жіті бақылап ,барығы бірге тәртіп бұзушылықтың алдын алуға талпынады ,отбасы әдет-ғұрыптарын ұстауға жетелейді.
«Жедел жәрдем» үйірмесінде меткп психологтары оқушылардың ішкі және сыртқы келбеттерін ұштастыруға талпыныс жасайды, оқушыларды әдептілікке ,сыпайылыққа ,ізгілікке ,үлкенді сыйлауға , адамдарға жақсы қарым-қатынас жасауға үйретеді,сондай –ақ келеңсіз оқиғаға тап болған жеткіншектерге жасырын түрде жедел жәрдем көрсетіп , жамандықтан жиреніп ,жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді,халқымыздың салт-дәстүрлерін насихаттайды.
«Келешек» үйірмесінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушыларды өз келешектерін жарқын етуге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.Оларға денсаулықты сақтау жолдарын үйретіп,зиянды заттардан аулақ болуға баулиды. Сонымен бірге жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.
Жан-жақты үйлесімді дамыған азамат тәрбиелеудің бір негізі халықтық тәрбиемен ұштасады.Халықтық тәрбие ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жатады . Осы ұлттық педагогиканы мектеп өмірімен ұштастыра білген ұстаз биіктен көрінері хақ . Демек , ұлт боп қалып ,білімді азамат атану үшін біз өз салт-дәстүрімізді , әдет-ғұрпымызды ,бабалар өсиетін ұмытпауымыз шарт, себебі тарих –тұнған өнеге ,үлгі, жарқын келешек кепілі.
Дайырхан Ақкамшат Амантайқызы
№4 С. Сейфуллин атындағы орта метебінің
қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі