Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін.
Әлем алдыңғы қатарлы мектептер тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдаланып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою өзекті тақырып болып табылады.
Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену - заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген осы бағдарлама - Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін.
Білім беру - бұл жекелеген құбылыс емес, ол оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс-тәсілдермен жаңарту болып табылады. Н.Ә.Назарбаев: «Орта білім жүйесінде мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деген өз жолдауында.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде?
1. Ең бірінші пән мазмұнының спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді.
2. Оқу мақсатарына жету.
3. Ортақ тақырыптардың берілуі.
4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады.
1. Қалыртастырушы бағалау.
2. Жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан оқушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр.
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары:
1. Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуі;
2. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы;
3. Оқушылардың өзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы;
4. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі;
5. Оқушылардың өз жұмысын талдай алу білігі мен мүмкіндігі;
Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады:
1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды;
2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін.
Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
- Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
- Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді;
- Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі;
Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар.
Мақсатым:
- Оқушылармен бірлесе жұмыс жасау, өз бетімен шешім қабылдайтын, өз пікірін, өз ойын айта алатын тұлға етіп қалыптастыру.
- Сабақта түрткі сұрақты үнемі тиімді қолдану.
- Оқушыларды топқа бөлу арқылы оқытуға бағыттап отыру.
Міндеттерім:
- Сыныпта ынтымақтастық, қызығушылық орта ұйымдастыру.
- Жаңа бағдарламаның-әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал туғызу.
- Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, жүйелі ойлана білуге, сөйлей білуге бағыттау.
Күтілетін нәтиже:
- Сабаққа түрткі сұрақтарды пайдалану оқушылардың сабаққа ынтасын, белсенділігін көтереді, сөздік қорын молайтып, оқушылар топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға дағдыланады.
- Оқушылар өзара пікірталасқа түседі, сауатты сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №142 орта мектебінің |
Сыныбы: 7 |
|||||||||||||||||
Тақырыбы: Шеміршекті балықтар: акулалар мен скаттар. Бекіре балықтар, маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар. Саусаққанатты балықтар, олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы |
Мұғалімнің есімі: Сыздықбаева Әсел Шахмұратқызы |
|||||||||||||||||
Оқушы саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Шеміршекті балықтар: акулалар мен скаттар. Бекіре балықтар, маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар. Саусаққанатты балықтар, олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегінің маңызы туралы білу |
|||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Шеміршекті және қостынысты, саусаққанатты балықтардың ішкі және сыртқы құрылысымен танысады, балық шаруашылығы үшін маңыздылығын біледі, түрлерін ажыраты алады. |
||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Балықтардың түрлерін ажырата алады, тақырып бойынша өз сөзімен баяндайды, қорытынды жасайды |
||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Тақырыпты сурет бойынша өз сөзімен баяндап, қорытынды жасайды |
|||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Шеміршекті, бекіре, қостынысты, саусаққантты балықтар, торсылдақ, жүзбеқанттар, шеміршек |
||||||||||||||||||
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: сүйекті және шеміршекті балықтардың ерекшеліктері мен ұқсастығын ажырату Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? - Балықтарды зерттейтін ғылым не деп аталады? Жазылым бойынша: Сүйекті және шеміршекті балықтардың ерекшеліктерін «Веен дмаграммасы» стратегиясы бойынша ажырату және «Сәйкестендіру тест» орындау |
||||||||||||||||||
Алдыңғы тақырып (меңгерген дағдылар) |
Балықтардың көбеюі және дамуы. Мінез – құлығының ерекшеліктері. Балықтардың өрістеуі. Өсімталдығы және ұрпағына қамқорлық жасауы туралы тақырыпты қорытындылап, түсіндіреді. |
|||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Басталуы: 6 минут 1 минут 1 минут 4 минут |
Ынтымақтастық атмосферасы мен көтерінкі көңіл-күй: ... Психологиялық дайындық, «Бас бармақ» стратегиясы Топқа бөлу: «Акулалар» мен «Скаттар»
Зейінді шоғырландыру: «Балықтардың түрлері» бейнекөрсетілім |
Бас бармақ «Акулалар» мен «Скаттар» сурет Бейнекөрсетілім |
||||||||||||||||
Ортасы: 34 мин
3 минут 5 минут 20 минут 2 минут 4 минут |
Мұғалім оқу материалын қосымша ресурстар арқылы түсіндіруді ұйымдастырады. 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
|
Слайдтар Суреттер A4, маркер, стикер Дәптермен жұмыс Үлестірме (слайд) Бағалау парағы
|
||||||||||||||||
Аяқталуы: 5 минут 4 мин 1 мин |
Кері байланыс: «Сәйкестендіру тесті» стратегиясы Көрме: «Біздің жұмыс партамыз...» (постер, суреттер, дәптер, үлестірме, бағалау парағы), (оқушы жұмыстарын бағалау) |
Үлестірме Парталар |
||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға жаттығуларды күрделендіруді қалай жасайсыз? |
Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс. Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері. АКT байланыстары. Құндылықтардағы байланыс. |
||||||||||||||||
«215» стратегиясы «Биологиялық диктант» стратегиясы «Сәйкестендіру тесті» стратегиясы |
Бағалау критерийлері |
География |
||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға жазыңыз. (Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз) |
|||||||||||||||||
Сабақтың шынайлығы сақталды Оқушылар бүгінгі жаңа сабақтан сүйекті балықтар мен шеміршекті балықтардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтап, білді. Оқушылар сабаққа араласып, белсенділіктерін көрсетті. Сабақ өте сәтті шықты Сабақ барысында уақыттан ауытқулар байқалды Постер қорғау кезінде уақытты үнемдеп, сызбаларды нақтылап сызу |
||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау: Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Постер қорғау 2. Дидактикалық тапсырмаларды тиянақты орындау Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. Оқушылардың сабақта еркін меңгеруі 2. Топ ішінде ынтымақтастықта жұмыс жасауы Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1. Білімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар беру керек екенін 2. |
Әл-Фарабидің «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген сөзін ескере отырып алдағы уақыттағы жаңартылған білім беру бағдарлама бойынша жұмысты жүйелі, тиімді жүргізу арқылы оқушылардың тереңде жатқан ойын дамыта, оларды сөйлеуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өмірде де тиімді пайдалана алатындай дәрежеде дәлелдеуге үйрету - мұғалімнің мақсаты деп ойлаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі