Өлең, жыр, ақындар

Ұйықтар алдында спортпен айналысуға болады ма?

Бүгінде көптеген адамдар салауатты өмір салтын ұстанбағандықтан түрлі деңгейдегі ауыруларға ұшырап жатыр. Атап айтсақ, артық салмақ, отырып жұмыс жасайтын жұмыстар нәтижесіндегі түрлі аурулар. Ұзақ қимылсыз отырып жұмыс істеп тапқан ауырумен қалай күресуге болады? Дене жаттығулары, бұқаралық спорт түрлерімен тұрақты айналысу оның шешімі екендігін көпшілік адам біледі. Алайда жаттығуды қай уақытта жасау керек? Кез келген уақытта, әсіресі жұмыс уақытының соңында дене жаттығуларын жасау қаншалықты пайдалы?

Ұйықтар алдында таза ауада қыдырыңыз. Кешке дейін жаттығу залдарында болыңыз. Морфейдің уытына мас болардың алдында қан айналымын жақсарту үшін қажеттілердің барлығын жасаңыз...

Жаттығу залдарында осындай мақсаттарда болу ол негізінен ұйқының бұзылуына және ұйқысыздыққа алып келетін жағдайларға алып келеді. Тым кешке спортпен шұғылдануға болады  ма?

Тәртіпке сәйкес, фитнес жөніндегі нұсқаушы және ұйқының бұзылу жөніндегі мамандардың пікірі бойынша, ұйықтар алдында бірнеше сағат бұрын белсенді физикалық жаттығуларды жасамау керек. Өйткені жаттығу кезінде көтерілген адреналин мен басқа да гормондар қалыпқа түсуі үшін тынығар алдында кемінде үш сағат уақыт өтуі тиіс. Ұйқысыздықтың басты проблемасы да осыдан туындауы мүмкін. Өйткені қарқынды жаттығу кезінде көтерілген дене қызуы ұйықтағанға дейін қалпына түспеу, басқа ағзалардың қалыпты жұмыстарына әсер етеді.

Бүгінде кешкі жаттығу адам ағзасына, зиянын тигізетінін, әсіресе ұйықының бұзылуына алып келеді деген теорияны дәлелдеу мүмкін болмай отыр. Алайда «Психология және іс-әрекет» (Psychology and Behavior) журналының 1998 жылы жарияланған зерттеуде студент топтарды екі күн қатарынан кешке жаттықтыру нәтижесі жарияланды. Күн сайын кешке, ұйықтар алдында олар бірінші рет тоқсан минут, ал екінші рет жарты сағат белсенді дене жаттығуларын жасаған. Осы эксперименттік зерттеуді жүргізген ғалымдар кеш жасалған дене жаттығуларының зиянды тұстарын байқамаған. Сондай-ақ, зерттеу ұйықтар алдында дене қызығуын жаттығу арқылы көтеру ұйқының сапасына да айтарлықтай оң әсер еткен. Бір айта кетерлігі, бұл дене қызуын төмендететін ми қызметінің жұмысын жақсартқан.

Көптеген ғалымдардың басын қосатын ұйым спортпен кез келген уақытта шұғылдану адам ағзасына пайдалы деген тұжырым жасады. Алайда адам ағзаларының сан алуандығын да ескерген дұрыс. Кейбіреулер ұйқы алдындағы жаттығуды жақсы қабылдап, ағза жұмысы күшейе түседі, ал кейбіреулерінде керсінше болып, олардың ұйқысы бұзылуы әбден мүмкін. Сондықтан да жаттығу жасаудың ең тиімді уақытын таңдау маңызды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз