№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: А-41 топ студенті Қарабалаев Бекзат Даулетбайұлы
Жетекшісі: Ибраемов Аманолла Мейрамханович
Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдық (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады. 1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта қалып келді. KCPO-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды. Бірақ кешеннің, құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 белігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады. 1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.
Қазір зауыт Қазақстанның мұнай жөне газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. Олар техниканың жаңа түрлерін - шағын бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды жөндеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады. Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жұмыскерлер қызмет етеді. Бірак кешеннің өнім өндіру үлесі небәрі 3%-ды ғана құрайды. Қазақстанның тұрғын халқының шағындығына байланысты, машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін емес. Сондықтан олардың алдында ең маңыздылары мен болашағы барларын таңдап алу міндеті тұр. Оларға, ең алдымен мұнай, металлургия, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттық әлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті - ел ішіндегі көптеген өндірістердің дамуына жағдай туғызу. Әзірге біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік), Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады. Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады.
Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру. Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл - шығарылатын енімдердің күрделілігіне байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7
- https://kk.wikipedia.org/wiki/Машина_жасау_кешені
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі