"Өзекті жаңалық-өз уақытында" демекші, бүгінгі жаға ұстатарлық жаңалықтан соң мән бермей өту мүмкін емес болды. Жасыратыны жоқ, осы оқиға өзімнің де басымнан өткен. Шакир Хаxазов мырзаның "енді бейнекамераны мектептің іші-сыртына ғана емес, әрбір кабинетке орналыстыру керек" дегенін толықтай құптаймын. Себебі, осы жағдайда ғана мәселенің ақ-қарасын анықтап, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігіне көз жеткіземіз. Сонымен, қатар мұғалім мен оқушының арасындағы кикілжіңді шешуге мүмкіндік аламыз. Олай болса, әңгімемізді болған проблемаға сай өрбітейік.
Бұл оқиға дәл бүгін орын алып отыр. Алматы облысы, Іле ауданындағы, #17 мектепте үш жылдан бері қазақ тілі пәнінің мұғалімінен қорлық көріп, төзімдері таусылған олар, барлық шындықты жайып салу үшін, ұстаздарының оқушылардың бірін жұлқылап жатқан тұста, видеоға түсіріп алып , шағымданған. Ата-аналарына жеткен бұл шудың арты үлкен дауға ұласып, теледидар бетіне шығып, әлеуметтік желіде бірі ұстазды қарғап, бірі қолдап өз пікірлерін жарыса жазды. Мәселенің анық-қанығын зерттесек, балалардың бұлай шағымдануына себеп болған, олардың ұстаздарының балағаттауы екен. Тіпті, боқауыз сөз де емес, отбасы мүшесі толық еместерді "жетім" , "сорлы" деп, оқымайтындарды "топас" деп кемсіткен. Бұнымен қоса, сабақ уақытында көбіне өзінің өмірі жайлы айтып, сабақты өткізеді екен. Ал, бағаларын диктанттарын тексеріп берген жағдайда ғана, қояды екен. Осыдан 1-2 жыл бұрын арызданған оқушыларды ата-аналары мен мектеп басшысы "бала ғой", "мұғалімдікі дұрыс" деп, айтқан наздарына құлақ та аспаған. Бұл мәселеге бейжай қарауға болмас. Осыдан 1 жыл бұрын ғаламтор желісінде студенттер ұстаздарына бейәдеп сөз айтып, видео жүктегендері үшін жауапқа тартылып, абақтыға қамалған еді. Бала болса да ол адам! Қаншама жылдан бері, оқушылар видео да салды, шағымданды, алайда, "көргенсіз" ұстаздарды мектептен шығарғаннан басқа шара қолданылмай, жылы жауып қоя салатын. Ендігі мәселе- соттың құзырында.
Өзім де оқушы болғандықтан, олардың жанын менен артық ешкім түсінбес. Сөзімді қорытындылай келе, оқушыларға "оқымасаңдар, өздеріңнен көріңдер", "кезінде бізді ұрып-соғып тәрбиелеген,ештеңе жоқ,өлген жоқпыз" сынды ойларын білдірушілерге айтарым, бала құқығына қол сұғудың қажеті жоқ, өздеріңіздің балаларыңызбен осындай жағдай орын алса, түсінетін едіңіздер. Одан да, бала тәрбиесіне арналған кітаптарды оқыңыздар, көмегі тиер. Ал, ата-аналарға айтарым, "бала" деп аузын жаба бергенше, оның жеке пікірімен санасыңыз. Мұғалімнен де, ата-анадан да зорлық көріп өскен бала ешқашан өз қатесін түсінбейтін болады. Керісінше, айналасын жазғыра бастайды. Келешекте балаңыздың түк шешім қабылдай алмайтын, жасқаншақ, өзіне сенімсіз, сөзге шорқақ, өзі қорқақ, ызақор, кекшіл болып өскенін қаламасаңыз, оған қамқор әрі қорғау болыңыз. Тек сол кезде ғана балаңыздың да маxаббатына бөленетін боласыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі