Өлең, жыр, ақындар

Асқазан-ішек аурулары кезіндегі емдәм

Ішкі жараны емдеп жазудың басты тәсілдерінің бірі — емдәм сақтап тамақтану. Сырқат адамдардың әрқайсысы қалай тамақтану керек екенін, нені жеп, нелерден бас тартуды, тамақты қалай әзірлеп ішу қажеттілігін жақсы білуі тиіс.

Емдәм аурудың кезеңдеріне — асқынуына, қайта басталуына, мүлде қайтуына қарай өзгеріп отыратынын естен шығармаған абзал. Жара қай жерде болса да, асқынған қезінде емдәмді мұқият сақтау қереқ. Мұны №16 емдәм деп атайды. Бұл емдәм бойынша тамақтанғанда сырқат адамнын ішіп-жейтіні: батоннан немесе бөлкеден жұқалап кесіп, кептірілген нан (қүніне 75-100 гр). Жер алдында кептірілген нанды сүтке немесе сорпаға салып жібітеді. Ет пен балықты еттартқыштан өткізіп кнели, езбе, суфле түрінде буға пісіріп береді. Жұмыртқаны уызын қатырмай пісіріп, омлет түрінде жейді. Сұлы, күріштен сұйықтау етіп ботқа жасайды. Сүт тағамдарынан қаймағы алынбаған сүт, кілегей, сары май беріледі. Сорпа күріш, сүзіш, жармадан кілегейлі қайнатпа түрінде жасалады. Ол үшін жарманы суға қайнатып, пісіріп алған соң сүт құйып, май салады.

Кисель, итмұрын қайнатпасын, сүт ішуге болады. Мұндай емдәмді үйде жатқанда 5-7 қүндей сақтап, одан кейін оны бірте-бірте толықтырады. Аддымен кептірілген нан, қабығы кептіріліп, қыртысы алынған ақ нан желінеді, түскі, кешкі тамаққа картоп езбесін қосады, сүт, кілегей қатып қою шай ішеді.

Бұдан кейін 3-4 күн өткізіп барып, №1 емдәмге көшуге болады. Бұл емдәмге қарынның ішкі кілегей қабығы қатты тітіркеніп кетпейтінтей, қарын сөлі көп бөлінбейтіндей тамақтар қосылады. Тамақты майдалап, буға және суға қайнатып пісіреді.

Енді сырқат адам мынадай тағамдарды ішіп-жей беруіне болады: сүт, кілегей қатқан шай, кілегей, жемістердің су қосқан шырындары, көкөніс, қышқылсыз жидектер, кепкен ақ нан, кептірілген ақ нан, бисквит, құрғақ печенье, тұздалмаған сарымай, жаңа алынған ақ ірімшік, ашымаған қаймақ, тұзы аз ірімшік, шала піскен жұмыртқа, буға піскен омлет, кілегей сорпа, сол сияқты ұндалған жармалардан (көкөніс қайнатпасы да жарайды), қырықабаттан басқа көкөністерден жасалған көже, кеспе, майсыз ет, буға пісірілген балық котлеті, фрикаделькалар немесе қайнап піскен кесек ет, балық; май немесе сүтке пісірілген жұмсақ ботқа, буға піскен пудцингтер; қайнап піскен вермишель немесе ұсақтап кескен макарон; езбе түрінде немесе ұсақтап пісірілген көкөніс (картоп, сәбіз, қызылша, асқабақ, салат), жидектердің тәтті түрлері (бүлдірген, таңқурай), пісірілген және үгілген жемістер; үккен жеміс компоты, крем, желе, кисельдер (қышқыл жидектерден жасауға болмайды), сүттен жасалған тұздықтар (бешамель).

Сырқат адамның тамағында дәрумендер құрамы жеткілікті болуы тиіс. Бұл үшін итмұрын қайнатпасын және жидек, таңқурай, мандарин, апельсин шырындарын шикілей ішкен жақсы. Шырындарға қайнаған суды тепе-тең етіп қосады.

Тұтынуға болмайтын тағам өнімдері: ет, балық сорпалары, қозықұйрық саңырауқұлағы және басқа күшті көкөніс қайнатпалары, тұздықтар, семіз ет, балықтар, қуырылған ет, ащы тағамдар, піскен қуаты күшті тағамдар, қалбырланған ет, ашытып пісірілген нандар, қара нан, аса салқын сусындар, жемістер, балмұздақ. Спиртті ішімдіктердің бәрі, темекі де сөзсіз зиянды.

Сырқат адам күніне бес-алты рет тамақтануы тиіс.

№1 емдәмді әркез пайдаланып тұруға тура келеді. Мұны асқазан жарасы бар адам ауруханадан үйге шыққанда үш-төрт айға, көктем мен күзде сақтану үшін емделгенде, және де дәрігер мұны шипажайда болатын кезге сәйкестендіріп тағайындайды.

Егер сырқат 3-4 ай ішінде ауру күшейгендей ешнәрсе сезбесе, сергек болса, онда емдәмді біраз байытуға болады. Құрамында мал және өсімдіқ ақуыздары, майлары, көмірсулар мен дәрумендер, минералды сулар, аралас жасалған әртүрлі тағамдар өте тиімді.

Бірақ аурудың осындай әжептәуір ұзаққа созылған бәсеңдеу кезінің өзінде де сырқат адамның күшті, тұзы ащы тағамдарды ішіп-жемегені жөн. Буға пісірілген етті, қайнатып пісірген және сырты қабықтанбай қуырылған балықты, буға пісіріп алып, духовқаға аздап қатырылған котлетті жеуіне болады. Қойдың майын жеуден аулақ болып (шошқаның етін, майын мүлдем жемеу керек), тамақ құрамына өсімдік майларын (зәйтүн, күнбағыс) қосып дайындау керек.

Тамақты ұдайы бір мезгілде күніне 3-4 рет ішу қажет.

Мұнда да спиртті ішімдіктер ішуге, темекі тартуға тыйым салынады. Ең дұрысы өмірде мүлдем қолданбаған абзал.

Аурудың пайда болуында жүйке факторының да ықпалы зор болғандықтан, сырқат адамның сабырлы болып, жақсы ұйықтағаны жөн.

Ал дәрі-дәрмектерді дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану қерек. Оны да мезгілінде және дұрыс пайдаланбау зиян екенін әрдайым есте ұстаған абзал.

С. Сұбханбердин


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз