Өлең, жыр, ақындар

Жоғарғы сыныпта аргументті жазбаша сөйлеуге оқыту әдістемесі

Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға толған жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Солардың бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде нақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жоғарғы сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік тұстарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айтып және түсініп жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі қоғам талабы. Себебі, біріншіден, тіл – тұлға мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып  жазу оқушының басқа адамдармен еркін қарым-қатынаста болуына мүмкіндік береді.

Н. Ю Вторушинаның пікірінше, шетел тілін, жалпы кез келген тілді үйренуде немесе үйретуде жаза білудің, жазбаша тілдің маңызы зор. Ал жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында аргументті жазбаша сөйлеуге оқыту жаза білуденде маңызды деп айтсақ болады.  Жалпы түсіндірме сөздікте, аргумент - бұл «бір нәрсені дәлелдейтін дәлел, негіз» деген түсінік береді. Аргументтер - қоғамдық өмірдегі, оқиғалардағы, өмір жағдайларындағы және өмір тәжірибелеріндегі, ғылыми дәлелдемелердегі, ғалымдардың пікіріндегі, әдеби шығармалардағы және т.б. фактілер болып табылады. Аргументтер мықты және сенімді болуы керек. Аргументті жазбаша сөйлеудің  коммуникативті мақсаты - кез келген ереженің дұрыстығына әңгімелесушіні сендіру, басқалардың пікірлерін, көзқарастарын қабылдауға мәжбүрлеу.

Қорытындылай келе жоғарғы сынып оқушыларын аргументтік жазбаша тілге үйрету және дамыту жолдарында, түрлі жаттығулар ұсынып, жаңа материалдар қолданып, түрлендіріп өз ойларын айтқызып қана қоймай оны нақты дәлелдермен көрсетіп, сендіріп отырған кезде ғана оң нәтиже беретіні сөзсіз.

М.Өтемісов атыдағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
Шет тілдері кафедрасы аға оқытушы: Нурушева Тамара Ивановна  
Студент: Асқарбай Мөлдір Асқарбайқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз