Өлең, жыр, ақындар

Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер

Тақырыбы: Ұмыт болып бара жатқан салт дәстүрлер

Ғылыми жобадағы мақсатым: Салт-дәстүр атадан қалған мұра. Елімді, өз туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрегіммен сүйемін және әлемге танытқым келеді. Себебі қазағымның асыл қасиеттері жүрегіме қуат, көңіліме мақтаныш береді. Менің бұл ғылыми жобадағы басты мақсатым  отанымызда қолданыстан шығып  қалған салт дәстүрлермен  жақынырақ  танысқым келді, жоғалып  бара жатқан салт  дәстүрлерді   қайта  жаңа  қолданысқа енгізгенін  қалаймын. Әр  мектепке  ертедегі  қазақтар  қолданып  келген  дәстүрлерді  үйрететін  пән  ашылса  деймін, сонда  келешекте  тәрбиеге бай салт-дәстүрлер  мәдениетінің  нәрімен адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай жасалар еді

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды.   Алайда   қазақ  елінде  ертеден  қолданылып  келе  жатқан  салт-дәстүрлерұмыт  болып  бара  жатыр.

Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылған. Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Халықтың бұл дәстүрі де қонақжайлықты, жомарттық пен мәрттікті, бірлікті меңзейді  .Қуантатын  жайт  қазақ  ескірген  дәстүрлерді  жаңарту  мақсатында  түрлі  мерекелер  ұйымдастыруда.   Жақында  ғана  Астана  қаласында  «Қымызмұрындық»  атты  фестиваль  өтті.

Ерулік беру — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қарта, жал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.

Жылу жинау- Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор тасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар.

Мойнына бұршақ салу- Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.

Ат тұлдау- Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.

Әмеңгерлік — дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан “аға өлсе, жеңге — мұра, іні өлсе, келін — мұра”, “әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген қағидаға айналып, әдеттік заң нормасы ретінде қалыптасқан. Әмеңгерлік мәселесі ру ақсақалдарының басқаруымен қандас туыстар арасында мұқият талқыланған, ортақ ұйғарыммен шешілген.Тіпті  ұлы  Абайдың  әкесі  Құнанбай да  Ұлжанға  әменгерлікпен  үйленген.Осы  салтттың  арқасында  көзі ашық  қазақ  жетімін  жылатпаған.

Ақсарбас атау- Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс

Құрсақ той, құрсақ шашу — бұл өзінің келінінің аяғы ауыр екендігін білген ене достарын, туыстарын, көрші-қолаңдарын шақырып, мол дастархан жаю дәстүрі.

Бұл шараның мақсаты жүкті болған келіннің көңілін аулау. Үлкендер жағы болашақ анаға баталарын берсе, құрбылары, жеңгелері өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөліседі.

Абысын асы-Бұрыңғы кезде қазақ келіндері ерлерінің рұқсатынсыз көңіл көтермеген. Ерлері тойға, айтқа кеткен кезде ауылда тек әйелдер ғана қалған. Осы кезде олар дәмді еттерін асып, самауырынға шәйлерін қойып, бастарын бір жерге қосып әзіл-әңгімелерін жарастырған. Бұл қазақ әйелдерінің береке-бірлігін, татулығын арттырған. «Абысын асы» әйелдердің татулықта өмір сүруіне тәрбиелейді.

Қап қағар –қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қапта болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр “ ет қайтар” деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөліп жейді.

Наурыз төлі -төл басы ретінде қараған, төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға бермейді. Мұндай мал тек қызығына, тойына сойып, ырым еткен.

Аушадияр - Үйлену  тойы кезінде айталатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жай өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Көркем шығармашылықпен айтылатын той көркі, салтанат сән, өнегелі өнер. Мұны іздеп тауып өмірге әкелген жазушы Уахап Қыдырханов екен. Аушадияр жырының үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын айту керек, бұл Қазақстан елінде айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған.

Өңір салу- Отқа шақырумен (кей жерлерде «үй көрсету» немесе «есік ашар» дейді) бірге болып жататын ендігі бір кәде өңір салу. Мұнда ылғи бәбішелер келеді. Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі сықылдылар іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер. 

Атбайлар -  Мұныда екі түрі бар. 
Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын туытсра оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты «атбайлар». 
«Атбайлардың» екінші түрі кәде. Құда құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «атбайлар» деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды. 

Асату-Көпшілік аузы дуалы, елге сыйлы ақсақалдар өз қолымен табақтың түбінде қалған асты өзінің балаларына берген. Бұрыңғы кезде балалар қонақ шақырған үйді айналшықтап жүрген, өйткені оларды кез келген уақытта асқа шақырып қалуы мүмкін. Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өзінің шығармаларында бұл дәстүрлі насихаттаған болатын.

Құйрық бауыр - «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген. 

Енші беру - Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс.

Сүт ақы 
Қыз ұзату тойы мерзімін қалыңдық ауылы құдаларымен келісе отырып белгілейді. Бұл тойға күйеу бас құда бастаған құдалар тобымен және өнерлі күйеу жолдастарымен келеді. Мұнда құдалық кәделері өте көп. Соның ішіндегі жолы бөлек, қымбат кәделердің үлкені «сүт ақы» деп аталады. 

Ұмыт  болып  бара жатқан  салт  дәстүрлерден  бөлек  қазақ  халқының  дәстүрлеріне  ұқсас  салттар  бар.  Мысалы:Пасха  мерекесі   қазақ елінде  тойланатын  наурыз  мерекесіне  ұқсас.

Ұлы батырымыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» десе, батыс ойшылы В.Г Белинский: «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Қазақ халқындағы секілді орыс дәстүрінде де ер адам үйдің басшысы, отағасы, отбасының қорғаушы, қамқоршысы саналады. Ер адам тұтынған заттар киелі деп есептеліп, құрметпен қараған. Мәселен, үйлену тойынан кейін, қалыңдық өз ер азаматының аяқ киімін шешіп жоғары қояды, бұл ер азамат қашанда әйел адамнан жоғары тұру деген мағынаны білдірсе керек.

Қорытынды: Ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін мақтан тұтамын. Халық-қалың орман,әрі пана,әрі қорған", - деп Қ.Мырзалиев ағамыз жырлағандай, әр халықтың өзінің кәсібіне,сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын салт-дәстүрі болады. Халықтық салт – дәстүр, мәдениет құндылығы – халық қазынасының озығын, ақылды да әдепті жан – жақты жетілген патриоттық сезімдегі азамат тәрбиелеуде пайдалансақ, қателеспейміз. Жан – жақты ел тарихын білетін, Отанын сүйетін, заман талабына сай оқушылар мен жастарды тәрбиелеу бүгінгі күн талабы! Тәрбие  біздің қасиетті  салттарымызға байланысты.Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  ұмыт  болып  бара  жатқан  салт-дәстүрлерді  жаңғыртуды көздеп  отыр  .  Әр   мемлекеттің  көркі  дәстүр  салтына байланысты. Сондықтан  қазақтың   асыл  мұраларын  көзіміздің  қарашығындай  сақтап  келешек ұрпаққа  жалғастырып отыруымыз  қажет. Еліміз  салт-дәстүрге бай  болсын дегім  келеді.

Орындаған:Каналқұл  Гүлсая


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (8)

AisuluZh

Шынымен де салт-дәстүрлердің көбісі ұмыт болып бара жатқаны әрине ойландырады...

Нұрай

Көп көп рахмет. Өз керегімді таптым

Аяулым

Ия расымен бұл салт дәстүрлер ұмыт болып бара жатыр біз осы дәстүрлерді барынша жиі қолдануымыз керек

Айару

Рахмет мен керек ақпаратымды таптым

Нұрбек

Мен таптым керегімді рақмет

Ажар

Мақала үшін көп көп рақмет! Керегімді таптым!

Бейсек

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер