Өлең, жыр, ақындар

Салт-дәстүрлердің қазіргі уақытта түрленуі

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай халық десе де болады. Ата-бабамыз салт-дәстүр жағынан нық болған. Заманнан заманға жеткен дәстүрде, жете алмай қалған яғни аз адамның миында сақталған. Қазақтың салт-дәстүрлерін жекелей атап өтер болсақ:Қызға қатысты салт-дәстүрлер, үйлену салттары, есім қою, жалпы дәстүр бабадан қалған сан жетпес қазына. Ғасырлар бойы сақталған дәстүр, қазіргі заманға дейін сақталып әрі ұмытылғандары да бар!

Мысалы ретінде, қыздардың шашбау тағуы. Шашбау тағу бір жағынан мәдениетте дәстүрде болатын құндылық. Шашбауды таққан яки таққызған мақсаттары:»қ ыздың мінезін, тәрбиесін, ата-анасы қандай» деген сұрақтарға жауап береді. Қазір жүрегі «қазақ, салт-дәстүр»деп тұратын қыздар бар бірақ, санаулы-ақ өте санаулы. Дәстүр сақтап  шолпыны таққанымен  ол аруды зерттеп отырған қарт барма? Болса игі!
«Айдар» жасау дәстүрі де бар. Сонау Түрік бабадан сақталған Сол дәстүрді қазіргі таңда жасап жатқандар аз. Әрине, жоқ демеймін, бар! Айдарды жолы болсын, батыр қадамды болсын, қиын жолды болсын дейді. Қиын жолды деген-бәсекелесі аз болсын дегені! Қазақта қай салт-дәстүр болмасын тегін болмаған. Мән-мағынасымен болған! 

Қазіргі таңда ұмыт болған салт деуге болмайтын шығар бірақ, ұстанатындар сирек кездесіп жатады. «Жеті ата» салты. Жеті ата аты аталғанда қандас болып қалмау. Бұл салтқа зер салсақ, бұрындары өте қатты мән берген. Бұл салттыңда тегіннен-тегін шығарылмағанына былайша көзжеткізейік, яғни баланың ауру болып туылмауы, өз туысынан аулақтану т. с. с мәселе. Ал қазіргі таңда, бұл салтты біле тұра орындамайды да. Тіпті руын үйленгеннен кейін біліп жатқандарға не айтуға болады дерсің. Көбіне ауылдық жерлерде әлі ұстанатындар баршылық. Бұл салт өте-өте маңызды.

«Нәрестеге есім қою» салт-дәстүрі. Нәрестеге бұрыңғы қазақ халқы-бесікке салып немесе шілдеханада туыстарымен, дос-құрбыларымен есімін қоятын еді. Ал қазір, кей үйде дәстүр орындамақ, «бесік бар ма?» десең, жоқболыпжатады. Нәрестеге әншейін, құжат түрінде  қоя саладыда, шілдехананы жеке есімімен өткізіп жатады. Ал, бесікке, салып, есім қоюды-ауылдағылар орындап жатады. Қалада салт-дәстүр мәні көрінбей жатқандай.

«Тұсау кесу» бұл міндетті тұрде орындалатын салт-дәстүр. Баланың тез жүруі үшін септігі бар. Бұл ұмытылған дәстүрге жатқызуға болмайды, ережесін өзгерткен дәстүр дейік. Ережесі былай еді:Киіз үйге, қарт кісіні яғни ауылдың ең кәрі кісісіне тұсауын кестіртетін. Ал қазір, танымал тұлғаларға әрі жап-жас адамдарға кестіртіп жатады. Ұмытылмаған бірақ, өзгертілген дәстүр!

«Туған жерге аунау» дәстүрі. Бұрындары бабаларымыз біраз уақытқа басқа жерге кетсе, туған жеріне деген сағынышын, кеудесіндегі махаббатын былайша бағалайтын  екен: өз  еліне келген  сәтте халық куә болардай, сол туған жеріне жатып кеп аунайтын болған. Қазір мүлдем жойылған салт-дәстүр.  

Жалпы салт-дәстүрді  атай берсек өте көп, өте бай. Қазіргі заман яғни 21 ғасырда сол ата-бабамыздың қалдырған алтын қазыналарын жадымызда тіпті үнемі есімізде, жадымызда сақтаулы тұрып қана қоймай іске асыра білуіміз қажет. Біз жасап дамытпасақ, өзге елдер дамыта да, біле де, үйрене де, қызыға да алмай қалады. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген сияқты….

Джасыбаева Венера, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2-курс студенті, ғылыми жетекшісі ҚАЗҰУ-нің аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Марат

Дәстүр фильмінен соң кейбір дәстүрлер туралы ойланып қалдым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз