Өлең, жыр, ақындар

Айбыны асқақ, тұғыры биік — Елордам

Қызылорда қаласы, үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 10 сынып оқушысы -  Еркін Аида Еркінқызы

Жетекшісі: Сайлауова Жамиля Қайратқызы тарих пәнінің мұғалімі

Кез-келген елдің тәуеліздігі мен дербестігін айшықтайтын бірден-бір белгісі ол елордасының болуы. Бүгінгі Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму мен қоғамды қоғамдық-саяси қайта құру жолындағы нық сенімнен айнымай жүріп келе жатқан, тұрақтылық пен ынтымақты бірліктің туын тіккен мемлекет. Тәуелсіз қазақ елінің елдігі мен тұғырынің биік болуының айғағы бас қаламыз Астананың өркендеуімен дамуынан көруімізге болады. Еліміз алмағайып замандарды бастан кешірді, ірбір кезеңінде өзінің ордалары болды. Атап айтсақ Алаш жұртының астанасы - Семейден, Қазақ жерінің  орталығы болған-Орынбордын астана болуы да бір тарих. Қазақ АКСРнің  құрылып «Қырғыз» деген ұғымынан бастартып өзінің төл «Қазақ» сөзіне бастау алған кезеңі 1925 жылдан бастап, « орыстың  туы тігілген жерде емес, зәулім үйлері, орталық жерлері  болмасада қазақтың киіз үйінен қалансада орталық қазақ жұртшылығы басым жерде болуы керек»-деп С.Садуақасовтар атап кеткен киелі мекен Ақмешіт кейіннен Қызылорда атауы беріліп,  астана болады. 1929 жылдан бастап астана мәртебесі Алатаудың баурайынан әсемдікпен бой көтерген Алматыға тұрақтады. 70 жылға жуық Қазақ жерінің елордасы болып, қасиетті Алащымыздың қарашаңырағына айналған Алматы қазірде елміздің екінші орталығы болып қала береді.

Бір кездері қоңырақай өмір сүріп жатқан қаланың,ел ордасына айналатынын ешкім білген жоқ еді. Еділден айырылған қазақ, Есілден де айырылардай болып тұрған елең-алаң кезеңде Елбасының батылдығымен, кемеңгер шешімімен Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде,заманауи Астана бой көтерді. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру-бұл қазақтың өз билігі өз қолына тиген соң, ұлттың болмыс-бітімін сақтап, болашағын баянды ету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып, қабылданған ерекше шешім болды. Тарихи шешімді парламент 1997 жылы 6 шілдеде қабылдады.Осылайша ел орда Алматыдан Ақмолаға көшірілді.Бірінші кезекте жұмыс алаңдары белгіленді.Қала аумағы кеңейтіліп,биік ғимараттар бой көтерді.Жұмысшылар екі ауысыммен жұмыс істеп,бір жылдың ішінде  сайын даладағы ескі қала  жаңарып шыға келді. Дүниежүзілік сәулетшілердің назары тоғыз жолдың торабында орналасқан  Ақмолаға ауып, жас Астананың құрылысына үлес қоса бастады.

 Елбасымыздың жаңа Астанаға табаны тигеннен бастап,еліміздің Жас астанасын  әлемнің әдемі астаналарынын қатарына қосуға тырысты. 1998 жылгы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылдан бастап құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ,қайта жаңарып жасарып келеді. Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Әлем назары біздің шахарға ауып, әдемі астаналардың қатарына енді.Қала Қазақстандағы ірі бизнес орталыққа айналды. 2008 жыл 5 маусым - Қалалық мәслихат сессиясының 16-шы кезектен тыс шақырылымында Астана қаласының гербі мен туы бекітілді. 2009 жыл - Астанаға 31мың 908 адам қоныс аударды. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып саналды.

Кәсіпкерлік мәдениеті қарыштап дамып келеді. Елорда елдің барлық өңірлеріндегі талапкерлерге тартымды орталық болды. Сонымен қатар бүгінде Астана халықаралық маңызы бар шараларда өткізілуде алдыңғы қатарда. Мыңжылдықтар тоғысындағы мұндай батыл қадам қазір қай қырынан алып қарасақ та, дұрыстығын уақыт дәлелдеді. Құла даладан құбылаға бет түзеген, сәні мен салтанаты жарасқан, сәулеті талайларды тамсандырған Елордамыз - Тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне, әлем елдері бас қосатын достық мекеніне айналды. Ата-бабаның жан қиып қорғаған кең байтақ жерімізді сақтап қалудағы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерлігі зор.

Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Астана-жастар қаласы. Елорда тұрғындарының санын еліміздің барлық аймақтарынан білімге талпынып, жұмыс іздеп, арман қуып келген жігіттер мен қыздар еселеп өсіруде.

 Мен үшін Астана — ең алдымен, шексіз мүмкіндіктер мекені және асқақ армандар мен биік мақсаттардың алтын кілті дер едім. Болашағын елордамыз Астанамен байланыстарған адамның алдынан екі бірдей есік ашылады: бірі — ғылым-білімге,жаңашылдыққа,екіншісі —  жаңа мүмкіндіктер мен жаңа идеяларға толы жарқын болашаққа деген бастау. Бұл үлкен қалада үнемі қайнаған тіршілік, жұмыс, алға ұмтылыс, яғни бәсекелестік өте жоғары, ал бәсекелестік бар жерде ғана алға жылжуға, дамуға мүмкіндік бар.

Жиырма жылда  сүйікті елордамыз ғажайып шаһарға айналды, әлем алдында беделі күн санап артып келеді.Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, Астана — бүгінгі күні үш тілділіктің де дамыған ортасы, ондағы жастардың көбі үш тілдің де қажеттілігін,  маңыздылығын жете түсінеді.

 «Астанада не жоқ? Астананың өзге қалалардан қай жері артық?» деген сауалға мен былай деп жауап берген болар едім: «Астанада жаныңа не керектің бәрі бар және оның артықшылықтарын көре білу,пайдаланып,өз қажетіне жұмсай білу— әр адамның өз қолында».  

Өз басым Отанымның астанасы Астананы ештеңеге теңгермеймін, думаны мол, жалынды жастықтың ордасы әрдайым жүрегімнің түкпірінде. ІІ Екатерина "Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады" деген екен. Бірақ, біз әлемді білектің күшімен емес, олардың ойы мен жүрегін бастағы білімімізбен, елде жоқ жаңалықтарымызбен,әлем таныған Астанамызбен жаулап алуымыз керек. Еліміздің қарыштап дамуына үлес қосу, әрбір жүрегі қазақ деп соққан ұрпақтың борышы. Ал келешектің бастауы жастар, біздер біліміміз бен қайрат жігерімізді ұштастыра отырып, жаңа асуларды бағындыру үшін қажырлы еңбек етуіміз қажет.  Жүрегі елім деп соққан жігерлі жастар елінің дамуына үлес қосуға әрдайым дайынбыз!


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Н.Ә.Назарбаев. «Еуразия жүрегінде». –Алматы: «Атамұра», 2005 ж.
2. Назаpбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру. //Егемен Қазақстан, 2017, 12 сәуір.
3. Айдосов А., Қалиев Ы., Кереев М. «Қызылорда» Қызылорда: Тұмар  2005 ж. 246-б
4. Доспанбетов Б., Кереев М., Қызылорда. «Нұрсаулет», 1999
5. Астана». // қоғамдық-саяси, танымдық журнал. –Астана: «Ақарман», 6(43) 2008ж.
6. «Астана». // қоғамдық-саяси, танымдық журнал. –Астана: «Ақарман», 2(33)2013ж.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз