Барлығы бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, кофе, томат пен макарон сатып алынған.
29 жастағы ағылшын пәнінің мұғалімі Тоғжан Ынтықбаева өзінің Instagram парақшасында қайырымдылық шарасының фотоларын жария етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Барлығы біреуге көмектесіп, жақсылық жасайық деген ниеттен пайда болды, – дейді жанашыр мұғалім. – Мейірімді қазақстандықтар 2,5 миллион теңге жинап берді. Бұл – 280 отбасының бір айлық азығына тең. Бүгін біз ауылдардың бірінде 10 пакетті тараттық. Балаларға тәттілер, ересектерге азық-түлік бердік. Кеше 120 пакет таратылды. Барлығы бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, кофе, томат пен макарон сатып алынды. Әуелі 80, кейін 40 пакетті екі ауылдың тұрғындарына жеткіздік".
Тоғжан Ынтықбаеваның жұбайы Азамат Жағыпаровтың айтуынша, оның жұбайы және құрбысы 4D карталарды сатып, ақша тапқан.
"Азын-аулақ қаржы жинап, қасиетті Рамазан айында оны Африкаға жолдап, сол жақтағы мұқтаж жандарға көмек көрсеткіміз келді, – дейді Азамат Жағыпаров. – Біз жайлы естіген Білім министрлігі таңғалды. Екі қыз бір айдың ішінде екі миллионнан астам қаражат жинаған. Африкадан арнайы шақырту келіп, қайырымдылық жасағандармен кездесуді қалайтындарын хабарлаған. Сондай-ақ, олар Қазақстан халқына үлкен ризашылығын білдірді".
Айта кетейік, Африкаға барып келу идея авторларына 500 мың теңгеге түсті. Бұл күні отбасы екі жастағы қыз баланы тәрбиелеуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Тауекелова Салима
Алла разы болсын. Өте жақсы ис жасапты. Сауап жасапты. Мен өте куаныштымын.
Ардақ
Жер бетінде осындай игі істер көбейсе әлес көгеріп шығар еді
Mira_Sembay
Әлемді сұлулық емес, мейірімділік құтқарады! Аллах бұл кісілердің істеріне мол сауап жазсын. Әмин.
Saodat
Керемет осындай адамдар кобейе берсин
Saodat
Керемет осындай адамдар кобейе берсин
Бибигул
Улги аларлык арекет