Өлең, жыр, ақындар

„Абай жолы”- жастарға керек нағыз құрал!

„Абай жолы”- жастарға керек нағыз құрал! “Абай жолы”- бірінші кітабы 1942 жылы, ал екіншісі 1947 жылы жарық көрді.1959 жылы жылы төрт кітаппен біткен эпопея Лениндық сыйлыққа ие болды. “Абай жолы” 30 тілге аударылып дүйім дүние оқырмандарынан жоғары баға алды. Эпопеяны оқыған бүкіл оқырмандар Абайдай ұлы ақының өміріне, шығармашылығына бас иген болатын. Қазірде көптеген ұлт өкілдері кітапты мұра қылып сақтап, атадан балаға мұра қылып отыр. Әрине, бізде де ол салт сақталған, себебі осындай тұғыры биік кітапты оқу әр қазақ баласының міндеті. Қазіргі таңда жасөпірімдерді кітапқа зейін салуға жетелеу мүмкін емес, оның себебі жастардың ойында байлық, мансап және шет елдін бизнес кітаптары. Бұл мәселе өте қызық әрі қорқынышты, өйткені менің ойымша өз елінің әдебиетін танымаған тұлға интелегент болуы алыс.Былай жазумның бірден бір себебі, ол дәл осындай оқиғаның өз басымнан өтуі.Ұзақ уақыт бойы қазақ әдебиетін оқуға жатсынатынмын, оның маған ешқандайда қажеті жоқ деп ойлайтынмын.Бірақ “Абай жолын” оқып бастаған кезден-ақ, біріншіден көзімнің ашылғаны соншалық бір томның артынан екіншісі сонаң сон солай жалғаса берді. Кітап біткенен соң жүректе жаңа ізденіс,белгілі бір талаптар пайды болды.Оны жеткізу қиын бірақ бір білгенім және түйгенім осы роман менің адам ретіндегі көз қарасымды түбегейлі өзгертті. Оның себебі мына дамыған мүмкіндігі зор уақытта білім қумау, оны іздемеу мүмкін емес, өйткені жан жағына қарасан кез келген маман болуға, немесе кез келген білімді алуға адам баласының шексіз мүмкіншілігі бар. Абай атамыз қараңғы қазақ заманында қарайпайым кітаптардын арқасында орыс тілін жетік меңгеріп, Ресей халқының ұлы шығармалыр қазақ тіліне аударып қараңғылыққа сәуле шашқандай болды. Осындан тоқтамай Абай әрқашанда білім жинақтаумен, тәжербие алумен, өзі де ақындыққа дең қойып, қазақ әдеби мұрасында өшпес із қалдырды.Міне дәл осы мысалдар арқылы “Абай жолы” романын оқуға құлшыныс артып, кітаптың сұрауы арту керек деп ойлаймын Қорыта айтарым, “Абай жолы” романы жастарға керек нағыз құрал оны оқымау, зерттемеу надындыққа салыну секілді. Себебі өз адебиетінді сүю оны дәріптеу өзгелерге тарату нағыз қазақ үшін шексіз бақыт.Сондықтан менің жолдауымү қазірден бастап жұдырықтай жұмылып жастарға дұрыс бағыт сілтеп өз әдебиетін құрметтеуді насихаттайық!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер