Жолдастарға

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 4
  • 39005
Күндіз көңіл тыншымас, түнде көңіл,
Бәрі аян:
Еткен тірлік, сүрген өмір.
Түнгі ұйқымды төрт бөліп, мазалаған,
Көкейімде, жолдастар, бірдеңе жүр.
Бірдеңе жүр..,
Білмеймін не боларын,
He келерін басыма, не қонарын.
Су аяғы ңұрдымнан ойымды алып,
Су аяғы құрдымда доғарамын.
Бірдеңе жүр...
Білмеймін не боларын.
Жоққа жүйрік жетпейді,
Жеткізбейді!
Кім біледі, қу көңіл жоқты іздейді.
Жолын тауып, жолдастар, дариядан,
Жел қайыққа мінгіз де, өткіз мейлі.
Су аяғы құрдым ғой ой дегенің,
Қалай ғана құрдымға бой беремін!?
Әлі талай алдымда салтанат бар,
Әлі талай алдымда той көремін.
Meн өмірге келмегем күдікпенен,
Үмітпенен енген ем, үмітпенен.
Жоқ іздеген жандайын әзірге мен,
Әйтеуір жүріп келем, жүріп келем...


Пікірлер (4)

Дінмұхамед

Керемет!

Myrza

Өте керемет!

Лаура

Маған қазақ тіліден тжб керек көмектесіндерш

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолдастарға өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Жолдастарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жолдастарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолдастарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері