Өлең, жыр, ақындар

Әлемнің 50 үздік университеті қатарына еңген Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Худайбердина Г.А 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Заң факультетінің азаматтық құқық,
азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы конференциясының аға оқытушысы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингте ке­зекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия айма­ғы мен Қазақстан жоғары оқу орын­дары арасында алғашқы болып әлемнің 250 үздік уни­верситеті қатарына енді.

World University Rankings QS (Ұлы­британия) беделді рейтингтік агенттігі­нің зерттеу қорытындылары бойынша, әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті 236-орыннан көрініп, әлемнің 50 үздік университеті қатарына енді. Айта кетерлігі, бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді. Осылайша, жетекші қазақстандық уни­верситет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дә­лелдеді.

Халықаралық рейтингте универси­теттің табысты алға жылжуына заманауи талаптарға сай жүргізілген кешенді құ­рылымдық жаңарту ықпал етті. Нәтижеге бағытталған процестік менеджмент, бас­қару жүйесі және еңбекті рейтингтік ба­ғалау енгізілді. Сондай-ақ жоғары әлем­дік талап­тарға сай әрі халықаралық ак­кредитациядан өткен эксперименттік білім беру бағдарламалары дайындалды және енгізілді, ғылыми-зерттеу жұмыс­тары белсенді жүргізілуде.

Шетелдік рейтингілік ғылыми жур­налдарда жарияланған қазақстандық әр­бір үшінші мақала ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. Мемлекеттік-жеке се­рік­тестік қағидалары негізінде бірегей нысандар салынып, университет кам­пусының ин­фра­құрылымдық құрылыстарының екін­ші кезеңі аяқ­талды.

QS сарапшыларының ұсыныстары бойынша ҚазҰУ тәжірибесі әлем­дегі үз­дік университеттерде зерттелуде. Бұл көрсеткіш әлемдік білім мен ғылым на­рығында бәсекелестікке қабілеттіліктің айқын дәлелі болып табылады.

ҚазҰУ ғылым, білім беру және иннова­циялық жетекші орталық ре­тінде ел Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі және екі ЖОО-ның әлемнің 200 үздік топ универ­ситеті құрамына енуі жөніндегі мемле­кеттік маңызы зор тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеуде.

1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Он үш факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. 

Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. 

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз