Жүру денсаулыққа аса пайдалы. Жаяу жүру — адам ағзасының физикалық жағдайын жақсартатын тиімді құрал. Әсіресе жүрек бұлшық еттерінің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасайды. Күнделікті күйбең тіршілікпен қанша шақырым жол жүріп, қанша қимыл-қозғалыс жасағанымызды қаперге ала бермейміз. Десе де технология дамыған заманда қимыл-қозғалысымыз азайып бара жатқанын мойындауға тиіспіз.
— Рухани сергектік береді. Мезгіл өзгерістерінде әсіресе күз айларында депрессияға бейімділік байқалады. Ал жаяу жүру шоколадтан да көп бақыт гормонының түзілуін қамтамасыз етеді. Оның үстіне калориясыз түрде.
— Ми жақсы жұмыс істейді. Миға қатысты зерттеулер қозғалыстағы адамның миы отырып жұмыс істейтін адамға қарағанда жылдам ойланатыны және жаңа пікірлер қалыптастыра алатындығы анықталған.
— Арықтауға көмектеседі. Үйден жұмысқа, жұмыстан үйге кем дегенде 30 мин жаяу жүретін болсаңыз, майдың еруіне 2 пайызға ықпал еткен боласыз.
— Сондай-ақ зерттеулер асықпай, баяу жүруге қарағанда бір қалыпты жылдам темпті жүрудің пайдасы көбірек екендігін көрсеткен.
— Созылмалы аурулардан қорғанасыз. Жаяу жүру қан қысымын 11 балға азайтады және сал ауруына шалдығу қауіпін 20-30 пайызға азайтады. Аптада 5 күн 30 минут жаяу жүру арқылы жүрек ауру қауіпін 30 пайызға азайта аласыз.
— Жүйелі түрде жаяу жүру варикоз ауруы қауіпін азайтады. Қан айналымын ретке келтіреді.
— Жаяу жүру салмақ тастатып буындарға түсетін жүкті азайту мен қатар оттегінің буындарға жақсы тарауын қамтамасыз етеді.
— Өзіңізге уақыт бөле алмай жүрген болсаңыз жаяу жүріңіз. Адам көбінесе жүрген кезде жеке қалады және ойланады. Тұрмыс-тіршілігіңізді талдау, келеңсіздіктерге шешім іздеу, көпшіліктен жырақ шығып ішкі сезімдерді тыңдау үшін жаяу жүруді байқап көріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айгерім
Тамаша айтылған, жаяу көп жүрейік! Əсіресе үйде отыратын əйелдерге жақсы кеңес)
Айдын
Ұзақ жаяу жүрсем өзімді ертесіне сергек сезінемін
Myrza
Өте керемет
Айгерым
Жайяу журу жаксыгой озыме унайды
Болат
Жақсы әдет, күніне 10-15 мың қадам жасау керек