Өлең, жыр, ақындар

Кел, болашақ

  • 18.04.2015
  • 2
  • 9
  • 48064
Көп құмарттым өмірге, көп көрмедім,
Үміт еттім ұмтылдым, көп терледім.
Ашкөзденіп қайтейін, ей, Болашақ,
Көрмеген күндерімді өткер менің.
Сапалақ сан ой мені мезі қылды,
Сен түйсін, түйсінбеген сезімімді.
Атан жортса арқамнан мыңқ етпеген,
Айыптасаң өзің біл төзімімді.
Жыр жорығына аттандым, кезіп жүрдім,
Мен бір сәт дамылдадым, көзімді ілдім.
Жазылмаған жырымды жалғайсың ба?
Жаңа жыр бастайсың ба, өзің білгін.
Жөн болмас, сірә, емірмен ұстасқаным,
Бір ғұмыр дүниенің құшпас бәрін.
Күнің шығып келеді, ей, Болашақ!
Бесінге ауып барады түскі аспаным...
Өмір - мәңгі, уақыт - мүмкін, елес,
Кел, Болашақ! Сауық құр, күлкіңе көш!
Бір күн шықса, бір күннің батуы анық,
Екі күннің тұруы мүмкін емес!



Пікірлер (9)

Дина

Керемет

Бека

Күшті

Айару

Керемет тамаша

Перизат

Жарайды

ӘСЕМ-АЙ

ЖАРАЙСЫЗ

Аяна

Дала қандай тамаша
Көз тоймайды қараса
Тұрады ағаш қараса
Қарайды адам тамсана

Аяна

Көктем!
Менің өкпем!
Тамсанамын сені көрсем!
Көктем айта кетем,
Қуанам сені көрсем!

Арука

Тамаша! «Кел, болашақ» – Мұқағали Мақатаевтың ең философиялық өлеңдерінің бірі. Өмірдің қысқалығы, көрмеген күндерді болашаққа сену, уақыттың елесі – бәрі терең ой салдырады. «Кел, Болашақ! Сауық құр...» деген қайырмасы жүрекке жылы тиеді. Қазақ әдебиетіне қызығатындарға міндетті түрде оқу керек, әсерлі әрі мәңгілік!

Пікір қалдырыңыз

Аттандырып тым тәтті сәттерімді

  • 1
  • 6

Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.

Толық

Сені азамат дегенге...

  • 1
  • 4

Сені де адам дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,
Көнбейін бе, көнем бе?!

Толық

Өмір дейтін

  • 1
  • 12

Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,
Жырлап кетем, алдымен жылаймын да.
Сөредегі кермені кесіп өтсем,
Маған әлі жетпейді құдайдың да.

Толық

Қарап көріңіз