Құрақ көрпе

Бұл бетте «Құрақ көрпе» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жердiң бетiн неге теңеу өтiмдi,
Жердiң бетi –
Құрақ көрпе секiлдi.
Суретшiнiң палитрасы ол дөңгелек,
Қажет етсең,
Бояуы бар не түрлi.
Оған дəлел, мiне, теңiз аттары:
Қара теңiз,
Сары теңiз,
Ақ теңiз.
Оған дəлел, мiне, таудың аттары:
Ақтау,
Қаратау
Сарытау,
Алатау,
Көкшетау,
Қызылтау,
Оған дəлел, мiне, өзен аттары:
Ақсу,
Көксу,
Қарасу,
Сарысу,
Қызылсу,
Бозсу.
Оған дəлел, мiне, құмның аттары:
Аққұм,
Қарақұм,
Қызылқұм,
Сарытауқұм...
Мұның бəрiн, шырқау биiк алыстан,
Көрер ме едi, көрер ме едi ғарыштан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрақ көрпе өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Құрақ көрпе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрақ көрпе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрақ көрпе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері