Үйленіп, отбасы құрған алғашқы күндері енді бұдан кейін өмірдің біз үшін ерекше болатынына өзімізді сендіреміз. Кейін бәлкім кішкентайымыз болғанда жақсы өмір басталар деп ойлаймыз. Кейін олар өскенде нағыз бақытқа жетсек керек деп қоямыз. Сол сияқты есейгенде, оқуды бітіргенде, жұмысқа тұрғанда, жаңа көлік алғанда, демалысқа шыққанда, зейнетке шыққанда дегендей әр жаңа өзгеріске қол жеткізгенде өмірдің рахатына, бақытына қауышатынымызды үміттенеміз.
© Сурет : Pascal Campion
Бұлай ойлауымыз бақытқа алып баратын жолдың бұл еместігін көрсетеді. Ал негізгі шындық болса, нағыз бақыттың тап қазіргі күндерден басқасы еместігі.
Егер бұған келіспейтін болсақ, онда қай уақыт?... Өміріміздің барлық кезеңі күреске толы болары күмәнсіз. Олай болса, ең дұрысы шындықты өзі бойынша қабылдап, әр кезеңнің өзіне тән бақытын көре алу.
© Сурет : Pascal Campion
Альфред Д’Соуза былай деген екен: «Ұзақ уақыттан бері бақытты өмірімнің (жаңа, шын өмірдің) басталуын күтуде едім. Бірақ қашанда жолымда бір кедергі, жету керек болған мақсат, бітпей қалған тірлік, өтелу керек болған қарыз, күтпеген жұмыстар шығып тұрды. Ал менің ойымша нағыз өмір содан кейін басталуы керек еді. Алайда сол кедергілердің бәрі менің өмірім екенін соңында түсіндім...»
© Сурет : Pascal Campion
Олай болса, тап қазіргі қолымыздағы әрбір сәттің, өмір сүріп жатқан әрбір күннің қадірін білейік!... Уақыт ешкімді күтпейді, соны ұмытпау керек. Бақытты болу үшін қандай да бір ерекше кезеңдердің келуін, шарттардың орындалуын босқа күтпей, қай кезеңде болсақ та бақытты болуға мән беріп көрейік.
© Сурет : Pascal Campion
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жанар
Керемет! Орынды айтылған! Күтумен емес, әрекетпен, яғни өмір сүрумен әлек болуымыз керек
Махметова Назгул
баяндама өте әсерлі жазылған.
Жарқынай
Тамаша!
жас алаш
нағыз бақыт ол ахиретте Алланың алдында сұрақ-жауаптан соң амал кітабың оң жағыңнан беріліп, Аланың ризалығына бөленіп, жаннатқа кірсең нағыз бақытты кезең сонда басталады. Ал, бұл дүниедегі бақыттың барлығы өтпелі, алдамшы! Бірақ, алдамшы екен деп тәрк етпеу керек. Тиісті білім алып, құлшылық жасап, еліңе, отаныңа қызмет ету керек. Ең бастысы Алланы ұмытпау!
Лира
Кейде елден, мағынасы жоқ технологиядан, мәнсіз бәсекеден аулақ өмір сүріп жатқан тайпалар дүниедегі ең бақытты адамдар ма деп ойласың
Жанара
Бақыт-бала,туыс-туган амандығы.Бақыт-рухани даму