Ілияс Жансүгіров — Ақын-жазушылар бөліміндегі материал.
Материал — Ілияс Жансүгіров, Ілияс Жансүгіров өлеңдері, Ілияс Жансүгіровтың шығармалары — осы тақырыптарға байланысты.
Ілияс Жансүгіров (1894-1938) — Қапал уезі Ақсу болысы 4-ауылда (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында) өмірге келген. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі-өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз-әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен.
Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгілікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті. Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге», «Бұлбұлға» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты.
Ақын «Дала» поэмасында (1930) Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқан, Шу мен Сыр секілді кең-байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір-тұрмысын, дәстүр-өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» (1929) және «Күйші» (1934) поэмаларында өмір мен өнер тақырыбы, тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. «Құлагер» поэмасы (1936) Арқа өңірін, әйгілі ақын Ақан сері өмірі мен ас беру рәсімін бейнелейді.
Оқуға кеңес береміз:
Бұл бетте Ілияс Жансүгіров тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Ақын-жазушылар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ілияс Жансүгіров материалы Ақын-жазушылар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі