Сона жәндігі

Сона (Tabanidae) — қосқанаттылар отряды, қысқамұртшалы тік жапсарлылар отряд тармағына жататын қансорғыштар. Жер шарында кең тараған, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі қысқа, жалпақ, ұзындығы 7 — 30 мм. Мұртшалары тесіп-сору қызметін атқарады.
Соналардың қанаттары бір-бірінен алшақ орналасады. Жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Көздері жақсы жетілген. Ылғалды аймақтарда жиі кездеседі, адамды және жануарларды шағып, қанын сорады. Аналықтары мөлшеріне қарай 40 — 300 мг-дай қан сора алады. Шаққан кезде терінің астына сілекейін бүркіп жіберетіндіктен, сонаның шаққан жері қатты ауырады. Сілекейінің құрамыңдағы гиалуронидаза ферменті тері асты ұлпасының белогын ыдыратып, қанның ұйып қалмауына жол бермейді, сондықтан сона шаққан жерден біраз уақыт қан тамшылап тұрады. Дернәсілдері негізінен суда, ылғалды топырақта, шіріген өсімдіктердің арасында тіршілік етеді. Соналар көбейген кезде адам мен жануарларға көп зиян келтіреді. Олар туляремия, трипанозомоз, түйнеме, топалаң, қарасан ауруларын таратады. Қазақстанда Silvius, Chrysops, Tabanus, Atylotus, Hybomitra, Haematopota Tybicbma туысына жататын 72 түрі тіркелген.
Басқа да жазбалар
-
Тірі адамнан қарағанда өлі адамның қәзір әлемге тиіп жатқан пайдасы
-
Ұлттық киімдердің мәні мен ерекшелігі
-
Экология мәселелері: пластикпен күрес жолдары
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу.
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу
-
ОГНЕСТРЕЛЬНАЯ ТРАВМА: СУДЕБНО-МЕДИЦИНСКИЕ ПОДХОДЫ К ДИАГНОСТИКЕ И ЭКСПЕРТНОЙ ОЦЕНКЕ
-
Сот медициналық сарапшының этикасы мен кәсіби жауапкершілігі
-
Әрбір қиындық үшін жеңілдік келеді
-
Қызық факт: сіз-динозаврлардың бір бөлшегі болуыңыз мүмкін.
-
Миорелаксанттар. Жүйке тіні: жүйке талшықтары, жүйке ұштары, жүйке жасушалары және нейроглияға әсері
-
Адам жасушасы органоидтарының бұзылуы негізінде туындайтын аурулар
-
Генетикалық материалдың өзгергіштігі мен медициналық маңызы
-
Тоқтар мен электромагниттік өрістердің әсерінен ұлпаларда болатын биофизикалық процестер
-
Морфологическая картина травмы, вызванная воздействием на организм электрическим током в судебно-гистологической практике
-
Механическая асфиксия: Утопление как одна из форм асфиксии
Жадыра
Неден екенін білмеймін аяқ қолым ісіп кетті мама деп ойладым