Бір баланың тілек батасы – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте «Бір баланың тілек батасы» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 0
  • 14138
Оқыт бізді, әкетай,
Қам көңілім болсын жай.
Надандықтан құтқарып,
Қуанта көр, құдай-ай!
Көңіл менен көзді ашып
Уанта көр, құдай-ай!
Аяндардың пітінесін
Суалта көр, құдай-ай!
Надандықта қор қылма,
Миллетке бізді сор қылма,
Микробтарды зор қылма,
Рақым айлап, құдай-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері