Өлең, жыр, ақындар

Ismet.kz-тің көмегімен ШОБ субъектілері қандай қызметтер ала алады?

«Қазақтелеком» АҚ-ның бастамасымен биылғы жылдың тамызынан Ismet.kz деп аталатын бизнеске арналған ашық цифрлы платформа іске қосылды. Ол кәсіпкерлерге цифрлық қызметтер мен онлайн мүмкіндіктерді ұсынады: бухгальтерлік есеп жүргізу, электронды шот-фактуралар, онлайн-кассалық аппарат, онлайн-шарттар, қойма есебі, онлайн құжат айналым, байланыс құралдарын ұйымдастыру, сатылымдарды автоматтандыру.

Цифрлық платформа ұсынған барлық электрондық қызметтер заңды және олар QR кодымен расталады. Ismet.kz-тің көмегімен шағын және орта бизнес субъектілері өз өнімдерін ілгерілете алады. Сондай-ақ, басқа жеткізушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып ала алады. Портал интерфейсіне келсек, ШОБ иелеріне жеке кабинет беріледі. Бұған қоса, цифрлық қызметтерге, ақпараттық қызметтерге қол жеткізуге қосымша кері байланыс функциясы ұсынылады.

Осындай цифрлық платформалар әлем елдерінде кеңінен қолданыста. Оның арқасында олардағы бизнес процесс жақсарған әрі дамыған. Сәйкесінше, экономикалық әлеуеттері артқан. Мәселен, Үндістандағы «Аадхаар» ақпараттық жүйесі күрмеуі қиын түйткілдердің түйінін шешуге атсалысқан. Ал M-Pesa деген цифрлық платформа болса Кения және көптеген елдерге қаржы және бизнес саласы бойынша пайдасын тигізуде. Яғни, бүкіл процесті автоматтандырып, қаржы саласына ауқымды инновациялар легін әкелуде. Нәтижесінде, мемлекеттің дамуына жаңа серпін беріп, компаниялар жұмысының табысы артуда.

Негізінен, әлемдегі цифрлық экономиканың дамуына инновациялар ықпал етеді. Әсіресе, бизнес саласына инновациялардың енуі — көптеген оң өзгерістер әкеледі. Сол себептен халықаралық қауымдастықтар цифрлық платформалар бойынша жұмыс жасауды үдете түсуде.
Осындай форматтың арқасында кәсіпкерлер қауымы бизнесіне қатысты қызметтерді жеңіл әрі сапалы ала алады. Мұнда жас бизнес бастаушы үшін де үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, маркетинг бойынша тегін көмектер алса болады. Бұл өз кезегінде жаңа тұтынушылар легін қалыптастырып, кәсібінің ілгерілеуіне ықпал етеді. Арнайы оқыту курстары да қарастырылған. Нәтижесінде, кәсіпкерлердің бизнес туралы білімі мен біліктілігі арта түседі. Платформаны коммерциялық пайдалануға беру жұмыстары осы жылдың соңына дейін орындалмақ.

Аталған ашық алаң арқылы бизнесті тиімді басқаруға болады. Атап айтқанда, тасымалдау саласындағы электрондық бақылаудың арқасында көп кедергілердің алдын алуға болады. Бұл бойынша онлайн тәртіпте тасымалдаушыны таңдап, жүкті қадағалап, оның қажетті жеріге жеткізілуін тексеріп отырсаңыз болады.

Өздеріңіз білетіндей, шағын және орта бизнесті дамыту — ҚР мемлекеттік саясатындағы басым бағыттардың бірі. Оны ілгерілету — экономикалық әлеует пен әлеуметтік әл-ауқаттың артуына арқау болады. Сондықтан бұл салаға жаңашылдықтар мен цифрлық форматтың келуі — бұл саланы одан әрі дамытып, кәсіпкерлер қауымы үшін жайлы жағдай жасайды.

Осы платформа арқылы «Қазақтелеком» АҚ қысқа мерзімде B2B сегменттен бар клиенттерді компаниямен қағазсыз өзара әрекеттесу технологияларына ауыстыруды жоспарлап отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

АРман

Қазақтелеком молодец

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар