Отырар қорғанысы

Басты бет / Тарих / Отырар қорғанысы

Отырар қорғанысы — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Отырар қорғанысы, Отырар, Шыңғыс хан — осы тақырыптарға байланысты.

1218 жылы жазда Отырар қаласына Шыңғыс хан жіберген 500 түйе, 450 адамнан тұратын сауда керуені келеді. Қайыр хан саудагерлердің арасында тыңшылар бар деген күдікпен керуенді тонап, адамдарын өлтіреді. Керуен құрамынан тек бір адам аман қалып, Отырардағы қырғын туралы Шыңғыс ханға жеткізеді. Бұл Шыңғыс ханның Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Шыңғыс ханның Мұхаммед Хорезмшахқа кінәлі адамды ұстап берсе бейбітшілік сақталатынын айтып жіберген елшілері де өлтіріледі. Осыдан кейін екі жақ та соғысқа әзірленеді.

1219 жылы Шағатай мен Үгедей бірнеше түменмен Отырарды қоршауға алады. Қайыр хан ақырына дейін қорғануға бел буады. Қайыр ханның 20 мың әскері болған, Хорезм шахы оған 50 мың әскер қосады. Отырар бес ай бойы қорғанады. Алайда бесінші айдың соңында өзінің он мың әскерімен көмекке келген Қараша-хажиб қала қақпасын моңғолдарға ашып береді. Шағатай мен Үгедей оны алғашқыда жақсы қарсы алып, содан соң олардың өз билеушісіне істеген сатқындығы үшін әскерімен қосып түгел өлтіреді. Қайыр хан қалған әскерімен ішкі қамалға бекініп, тағы бір ай соғысады. Ақырында, моңғолдар ең соңғы жауынгері өліп, қарсыласатын қаруы да қалмаған Қайыр ханды көмейіне күміс құйып өлтірген. Отырарды жермен-жексен етіп қиратып, халқын соңғы адамына дейін қырған.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (7)

Ақбота

Маған ұнады

Дамира

Керемет жарайсың

Дамира

Маған ұнады

Myrza

Керемет

Лаура

Жақсы

Секрет

Рақмет нағыз қазақтың заманауй батыры екенсіңіз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отырар қорғанысы деген не?

Бұл бетте Отырар қорғанысы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Отырар қорғанысы материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Отырар қорғанысы тақырыбындағы материалдар Отырар тақырыбындағы материалдар Шыңғыс хан тақырыбындағы материалдар