ҰБТ деп айтып бастамас бұрын мен өз мектебімді тілге тиек етсем деймін. Мен №34 мектепте оқимын, және мақтаныш етемін. Мектебіміз жетістіктер биігінен көрінуде. Жетістік кілті ұстаздерымызда, ол кісілердің мектеп үшін сіңірген еңбегі зор деп білемін. Осы мектеп қабырғасындағы әрбір күнім балалық шағымнын құнды естеліктердің бірі. 45 минуттың өзі қызыққа толы, еш уайымсыз откен уақытым екенін кеш ұғынғандаймын. Яғни мен мектептен түлеп ұшқалы тұрған түлегімін.
Мен ҰБТ жайлы айтпасам болмас әрине, себебі сол сынақтан өзім өткелі тұрмын. Қазіргі сәтте түлектерге Ұлттық бырыңғай тестілеуді 4 рет тапсыруға мүмкіндік алдық. Әрине қуанышты жайт, дегенмен ақылы бөлімге түсушілер үшін өте тиімді. Егер талапкер ақылы бөлімге түсуге жеткілікті балл жинаса оны растайтын құжат беріледі. Сол құжат пен ақылы бөлімге түсе алады.
Білесіз бе әлемде біз бен сіз білмейтін қызықтар қаншама? Солардың бірнешеуін айта кетейін.
Жапонияда оқушылар емтиханға '' kitkat'' шоколадын алып кіреді екен. Олар оны сәттілік әкеледі деп есептейтін көрінеді.
Сіз қарт студенттер жайлы білесіз бе? Иә, адам сенгісіз. Еуропа да бар екен мысалы: Швецарияда студенттердің орта жасы 25,5.
Норвегияда студенттерге кез келген университеттердің есігі ашық. Ол дегені барлық оқу орындарын тегін оқиды тіпті оларға кредит беріледі екен.
Шетелге көз жүгіртіп болдық Қазақстанға келейік. Бізде жағдай қандай? Жағдай дегенім білім сапасы әрине. Сіз қалай жауап айтар едіңіз? Көңіліңіз тола ма? Мен бұл сұрақтарға былай жауап берер едім. Көңілім толмайды, алаңдаймын, білім саласы құлдырап жатыр. Менің білім саласын сынауыма еш құқым жоқ шығар бәлкім, бірақ мен де осы Қазақстан азаматшасы болғандықтан өз ойымды ашық жеткізе білуім керек, біз демократиялы мемлекетпіз.
ҰБТ-ға оралсақ жалпы түлектерге айтқым келетіні сіздер сынақты ойлап қобалжымаңыздар. Ол жай ғана сынақ. Біз пенде болғандықтан бізді алда Алланың сынағы күтіп тұр. Өміріміздегі сынақтар еш ескерусіз келеді. Ал ҰБТ-ны 11 сыныпқа келмей жатып та ескертеді. Біз жай ғана 11 жылғы білімімізді дәлелдейміз. ҰБТ ға дайындыққа 365 күн беріледі тиімді пайдалана білу керек.
Кеңес бере кетейін. Ұлылардың сөзін ұран етип алыңыз. Мысалы мен Уильям Артурдың "Жетістік кілті: Біреулер ұйықтап жатса дайындалыңыз. Біреулер ойнап отырса еңбек етіңіз біреулер. Біреулер тілеп отырса армандаңыз" осы сөзі маған мотивация береді. Осы сөзбен мен сүрінсем тұрамын, жалықсам жұбатамын, шаршасам күш аламын. Өзім секілді түлектер қаншама? Мен жай ғана сіздерге мотиватция бергім келеді. Себебі осындай мотивациялық мақалалар жоқтың қасы.
Өмір адамға бір рет беріледі дейді ғой. Сондықтан еш өкінбестей етіп өмір сүруге тырысайық. Осы тұста Чарли Чаплиннің "Өмір жақыннан қарасаң трагедия, алыстан қарасан комедия" деген сөзі ойыма оралды. Оқып, ойлана отырып еріксіз езуге күлкі келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі