Жастардың салауатты өмір салты

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Жастардың салауатты өмір салты

Жастардың салауатты өмір салты — Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Салауатты өмір салты, денсаулық — осы тақырыптарға байланысты.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру — қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе. Дұрыс тамақтану жас кезінен, отбасынан басталады.

«Денсаулық — зор байлық, адам бақытының бастауы» — дейді халқымыз. Денсаулық ұлан асыр байлық екені рас, бірақ оған ие болу үшін күш жұмсалуы тиіс. Денсаулық ол адамға бір рет берілетін сый деуге болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіріп, ауырмайтын жол іздеу керек.

Қазіргі кезде Қазақстанның жастарының денсаулығы төмен деңгейде. Оған мысал ретінде әскерге қабылдау кезінде өтетін тексерісте кемінде 50% жастар денсаулықтарына байланысты әскери борышын атқаруға жарамсыз. Оған себеп ауру шақыратын факторлардың өсуі, яғни құнарлы тамақтанбау, темекі, ішімдік, есірткі зияндығы, қозғалыстың аз болуы.

Қимыл белсенділігі — бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор.

Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс. Сонымен қатар, организмді шынықтыру, жұқпалы аурулардың алдын алу, зиянды әдеттерден алшақ болу, күйзеліске көп салынбау сияқтыларды сақтай отырып денсаулықты сақтауға болады.

Музафарова Асел Жанабаевна



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

алия

керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастардың салауатты өмір салты деген не?

Бұл бетте Жастардың салауатты өмір салты тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жастардың салауатты өмір салты материалы Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Салауатты өмір салты тақырыбындағы материалдар денсаулық тақырыбындағы материалдар muzafarova жариялаған басқа материалдар