Кир патшаның сақтарға жорығы

Басты бет / Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер / Тарих / Кир патшаның сақтарға жорығы

Кир патшаның сақтарға жорығы — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — сақтар, Кир, Томирис, Спаргапис — осы тақырыптарға байланысты.

Ертеде біздің жерімізде еркіндік сүйгіш сақтар өмір сүрген. Шамамен екі жарым мың жыл бұрын құдіретті парсы патшасы Кир оларды бағындыруды ойлайды. Оның әскерінің тегеурініне ешкім төтеп бере алмайтын. Кирдің жеңімпаздығы туралы дақпырт әлемді шарлап кеткен. Алайда сақтарды бағындырамын деген ойы іске аспай, керісінше, бүкіл әлемге масқарасы шығады. Оқиға былай болған екен.

Кир жақсы қаруланған әскерін сақ-массагеттерді бағындыруға аттандырады. Сақ-массагеттердің падишасы ер жүрек Томирис еді. Кир оған елшісін жіберіп «Маған тұрмысқа шықсын» деген ұсыныс жасайды. Падиша Кирдің ойы өзінде емес, патшалықты иелену екенін түсініп, оң қабақ танытпайды. Ол Кир әскерінің өзеннің арғы бетінде — шекарада тұрғанын білгендіктен, елші жіберіп, кері қайтуын ұсынады. Алайда парсылар өзеннен өтіп, массагеттердің тобына жауыздықпен шабуыл жасайды.

Олар Томиристің ұлы Спаргаписті тұтқынға алады. Падиша тағы да Кирден жерінен кетіп, Спаргаписті азат етуді талап етеді. Бірақ Кир шабуылын жалғастыра береді. Осы кезде бұғаудан құтылған Спаргапис өзіне қол жұмсайды. Ызаға булыққан Томирис Кир әскерін толық талқандайды. Осы шайқаста парсы патшасы Кир өліп, оның 200 мың жауынгері жер жастанады. Падиша Томирис «Іздегенің қан еді, ал іш, ендеше!» деп оның басын қан толтырылған меске батырады.

Парсылар сақтардың еркіндік үшін өз өмірін қиюға әзір екенін түсініп, басқыншылық жорықтарын тоқтатады.

Оқуға кеңес береміз:

Томирис патшайым

Томирис

Тұмар немесе Томирис патшайымның өмірі туралы 10 факт



WhatsApp Telegram

Пікірлер (3)

гриззли

маған пікір ұнады

шугыла

керемет

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Кир патшаның сақтарға жорығы деген не?

Бұл бетте Кир патшаның сақтарға жорығы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Кир патшаның сақтарға жорығы материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар сақтар тақырыбындағы материалдар Кир тақырыбындағы материалдар Томирис тақырыбындағы материалдар Спаргапис тақырыбындағы материалдар сақ-массагеттер тақырыбындағы материалдар Тұмар патшайым тақырыбындағы материалдар