Қазақ жері әулие-әнбиелер құрметіне тұрғызылған мазар, күмбез, кесенелерге бай. Соңдай кесенелердің бірі — Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі. Ол ел аузында Асан Қайғының мазары делінеді. Асан Қайғы XIV ғасырдың соңы — XV ғасырдың басында өмір сүрген ақын, жырау әрі би ретінде танылған тұлға. Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің ақылшысы болған.
Халқының қамын ойлап, күңіренген оны халық Асан Қайғы деп атап кеткен. Асан Қайғы жеті жыл еліне жайлы қоныс іздеп, қазақ жерін түгел шолып шыққан. Көптеген жерлерге өзінің сын, бағасын берген. Асан Қайғыны халық қадір тұтып, қабірінің басына ескерткіш-кесене тұрғызған. Ғасырлар бойы сақталған кесене сәулет өнерінің тамаша туындысы ретінде белгілі. Кесене күйдірілген қызыл кірпіштен биіктігі 7,60 м етіп салынған. Іргеліктен 3 м жоғары кірпіштерді тігінен өріп, белдеу жасаған. Асан ата кесенесі 1982 жылдан мемлекет қорғауына алынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі