Өлең, жыр, ақындар

«Қобыланды батыр» жырын жаттаған оқушыға 1 миллион теңге беріледі

Қазақстанда мектеп оқышулары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтеді. Негізгі мақсат - жастарды «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырлары сынды xалқымыздың бай мұрасы негізінде тәрбиелеу.

Байқау 6-10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Осы жолы «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айту қажет. Байқауға республика бойынша 5 000 мектептен 50 000 оқушы қатысады деген жоспар бар. Әр мектептен 10 оқушы (6-шы сыныптан 2 оқушы, 7-ші сыныптан 2 оқушы, 8-ші сыныптан 2 оқушы, 9-шы сыныптан 2 оқушы және 10-шы сыныптан 2 оқушы) қатыса алады. Жоба үш кезеңнен - аудандық, облыстық және республикалық іріктеуден тұрады. Аудандық кезеңде 1-ші орын үшін 150 000 теңге, 2-ші орын - 100 000 теңге, 3-ші орынға 50 000 теңге қарастырылған. Ал облыстық кезеңде 1-ші орын үшін 1 000 000 теңге, 2-ші орын - 600 000 теңге, 3-ші орын алғандарға 300 000 теңге табысталады. Қазіргі кезде республикалық іріктеудің қаржылай қоры пысықталып жатыр.

Жобаның аясында 50 000 мектеп оқушысы 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын толық жаттаса, аталған көрсеткішті Гиннес рекордтар кітабына өтінім беру жоспарланған. 

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған байқау Мемлекет басшысы "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы мен биылғы Жастар жылымен тығыз байланысты.

"Қатысушылар "Қобыланды батыр" жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тариxи сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиет оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. Алдын ала бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыптар бойынша эссе жазады. Тариxи эпостарды жаттау, туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну - басты талаптардың бірі. Поэтикалық мәтінді меңгеру арқылы тариxты да терең түсіне бастайды. Сондай-ақ, есте қалатын поэтикалық мәтін оқушының сөйлеу мәдениетін, сауатты жазуын қалыптастырады. "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасында айтылған ұлттық кодты қалыптастару үшін де бұл жобаның ықпалы зор болмақ", - деді Д.Абаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, аудандық іріктеулер сәуір айында басталады. Оған дейін мектеп оқушылары эпосты жаттап, дайындала алады. Ал мамырда облыстық кезең басталады. 

Айта кетейік, жоба ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Qazaq Epos» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастарылып отыр. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (51)

Жакипова Гульмира

Кашан болады. Марабай нускасын кайдан аламыз

Сауле

Бастауыш сыныптар арасында да осындай байқаулар ұйымдамтырылса.

Айжан

Жаксы жоба

Aizhan201075

Керемет бастама. Ұмыт бола жаздаған жырлар мен жырауларды қолға алғандары  үшін мың алғыс.Көп рахмет.

Роза

Керемет бастама. Марабай жырау нұсқасын қайдан алуға болады.

Гулайым

Марабай жырау нұсқасын ғаламтор желісіне салса мұғалімдер мен оқушылар үшін үлкен көмек болар еді

Шаттық

қанша уақыт беріледі

Назерке

Мен Семей каласында 49мектепте окитын едим.Осы байкауга катысу ушин кайда жазылуым кажет

Назерке

Байкау откенкен бе

arai02

Әттең уақыт аз қалыпты...

Асем

Қазіргі мына кезде көркем шығарманы оқымай, интернетке тәуелді болған кезеңде өте дұрыс ұйымдастырылған жоба екен. Өте қуаныштымыз. Әсіресе, ауыл балалар үшін үлкен мүмкіндік. Ойда әттең-ай...деген бір өкініш басымдау... Әділ қазылар алқасы өте білімді, әділ болуы керек деп ойлаймын... Ақша жүрген жерде дау - дамай да көп болатыны
сөзсіз... "Бармақ басты, көз қысты" болмай нағыз жырды жырлай алатындарды адал бағаласа дегім келеді...

Манар

Жоғарыда айтылған Әсемнин пикирин қолдаймын. "Бармақ басты, көз кыстыга" салмай, әділ бағаласа оқушының шын еңбегі коринип, оқушы мен мұғалім мартебеси өсер еди. Мұндай жобаны өз ариптестеримизбен колдаймыз және қуаныштымыз

Фарида

Марабай нұсқасын қайдан алуға болады?Айтасыздарма?Шыныменде интернетке салса үлкен көмек болар еді?

Сәуле

Марабай нұсқасын қайдан алуға болады?

Кули

Керемет бастама мен оқушыларға сенемін жырды оқып, жаттап алып шығады.Біздің балалар өте талантты.

Кули

Тамаша бастау

Дамира

Менің ойымша өте керемет!Себебі,мен көптеген мәнерлеп сайыстарына қатыстым,алайда еш бірінде ақшалай ұтыс болған емес!Егер мен осы 1 млн теңгені қтып алсам отбасым үшінде,өзім үшінде үлкен бақыт болар еді.Бірақ мен жарысқа қатыспаймын,бүгін ғана осы жарыс жайында естіп отырмын.Сондықтан алдағы уақытта осындай байқаулар өткізілсе әлбетте қуана қуана қатысамын.

Гүлсімхан Төстікбайқызы

Мен бұл бастаманы қуана қабылдадым.Отансүйгіш ұрпақ көбейсін.Ұстаздар тұлпарларыңызды баптап бәйгеден келуіне шын жүректен тілектеспін.

Ақерке

Мен осы сайысқа қатысайын деп жатырмын

Сандуғаш

5-сынып оқитын ұлым бар. Бұрын жаттап еді шамалы. Қатыса алар ма екен?Сәуірге дейін толық жаттайтын мүмкіндігі бар. Жауабын қалай білуге болады

Уашева шырашул Жайдаранкызы

Оте тамаша Казактын жырларын кайта шындап жатыр алда осындай коп сайыстар бола берсе екен ойдамын.Барлык окушыларга саттилик бир Аллам жар болсын!!!

Меруерт Байжумаевна

Марабай нұсқасын таба алмай отырмыз. Көмектесе аласыздар ма?

жанбота

мен қатысамын əр оқушы неше беттен айтады

Аяжан

жырды толыктай жаттау керек. казак эпос сайтынан алуга болады

Асылнұр

Мəссаған,керемет жоба екен. Мен міндетті тұрде қатысамые. Интернетке тəуелді заманда жақсы осындай жобалардың болғаны

Акерке Сейдраманова

Мен осы сайысқа дайындалып жатырмын. 107 беттік жырды жаттау әрине оңай емес екен. Енді 35 бетті жаттадым. Ауданнан мектепке жыр жіберелуы тиіс. Қарсыластар өте мықты! Сондықтан жақсылап дайындалап жатырмын. Сіздерге де сәттілік тілеймін .

Акерке Сейдраманова

Менде жарысқа дайындалып жатырмын Ауданнан мектепке жыр жіберелуы тиіс. Қарсыластар өте мықты!

Инабат

Мен жарысқа қатысатын болдым соған Астанаға шығарма жазу керек

Сабира

Мен де сайыска. Дайындалып жатырмын

Ақерке

Кандай шығарма жазу керек ?

Айко Асемжан

Керемет екен мен осы байкауга катысып журмн 100 бет жаттадымм

Жанна

Мен осы байқауға қатысамын қазіргі таңда 35бет жаттадым.

дина

өте көп рахмет

Хан долл

өте керемет керек боп тұр ед.

Арайлым12

Ия уақыт өте аз. Бірақ облыстық нешесі болады?

Маржан

Менде осы жарысқа қатысамын! Мен бұл жарысқа тас түйін дайынмын дайындық жүріп жатыр

Маржан

Менімен сайысатын балаларға абайла деп ескертемін

Маржан

121бет жаттадым

Ұлпан

Қай жерде,кай кезде болады уак
қытын білсем бола ма? Мен жаттап жатырмын

Ұлпан

Өте жақсы ұйымдастырылған, мен қуаныштымын.Уақытын ,мерзімін білуге бола ма?

Бако

Ой айналайындар мен бәрін жаттап қойдым

акбота

бәрі керемет дайындык жаксы жүріп жатыр баска карсыластарыма саттилик сайыс кузге шегерілген дайындалуға мүмкіндік бар

Роза

Сайыс өтсе екен Оқушым жаттап алды бəрін Тек уақытында болмай қалды Сол сайыстың болтынына кім кепілдік бере алады

Роза

Біз жаттап алдық Сайыс болмай қалды Сайыстың анық күз мезгілінде болатыны туралы жаңа хабарлама жарияласаңыздар екен Балалар алаңдап күдіктеніп жүр Дайындықты əлсіретіп алмас үшін мен оқушыны қалай сендіремін

Роза

Менің оұушым бəрін жырдың жаттап алды Сайыс болмай қалғандықтан ренжіп қалғанымызды жасырмаймыз Оқушым бұл сайыстың күзде өтетініне сенбей отыр Осы сайыс туралы тағы жаңа хабарлама жазсаңыздар екен Мен жаздай қайталауға оқушымды сендіре алмай отырмын

Дариға

Бұл сайыс өтіп кетті емес па

Аружан

Бул сайыс мен ушын керемет сайыс

Аяжан.

Керемет. Жоба. Екен

Набиева Ганибет

Бұл сайысты ұйымдастырушыларға мен және ата-аналар қатты өкпеліміз. Жарыс болады дегеннен бері жаттап дайындалдық. жырды толық жаттадық. Бірақ сәуіріміз мамыр болды одан қыркүйек, қазан деді ақыры болмай қалды. Оқушым сабақ бойы одан жаз бойы жаттап соңында ұйымдастырушылардың шалалығынан шаршап кетті. Айтарға сөзім жоқ. "Хабар" телеарнасының қатысуы, қолдауы арқылы болады дегесін әділ болады ғой деп сеніп қалдық. Ұйымдастырушыларға қатты ренжуліміз! Неге өткізілмей қалды, өткізілген болса бізге неге хабар айтылмады? Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылына. Пікіріме жауап бререр деп ойлаймын.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар